Сезімтал аймақтар
Төсек ләззатындағы талғам әрқайсысымыздың ерекшеліктерімізге байланысты сан алуан болып келеді. Біреумізге ұнағаны енді бірімізге жат, қолайсыз көрінеді.
Сүйген әйеліңнің балғын денесінің қандай жерін сипаласаң да, уқаласаң да тіпті жай ғана емеурін танытып қол үшін тигізсең де сол жерлері сезімтал келеді. Енді міне сіздер мамық төсек үстінде жалаңаш дерлік жатырсыз. Жалаңаш дерлік дейтінім сіздердің жыныс мүшелеріңізді жауып тұратын лыпаларыңыз әлі де шешілмегені абзал. Бұл тек қана тәтті сәттерді созуға мүмкіндік беріп қана қоймай, ышқыр астына қол жүгіртіп бір-біріңіздің мүшелеріңізді ұстау, уқалау, аймалаудың өзі сіздерді қатты қоздырады. Бұл жағдай қатынас алдындағы көрпе асты ойынының ажырамас бөлігі деуге болады.
Еркектің салалы саусақтарын әйел баласының ышқырының астында сезінуі оны толқытып, толғандыратын керемет қимылдар. Оның тәні рақатқа кенеліп мейірлене түседі. Ал еркектің лыпасының астында әйел саусақтарының саралауы оның қозып түрегеле бастаған аспабын ұстап сезінуі де ғаламат жыныстық қоздыруға әкеледі.
Ал егер де ерекше сезімтал жерлерін сипалағанда, ерінмен өпкенде, тілмен жалағанда адам баласының жаны жай тауып, айрықша ләззат алады. Құлаққа ерін тигізіп оны құшырлана сүйіп, құлақтың сырғалығын сорып, онымен ойнар болсаңыз, әйел мұндай еркелетуден бойы балқып, балбырап жақындасуға бір табан жақындай түседі. Ал мұндай сипалау, сору, денесін уқалау көбейе түскен сайын әйелдің бұла денесі рахаттанып, тәні түйсініп, өзінің сүйгенін қапсыра құшақтап бірігіп кетуді аңсайды. Ал төсек ләззаты туралы сөз қозғаудың алдында сезімтал (эрогендік) аймақтар (ләззат аймақтары) жөнінде айтпасқа болмайды.
Ер адам әйелге төсек үстінде еркелете сөйлеп, құлақтарына сыбырлап ұнамды сөздер айтқаны абзал, өйткені әйелдер «құлағымен сүйеді», яғни олар жылы сөздер айтқанды жақсы көреді.
Сезімтал аймақтардың бірі – әйелдің қос анары. Анардың ұшының сезімталдығы көптеген әйелдерді қарсы тұра алмайтындай құштарлыққа алып келеді. Емшектің үлкен-кішілігі мұндай әсерге еш ықпалы жоқ, сондықтан қолыңызбен сипалап, кейде аялай мытып, ал ұштарын сорып, қайтадан жіберіп ойнасаңыз, емшектер көтеріліп қатая бастайды, сөйтіп әйел аңсары ауып төсек тоятына бір елі болса да жақындай түседі.
Әйелде болсын, мейлі еркекте болсын жыныстық қозуды және жақындасуға құштарлықты арттыратын да осы сезімтал аймақтар. Еркекте – ол еркектің ұлы мүшесінің басы және ұмасы, үлкен дәрет шығатын тесік пен ұманың арасы. Әйелдерде – шүртекей (клитор), сыртқы жыныстық органдары, қынаптың кіре берісі және қынап, әсіресе жатыр мойнының қынап бөлігі, яғни – қынаптың «түбі». Сонымен қатар, әйелдің сезімтал аймақтарына емшектің ұштары, екі емшектің ортасы, бөксенің ішкі жақтары, желкесі, иегі, еріндері, мойны, құлақтың сырғалығы және т.б. кіреді.
Шүртекей ең бірінші сезімтал аймақ болса, ал қынап маңыздылығы тұрғысынан екінші орында тұрады. Дегенмен, ер адам осы екі сезімтал аймаққа және басқа аймақтарға жыныстық қауышуға дейін және оның барысында аса мән беруге тиіс.
Ер адамдардың көбісі өз аспабын асыл тұңғиыққа бойлатуға асығып оның жағалауындағы бал құраққа мүлде мән бермейтіні белгілі, ал кейбіреулері мұның не екенін білмейді де.
Көбінесе еркектердің қателігіне орай, олардың өздерін билей алмағандықтан, шауһатын тежей алмауына байланысты туындайтын жұбайлар сәйкессіздігі көзге көрініп тұрады. Бұл бізде жиі кездеседі. Қазіргі деректерде тән құмарын қандыра алмай жүрген әйелдер туралы көп айтылады. Бірін бірі разы еткен төсек тәттілігі, шындығында, қазірде көптеген әйелдің арманына айналған.
Т.Қ. Бесбаев. «Төсек ләззаты» кітабы