​ШЫНАЙЫ сүйіскендердің АЛАҚАНЫ ТЕРЛЕП кетуі керек

Ал жасы белортаға таянғандар үшін сүйісу қажет пе?

Елуден асқан, қарттықтың етегіне іліне бастағандар үшін махаббат, сүйісу дегендер қажет пе?! Қызық сұрақ, ә?!

«Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деген Абайдың сөзінің өзі адам мен хайуанатты осы бір сезім ғана ажырататынын білдіріп тұр. Махаббат қай жаста болсын, керек.

«Қарттарда қандай махаббат?» десеңіз, қателесесіз. Иә, жас келе сезім суи бастайтын шығар, бірақ ол өзгеше бір ыстық ықыласқа айналуы мүмкін. Әдетте, әйелдердің сексуалды шыңы 35 жас болса, ол одан кейінгі жылдары түсіп кетпейді. Керісінше, сол шыңды 20-30 жыл сақтап қалып жатады.

Қызықты дерек!

  • Әлемде әйелдердің үштен бір бөлігі 60 пен 80 жас арасында күйеулерімен қалыпты жыныстық қатынасты сақтап қала алады екен. Сондай-ақ, жас кезіндегідей оргазмды да сезіне алады.
  • Отбасылық өмірінде бақытты болған адамның ажалы алдындағы соңғы қалауы көбінше ыстық та тәтті сүйіс болатын көрінеді.
  • Еуропада «Сүйісу күні» деп, ол жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді екен.

СҮЙІСУ?!

Жалпы, сүйісудің тарихы тым тереңде. Оның қалай, қайдан шыққанын ешкім анықтай қоймаған болар, сірә. Дегенмен, сүйісудің адамның өзін біреуге байлаулы, ынтызар екендігін білдіретін әдіс. Сүйісу – әдетте кездесу мен қоштасу сәтінде орындалатын іс-әрекет. Кейде ерікті, кейде еркінен тыс орындалып жатады.

«Қалай сүйісу керек?» деген сауалдың да көп қойлатыны белгілі.

Ғылыми зерттеулерге сенсек, сүйісудің орташа ұзақтығы 12 секунд екен де, ол үшін беттің 34 бұлшықеті жұмыс істейтін көрінеді. Қан айналып, гормондар бөлінетін бұл сәтте 20 ккал «өртеніп» кетеді екен.

Ал әйгілі махаббат кітабы Камасутраның дерегінше, адамдар дұрыс әрі шынайы сүйіскен болса, онда олардың алақаны терлеп кетуі тиіс. Өте қызықты дерек...

Жас ұлғайғанда сүйісудің керегі бар ма?

Әрине, махаббат, сезім дегендер «керек пе, жоқ па?» деген қағидаларға сыймайтыны белгілі. Бірақ пайдасына келетін болсақ, сүйісу тек жастық шаққа қарағанда қартайғанда пайдасы орасан екенін алға тартады мамандар. Сол үшін де зерттеулер жүргізіп көрген. Қартайғандағы жыныстық қатынас ең бірінші мидың жұмысын жақсартып, ұмытшақтықты жеңетінін немістің Росток университетінің зерттеушілері анықтапты. Жыныстық қатынастан ерте қол үзгендер мен шашының ақ қырау шалғанына қарамастан бойында сезім мен құмарлық, махаббаты тасып тұрғандардың арасында ақыл-еске байланысты айырмашылық жер мен көктей болып шығыпты. Әлбетте, жыныстық қатынастан қол үзбегендердің есте сақтау қабілеті мықты болып шыққан. Ал АҚШ елінің оқымыстылары жыныстық қатынасқа теріс көзқарасы бар жасы келген адамдардың ұмытшақтыққа басқаларға қарағанда ерте ұшырайтынын және ақыл-есін де ертерек жоғалтуы мүмкін екендігін айтады. Тқсектен жиі тоят тауып тұратын жасы келген жұптар өміріне өкпесіз, бақытты ғұмыр кешетіні де дәлелденген. Ал жалпы, сүйісудің қай жаста да пайдасы көп екендігін және оның өмірді ұзартатынын мамандар жиі айтады. Қайткен күнде де, өмірдегі қалаулы, сүйікті, тағдыр ұштастырған адаммен тән қалауының рұқсат етілген барлық ләззатын сезіну – денсаулыққа пайдасынан бөлек, жан-дүниені тыныштыққа бөлегенінің өзі не тұрады?! Ендеше, алпысқа келіп аттан түспей, жетпісте де сезімге ерік беріп, сексенде де сүйікті болғанға не жетсін?!

Шетел басылымынан қазақ тіліне аударылды

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста