Туған бөлелер отасып, өмірлерін өксітті

Туған бөлелер отасып, өмірлерін өксітті

Қазақта жеті атаға жетпей үйленбейтін жазылмаған заң бар. Кей жағдайда осы бір қасиетті заңымызды ескере бермейтіндер табылып қалады. Зайырлы қоғамда заңды бұзған жазаланады. Сол сияқты қазақ ұлтының жазылмаған заңын бұзу да жазасыз қалмайды екен. Осыған өзім куә болдым. Жастарымызға сабақ болар деген ниетпен осы оқиғаны «Алаш айнасы» оқырмандарының назарына ұсынып отырмын.

Ол кезде мен 14-15 жастағы бозбала болатынмын. Бұл 70 -жылдардың бас кезі. Бір күні есік алдына «Запорожец» автокөлігі келіп тоқтады. Көліктен таяққа сүйенген қарт кісі мен жас жігіт түсті. Байқағаным ақсақалдың түрі әкеме қатты ұқсайды екен. «Есіргептің үйі осы ма?» деп сұрады. Менен «иә» деген жауапты естіген соң «үйде кім бар?» деп жүре сөйлеп үйге қарай беттеді. Анам ол кісілердің алдынан шығып күтіп алып, үйге кіргізді. Түс кезінде үйге әкем де келді. Кейін білдім, таяқ сүйенген ақсақал атамның (әкемнің әкесі - Мырзатайдың) жиені Сырман деген кісі екен. Яғни, атамның апайының ұлы. Ал жас жігіт ақсақалдың кенже баласы. Ақсақалдың ұлдан өзге тағы төрт қызы бар екен.

Атам Мырзатай 1941 жылы соғысқа аттанып, содан із-түссіз жоғалып кеткен. Папам жастайында анасынан, 15 жасында әкесінен айырылған. Сол бір аласапыран заманда туыстардан қол үзіп қалған. Соғыс бітіп, ел еңсесін тіктеген соң атамның жиені Сырман ақсақал нағашыларын іздей бастайды. Тек 70 жылдардың басында нағашысы Мырзатайдың артында Есіргеп деген баласы қалғанын, оның осы ауылда тұратынын біліп, іздеп келген екен. Содан бастап біз ол кісілермен жақын араласып кеттік.

Көп ұзамай Сырман атаның жалғыз ұлы Ермек үйленді. Алайда, Алла Сырман атаға ұлдан туған бір немерені ғана көруді жазған екен. Немересі дүниеге келген соң Сырман ата көп ұзамай қайтыс болды. Ажал деген сұм тажал біздің шаңыраққа да келді. Аяқ асты әкем анауқастанып, бір жылдан соң көз жұмды. Ол кезде мен институттың екінші курсын тәмәмдағам. Қайтыс болар алдында әкем бізді шақырып алып, «Сырман атаның балаларымен қарым-қатынасты үзбеңдер» деп аманат етіп кетті.

Институт бітірген жылы мен Сырман атаның үйіне алғаш рет бардым. Бұрын меннен он жас үлкен ағам жиі қатысып тұратын. Сол жылы қан қысымы қатты көтеріліп инсульт алған анам үш күн тілсіз жатып бізден мәңгіге жырақтап кете барды. Қайтыс болардан екі ай бұрын анам әкемнен қалған «Жигули» автокөлігін менің атама жаздырған еді. (Бәлкім сол кезде Алла бірдеңені сездірді ме екен?!).

Астымда көлік болған соң әкемнің аманатын орындап, Сырман атаның үйіндегі жиын тойдан қалмай барып жүрдім. Сондықтан ба, арамыз 4-5 жас болса да, Сырман атаның баласымен жақын араласып кеттім. Ермектің үш перзенті бар еді. Бірақ үшеуі де жарымжан. Үлкен қызы ақыл-ойы кеміс, өздігінен тамақ та іше алмайды, сөйлей де алмайды. Одан кейінгі ұлы үстін алапес басып кеткен, сана-сезімі өз қатарынан артта қалған. Кіші қызы да ақыл-ойы кеміс. Сөйлеген сөзін түсіну қиын. Тамақты да төгіп-шашып ішеді. Жиі араласқан соң жақын тартты ма, бір күні ішіндегі сырын айтты. Оған дейін неліктен үш баласының үшеуі бірдей жарымжан екенін сұрауға мен де батына алмай жүргем. Сол бір сырды Ермектің өзі ашты.

Балалардың үшеуінің бірдей мүгедек болуының сыры Ермек пен әйелінің жақын туыс болғанында екен. Ермек пен әйелі туған бөлелер. Айтуынша, аналары арамыз ажырап кетпесін деп балаларын үйлендірген. Алғашқы баласы кеміс болып туылғанда дәрігерлер оны туыстықтың салдары деп тапқан. Ажырасып, басқа отбасы құруға кеңес берген. Алайда балалар ажырасса арамыз бөлініп кетеді деген аналары балаларының ажырасуына рұқсат бермеген. Екінші баласы дүниеге келгенде, дәрігерлер «не ажырасу керек немесе бала тумау керек, өйткені екеуіңнен туған баланың дені сау болмайды» деп айтады. Алайда Ермектің анасы «енді екі мүгедек баламен қалай қойып жібересің, туыстығымыз не болады?!» деп Ермекті ажырасам деген ниетінен қайтарады.

Бәлкім дені сау болып туылар деген үмітпен үшінші баланы дүниеге әкеледі. Алайда, үміттері ақталмайды. Осы кезде Ермектің жүйкесі сыр бере бастаған екен. Соңғы рет көргенімде осы бір сырын ашып, шарасыз күйге түсіп жүргенін айтқан еді. Арадан екі апта өтпей, «Ермек асылып өліпті» деген суық хабар жетті. Жерлеуге жиналған елдер «япырмай, жап-жас жігіттің мұндай қадамға баруына не себеп болды екен?» деп бір-бірінен сұрап таңданыс білдіріп жатты. Соған қарағанда ішкі сырын менен өзге ешкімге ашпаған ау деп ойладым.

Ермектің жылы болмай жатып анасы да дүние салды. Үш мүгедек баламен жесір әйел жалғыз қалды.

Негізі қазақтың жеті ата деген қағидасын ескерген абзал. Егер ата-анасы осы қағиданы ескергенде, Ермектің тағдыры мүлде басқаша болар ма еді? Бірінші баладан кейін-ақ ажырасқанда екеуі де өз бақытын табар ма еді? Үш бірдей баланың тағдыры не болмақ? Оған кімді кінәлауға болады?

Жалпы жастарға айтарым, қыз бен жігіт танысқанда руын, тегін сұрау қажет. Ру бөліну үшін емес, білісу үшін сұралады. Сирек те болса, кейде болары болып, бояуы сіңген соң бір рудан екені белгілі болып, өздерін де, ата-анасын да қиын жағдайға душар етіп жататын жастар кезігіп жатады. Ал ондайларды алда қандай тағдыр күтіп тұрғаны бір Аллаға ғана аян. Сондықтан сұрасып, біліскен жөн. Өрімдей өмірлеріңізді өксітіп алып жүрмеңіздер!

Дәулетбек Диханбеков, Сарығаш ауданы
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста