Такси ұстап, жігітпен танысып, мауқын басады

Такси ұстап, жігітпен танысып, мауқын басады

Ажырасқанына 10 жыл болған құрбыммен жолықтым анада. Бір баласы бар. Бірақ екінші рет тұрмысқа шықпапты. Енді біреуін бар ма десем, жоқ дейді. Төсек мәселесін сонда қалай шешесін дедім мен де таң қалып.

Сөйтсем ол такси ұстап, жігітпен танысып, мауқын басады екен. Бірақ соңғы кездері одан да жалыға бастапты. Өйткені Lada Grantaлар шаршатты дейді өз әңгімесін осылай бастаған құрбым.

Сөйтсе жоқтықтан соң, жалқау болғаннан соң, кредиттерін жаба алмаған соң ажырасқан ғой ол алдында күйеуімен.

Бірақ басқа еркекті пайдаланып, өмір сүру оның ойына келмеген. Дегенмен табиғатқа қарсы тұра алмапты. 1-2 жылдан соң еркек іздей бастапты.

Алматыда қала сыртында тұрады. Жұмысқа таксимен барады. Таңертең таранып-жасанып шығады жол бойына.

Таксист келісті еркек болса деп тілейді екен іштей. Отырып алған соң айнадан жүргізушіге өліп-өшіп қарайтынға ұқсайды. Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзібейді деген рас. Әйелдің өзі қылмыңдап тұрса есі дұрыс еркек кет әрі дей қоюшы ма еді. Ондағы мақсатым — танысып, бір рет болу онымен дейді өзі.

Шын атын айтпай, өзге есімді айта салады екен. Сағатына пәтер жалдаса, жақсы дейді. Ішіп-жеп, көңіл көтеріп, төсек ләззатына батасын. Алайда кейбірі несиесі барын, ақшасын жоғын айтып, тура көлік ішінде болайық дейтінге ұқсайды. Көбісі кредитке Lada Granta сатып алғандар дейді.

Осындай бір сорлыдан әрең құтылсам деп ондайда жыным келеді. Жолы болмағыр күйеуімді есіме түсіріп, барлық көңіл-күйім құриды, мұндайда түк істемепті деген күйеуімнің бір пайдасы болғанын, әрине ұғынып қаламын. Содан күйеуіммен қайта қосылсам ба деп жүрмін. Ол ауылға кетіп қалыпты. Кредитін жаба алмай, көлігін сатыпты. Енді ауылға барып тұрам ба білмеймін деп қояды.

Неткен ирония. Бірақ бұл қазіргі шаңырағы шайқалған қазақ отбасындағы шындық. Бар ауылға деп ақыл бердім құрбыма. Мұным дұрыс па?..

 

Айжан, Алматы қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста