Шымкент тұрғыны кезінде өзі «басын айналдырып» тиіп алған күйеуінің қазір ажырасқан әйелдің соңында жүргенін айтты
Шымкенттік Д… есімді келіншек күйеуінің ажырасқан әйелдің соңынан жүргенін айтты. Оның сөзінше, күйеуі жұмысына жаңадан келген ажырасқан, екі балалы әйелді жақсы көріп, түрлі сыйлықтар берген. Алайда ол сыйлықтарды алмайтын көрінеді. Күйеуінің әлі күнге жалақысының соңғы тиынына дейін өзіне әкеліп беретінін сөз етті Д… есімді оқырман, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Шымқаладан Алматыға арман қуып келіп, көрші кыздың ағасын ұнатып қалдым. Көрші қызбен жақсы араласып жүріп, ағасын қаратып алдым. Өте момын жігіт еді. Анда-санда кездесіп жүрдік, арамыз жақындай түсті. Солай жүріп жүргенде жүкті болып қалдым. Бала жігітімнен болған соң, қайта-қайта айтып жүріп, жігітімнің көшіп келдім.
Содан бері де он жыл өте шығыпты. Қазір екі баламыз, тұрақты жұмысымыз бар. Пәтер жалдап тұратынымыз болмаса, жағдайымыз жаман емес. Күйеуім осы уақытқа дейін қол көтерген емес, тапқанын тиынына дейін санап қолыма ұстатады.
Ол мені ақшаны қайда жұмсадың, қайда бардың деп тергемейді де. Мен өзім пысықтаумын, көп нәрсені өзім шешем. Басқа еркектер секілді орынсыз қызғанып, қысқа киме, боянба деп те миымды жемейді. Бірақ он жылдан бері бірге тұрып келе жатсақ та, «жаным» деген жылы сөз айтып, еркелеткен емес.
Өткен жаздан бері күйеуім қатты өзгерді, жүдеп те кетті. Кешке жұмыстан келіп, үнсіз жатып қалады. Біраз уақыт оған не болып жүргенін түсіне алмай жүрдім. Бірнеше апта бұрын онымен бірге істейтін қызбен сөйлестім. Ол қыз жақында олардың ұжымына жасы 25-тен асқан екі баласымен ажырасқан өте көрікті бір келіншектің келгенін айтты. Оның айтуынша, әлгі келіншектің мінезі өте жақсы, өзі сұлу екен. Оның күйеуі өзге қызды екіқабат қылып қойған соң, бұл екі баласын алып күйеуінен кетіп қалыпты.
Өзінше ешқандай еркекке қарамайды екен. Менің күйеуім сол келіншекке ғашық болып қалғанға ұқсайды. Күйеуімнен күдіктенгендіктен телефонын аңдитын болдым, тіпті паролін бұзып кіріп, оған жазған хабарламаларын оқыдым. Күйеуім сол әйелдің артынан екі ай жүгіріпті.
Әлгі келіншек өтірік көнбегенсіп, «әйеліңізге караңыз, күнә жасамаңыз, егер соңымнан жүгіргеніңізді қоймасаңыз, жұмыстан шығам» деп жазган екен. Менің күйеуім сонда да қоймаған соң, ол ақыры жұмыстан шығып кетіпті. Күйеуім оның адресін тауып алып, әлі де соңынан жүр екен.
Балаларымның әкесі бізді ұмытып, екі баласы бар әйелге сонша ғашық болып, соңынан жүгіріп, өмірі маған айтып көрмеген сөздерін соған айтқанына ішім күйді. Бірақ күйеуімнің әлгі әйелді соншалықты жақсы көретінін біліп тұрғандықтан оған ештеңе айта алмадым. Өйткені ол әлі де тапқанының бір тиынын да қалдырмай маған әкеп береді. Анау әйел де оған «маған сыйлық жасамаңыз, табысыңызды әйел, бала-шағаңызға апарып беріңіз» деп жазатынын қайтерсіз. Ол айтпаса, менің күйеуім бізді ойланбай тастай салатын ойы бар.
35 жасқа келгенде күйеуімнің өзге әйелді жақсы көріп қалғанын түсіне алар емесін әлі де. Мен оған қазір ажырасайық десем, қуана-қуана кетіп қалатын секілді. Енді не істеймін? Осылай ажырасқан келіншектер айрандай ұйып отырған отбасыларды бұзатын болды.