Сүйіктімнің әйелін аяймын

Сүйіктімнің әйелін аяймын

Он екі жылдан бері отбасы бар ер азаматпен кездесіп жүрмін. Екеуіміз бір мектепте сабақ беріп жүріп танысқанбыз.

Сол кезден бастап жұбымыз жазылған емес. Ал осыдан үш жыл бұрын сүйіктіме қыз сыйлаған едім. Мұның бәрінен отбасы бейхабар…

Екінші жартымның мектеп жасындағы үш ұлы бар. Әйелін мүлде сүймейді. Айтуынша, жан досының қарындасы оны ұнатып қалып, артынан қалмай қойған. Бетін қайтаруға ұялғандықтан сүйіктім онымен кездесіп жүріпті.

Қызды тастап кетіп, досының көңілін қалдыруға жүрегі дауаламапты. Солай қаламаса да сүймеген жанға үйленуіне тура келген. Бұл сүйіктімнің айтқан ақиқаты.

Екеуіміз бір-бірімізді кездестіргеннен бері менің де оның да өмірі 180 градусқа өзгере кеткен. Әу баста екеуіміз өзгелердің көзінен таса жерде, Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде кездесе бастадық. Бос уақыт табыла қалса оны бірге өткізуге тырысатын едік.

Ал мұның барлығын оның әйелі білмейтін. Тіпті, әлі күнге дейін сезіктенбейді де. Ал мен өзгелерден жасырынып өмір сүруден шаршадым. Мен де күйеуіммен қолтықтасып бірге қыдырғым келеді. Бір жастықта бірге ұйыптап, таңды бірге атырғым келеді. “Біреудің күйеуіне көз салғанда осыны неге ойламадың” дейтін боларсыздар?! Айтайын, ол кезде (бірге жүре бастаған сәтте) махаббаттан басым айналып, моральді ойлайтын хәлім болмапты. Ал енді  Сүйіктімді өзге әйелмен бөлісуіме тура келеді. Мұны ойласам одан әрі жындана жаздаймын. Бірнеше жылдан бері ажырасуын өтініп келемін. Ал ол әйелін жақсы көрмесе де үш баласын тастап кете алмайтынын, олардың толыққанды отбасында өскенін қалайтынын айтты. Ал менің қызыма әке керек емес пе? Ол толыққанды отбасында өспеуі керек пе? Ата-анасы бірін-бірі сүймей, қадірлемесе, ондай отбасыдан бала бақытты бола ма? Соңғы кездері екеуіміз бір-бірімізді түсінуден қалдық. Бірақ төсекте менімен бірге тоят тапқан соң ба, әлде сезім бе қайта айналып келе береді. Тіпті етеккірім келіп жүрген кезде келсе де бас тартпаймын. Жиіркенбеңіздерші, ол үшін барлық амалын ойластырып қойғанбыз.

…Кейде әйеліне өзім-ақ барып бәрін айтсам ба деймін. Алайда бір жағынан қорқыныш, бір жағынан аяушылық сезімі жібермейді. Оны да аяймын. Ол да біреудің аялап өсірген қызы ғой. Менің де қызым өсіп келеді. Қызымның өмірінде мұндай жағдайдың болғанан қаламаймын. Ал, мен ше??? Өмірім не болмақ?

Мен енді не істеймін? Ақыл қосыңыздаршы? Ары қарай өмір сүру үшін араларыңызды отбасы істерін қарайтын психолог, коуч болса ақыл берсеңіздер екен…

syrlasu.kz


Дереккөз: el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста