Туған сіңлім мен қайным көңіл қосып жүр

Туған сіңлім мен қайным көңіл қосып жүр

Осы жайды алғаш білгенде есеңгіреп қалдым. Менің пайымдауымша, туған құдаша мен құда баланың ортасында мұндай жағдай болмауы тиіс. Сіңліме не дерімді, қайныма қалай айтарымды білмеймін. Екеуі терең кетіп қала ма деп те қорқам. Ондай жағдай орын алса, дос-дұшпанға күлкі болмаймыз ба? Онда, ауылдағы ата-анамыз елдің бетіне қалай қарайды? Не істегенім дұрыс? Бәлкім «Алаш айнасы» оқырмандары ақыл қосар деген үмітпен жағдайды баяндағалы отырмын (аттарды өзгертіп жазып отырмын).

Біз Айдар екеуміз де басқа өңірденбіз. Алматыда оқып жүріп танысып, отбасын құрдық. Қызметті де осы қаладан тауып, осында тұрақтап қалдық. Ата-аналарымыз қол ұшын беріп, үш бөлмелі пәтер алдық. Қазір бір ұл, бір қызымыз бар. Айдардың інісі біздің қолымызда тұрып оқып жүр. Ол биыл төртінші курсты бітіреді. Маған көмектеседі деп былтыр мектеп бітірген сіңлімді осында алдырып, колледжге оқуға түсіргенбіз. Бір жағынан ата-анама да көмек. Өйткені сіңлімнің оқу ақысын біз төлейміз.

Демалыс күндері Мөлдір (сіңлім) мен Дастанды (қайным) қолдарына ақша беріп, кешке қыдыруға жібереміз. Ондағымыз «Мөлдір қаланы көрсін-білсін» деген ой. Дастанға «сендер бір-біріңе туыссыңдар, Мөлдір сенің қарындасың, қамқор болып жүр» деп тапсыратынбыз. Бізге «ол екеуі көңіл қосуы мүмкін-ау» деген ой да келмепті. Біздің пайымдауымызша олай болуы мүмкін емес. Алайда біз жаңылысқан екенбіз.

Жаңа жылда Мөлдір де, Дастан да өз ауылдарына, ата-аналарына барып қайтты. Келіскендей екеуі бірге келді. Сол күні біреуінің пойызы таңертең, біреуінің пойызы кешке қарай келетініне де мән бермеген екенбіз. Кейін естідім, екеуі бір күн бұрын келіпті. Қайда болғандарын білмеймін. Демек сол күні екеуі бірге болған болуы да мүмкін. Ауылдан әкелген етті асып кешкі тамақтың әуресімен әрі-бері жүгіріп жүргем. Қонақ бөлменің қасынан өте бергенде Дастан мен Мөлдір құшақтасып отырған сияқты көрінді. Өтіп барып, қайта бұрылдым. Жоқ. Екеуі қатар жайғасып, теледидар тамашалап отыр екен. Іштей «е, маған солай көрінген екен ғой» дедім де қайта өз шаруама кеттім.

Кіші ұлымыз біздің қасымызда жататын. Мөлдір қызымызбен бір бөлмеде. Дастан қонақ бөлмеде ұйықтайтын. Өткен 8 наурыз мерекесі қарсаңында, түн ортасында өз-өзімнен оянып кеттім. Біреулердің дауыстары естілгендей болды. Алғашында «Дастан әлі теледидар қарап жатқан екен ғой» деп ойлағам. Өйткені, ол үнемі түннің бір уағына дейін теледидар қарайтын. Алайда, теледидардың жарығы байқалмады. «Даладан келіп жатқан дауыс па екен» деп құлақ түрдім. Жоқ. Дауыстар үйдің ішінен шығып жатқан сияқты. Сонан соң орнымнан тұрып, дәлізге шықтым. Дауыс Мөлдір мен қызымыз жатқан бөлмеден шығып жатыр. Әлі қызымыз Мөлдірмен әңгімелесетін жаста емес. Оның үстіне түн ортасы. Тың тыңдап сәл тұрдым. Бөлмеден ер адамның даусы естілетін секілді. Ақырын барып есікті аштым. Сенер емеспін, қыздардың бөлмесінде Мөлдірмен қатар Дастан жатыр. Мені келер деп ойламаған болса керек Дастан орнынан атып тұрды. Абырой болғанда киіммен жатыр екен. «Жай сөйлесіп жатқанбыз» деп бөлмеден шығып кетті.

Шамды жақтым. Құдай әбүйір беріп, Мөлдір де киіммен жатыр екен. Ол да «жай сөйлесіп жатқанбыз» деп ақталды. Ол кезде де жаман ойламадым. Әйтсе де жүрегімде бір күдік ұялады. Мөлдірге түн ортасында қыздардың бөлмесіне бөтен еркек түгілі әкесінің де рұқсатсыз кірмейтінін айтып түсіндірген болдым. «Туыс болған соң ештеңе ойламаппын» деп мені сендірді. Бірақ сол кезде сіңлімнің мені алдап тұрғанын қайдан білейін?!

Наурыз мерекесі қарсаңында Дастан ауылға кетті. Маған Дастан кеткен соң Мөлдірдің көңіл-күйі болмай жүрген сяқты көрінді. Өзінен сұрап едім, «құрбыммен ренжісіп қалдым» деді. Болса, болар деп ойлағам. Бірақ Мөлдірдің көңілсіз жүргенінің шынайы себебін келесі күні кездейсоқ білдім. Кешке қарай Мөлдір душ қабылдап жатқан. Ұялы телефонына хабарлама келді. Жай қарай салғам. Хабарлама Дастаннан келіпті. Неге екенін хабарламаны аштым. Біреу төбемнен суық су құйып жібергендей болды. «Жаным, айым, күнім...». Тұнған махабат дастаны. Не істерге білмей, састым. Менің ашып оқығанымды біліп қоймасын деп хабарламаны өшіріп тастадым да, телефонды орнынан қойып, бөлмеден шығып кеттім.

Содан бері көңілім алаң. Бұл жағдайды Айдарға айтуым керек пе? Ол қалай қабылдайды? Бәріне Мөлдірді кінәлап жүрмей ме? Жоқ әлде жар салмай-ақ Мөлдірге түсіндіріп айтсам, ақылға келе ме? Не болмаса, әке-шешеме айтып, Мөлдірді ауылға қайтарып жіберуім керек пе? Немесе, Айдар Дастанмен сөйлесуі керек пе? Әбден басым қатты. Бұл жағдай Айдар екеуміздің арамызға да салқынын тигізіп жүре ме деп те қорқам. Айтыңыздаршы, қалай істегенім дұрыс?

Назым,
Алматы

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста