Сүйгенім сұмырай болып шықты

Сүйгенім сұмырай болып шықты

Мен бұрын соңды газет немесе журнал қарап біреудің өмірі жайлы оқып, оның қайғысына ортақ болып көрген адам емеспін. Құрбыларым адам жаны ашитын оқиғаны айтқанда, оған аса мән бермейтінмін. Керсінше, ойнап жүріп от басқан адамды кінәлайтынмын. Мен жиырма тоғыз жасқа дейін қателік деген нәрсені жасап көрмеген едім. Өмірімнің соңына дейін қателікке бой алдырмаймын деп ойлаушы едім. Бірақ, менің бұл пікірім қате екен. Ойланбай жасаған бір қателіктің зардабын өле-өлгенше арқалап өтеді екенсің. Мен де абайсызда от басқан жанның бірімін.

Өмірімде болған жүрегімді сыздатып, көкірегімді кернеген өкінішті басатын осы оқиғаны «Алаш айнасы» порталының «Отбасы – ошақ қасы» айдары арқылы бөліскім келеді. Менің басымнан өткен жайттар біреуге сабақ болар деген ойдамын. Сіздерге түсінікті болу үшін бәрін басынан бастап баяндап беруді жөн санадым.
Мен Сарағаш ауданында дүниеге келдім. Отбасым да қарапайым еді. Ата-анам бізге барынша қатал болды. Өзге қыздар секілді кешкі кешке де бармадым. Сыныптастарыммен бірге отырысқа да барып көрмеппін. Керек десеңіз қыз секілді сызылып жігітпен де жүріп көрмедім. Мектепті үздік бағамен бітіріп - «Алматы, қайдасың?» деп алып шаһарға оқуға жол тарттым. Жолым болып оқуға еш қиындықсыз түсіп кеттім.
Студент болып жүрген кезде де қыздармен бірге той-думандатып жүрмедім. Сөздің ашығын айтқанда, жоғары оқуды, магистратураны бітірігенше жігітпен жүрмек түгілі сүйісіп те көрмеппін. Бар ойым оқуымды қызылмен бітіру болды. Армандаған қызыл дипломға да қол жеткіздім.
Оқуымды бітіріп ауылға барып «Саматжан ағаның қызы екі оқуды да қызыл дипломмен бітіріпті» деген атқа ие болдым. Ауыл-аймақтың, көрші-қолаңның осы сөзіне масайрап жүре беріппін. Қасыма жақындаған жігіттерді көзіме ілмедім. Олардың шынайы махаббатына күле қарадым. Оқуды бітіргенен кейін адал еңбек етіп жұмыс жасау бар ниетім еді. Ол ниетіме де қол жеткіздім.
Себебі, өзім оқыған Университетке оқытушы болып жұмысқа орналастым. Жұмыс жасап жүріп тағы бір мамандыққа тапсырып, түсіп алдым. Оны да бітірдім. Әрбір оқуды аяқтаған сайын менің беделім арта түсті. Атағыма мәз болып жүріп қалай 29 жасқа келгенімді де білмей қалдым. Өзіммен қатар құрбыларымның басым бөлігі балаларын жетектеп, бақытты отбасын құрып жүр. Ал, мен болсам 3 дипломды қалтаға салып, түнде қу тіземді құшақтап жүрісім мынау.
Ендігі алға қойған жоспарым отыз жасқа келгенше тұрмысқа шығу еді. Сол ниетпен құрбыларымның таныстырған жігіттерімен таныса бердім. Әлеуметтік желі арқылы да жігіттермен танысып көрдім. Бірақ, олар маған ұнамады. Сөйтіп жүргенде Астанаға іссапармен келдім. Қонақ үйде жатуға ыңғайсызданып, жақын туыс жеңгемнің үйінде жаттым.
Жиналыстан шаршап үйге келсем, жеңгемнің қасында қара торы келген, ұзын бойлы, аққұба жүзді бір жігіт отыр. Ол жігітті көріп, еркекшора болып кеткен басым, қызша сызылып шыға келдім. Жеңгем төрге шық деп дереу шәй қойып әлекке түсіп жүр. Дастархан басында жеңгем әлгі сұлу жігітпен таныстырды. Ол жеңгемнің туған інісі екен.
Үшеуміз дастархан басында біраз әңгіменің басын қайырдық. Қайсар да біраз тақырыптан хабардар екен. Екеуміздің де әңгімеміз жараса кетті. Міне осылай, менің алғашқы махаббат сезімім оянып Қайсарды бір күн көрмесем тұра алмайтын халге жеттім. Жұмыстан шықанда әртүрлі сылтау айтып оған қоңырау шалып шақырып алатын болдым. Қайсар менің көңілімді қалдырғысы келмеді ма, жоқ әлде оның да маған деген ерекше сезімі болды ма, әйтеуір айтқанымды екі етпей жасап жүрді.
Сөйтіп, Қайсар мені құдабала секілді емес, жігіт ретінде кездесуге шақыра бастады. Екеуміз қол ұстасып Астананың керемет жерлерін аралап қыдырып жүрдік. Екеуміздің әңгімеміз бітпейтін. Біріміз бастасақ, екіншіміз қоштайтын едік. Мен құдабалама ессіз ғашық болдым. Оның айтқанының бәрімен келісе беретінмін. Ол қоңырау шалса, я болмаса жұмысқа келсе балаша қуанып жүгіріп кететінмін.
Мүмкін Қайсар менің өзіне деген махаббатымды сезген болар. Мүмкін, өзінің қыздарды бірден өзіне баурап алатын қасиеті бар шығар. Кім білсін, алғаш рет біреуді бір көре құлай сүйдім. Бір күні жұмыстан кейін Қайсар мені алып кетті. Екеуміз киноға барып, көлікте ұзақ сөйлесіп отырдық. Бір кезде ол құшақтап сүйе бастады. Мен оның бұл әректіне «қой» демедім. Оның көкірегінен итермедім. Сөйтіп екеуміз бір түнді өткіздік.
Ол менің ер адаммен бірге өткізген алғашқы түнім еді. Қайсар екеуміз алғаш сөйлесіп жүрген кезде ол маған «біздің кездесіп жүргенімізді Гүлдана әпкеме айтпа, уақыты келгенде айтамыз» деген еді. Оның өтінішін жерге тастамай жеңгеме де айтпаған болатынмын. Олар мені басқа жігітпен кездесіп жүр деп ойлайтын. Қайдан білсін ашық ауыз жеңгем, өзінің туған інісімен кездесіп жүргенімді.
Екеуміз бірге өткізген түннен кейін Қайсар хабарсыз кетті. Қоңырауыма жауап та бермейді. Ал, тұтқаны көтерсе «мен жұмыстамын, уақытым жоқ, кейін хабарласамын» деп тұтқаны қоя салады. Құдабаламның бұл әрекетіне түсінбей басым қатып жүрді. Оның жасаған әрекетіне ашуланып хабарлама жазып жіберді. Өзімнің ішкі сырымды, оған деген сезімімді, ойымды бәрін де ашып жаздым. Қалың ойға батып жұмыстан қайтып келе жатқанда бейтаныс номер қоңырау шалды. Тұтқаны көтерсем, ар жақтан бір әйелдің даусы «Мен Қайсардың әйелі боламын. Біздің қызымыз бар. Отбасылы еркекте нең бар. Біздің ұйып отырған отбасымыздың шырқын бұзба» деп неше түрлі сөздер айтып тастады.
Өзімді біртүрлі сезіндім. Көңілім жабырқап еріксіз екі көзге ерік бердім. Сүйгенім сұмырай болып шықты. Сонда Қайсар жақын құдашасына осындай опасыздық жасағаны ма?! Менімен бір түн өткізу үшін, өзін керемет жігіт етіп көрсеткен бе?! Ойым сан-саққа жүгірді. Көңілім жабырқап үйге келдім. Жеңгеммен сөйлесіп отырғанда «Қайсарды бойдақ деп айтып едіңіз ғой. Алдында үйге келгенде бір әйелмен бала туралы сөйлесіп отырғанын естіп қалып едім деп астыртын сұрадым.
Жеңгемнің балбұл жанған көңілі су сепкендей басылып, үнсіз отырды да. «Қайсар осыдан он жыл бұрын баласы бар әйелмен кездесіп жүрген еді. Аяғы ауыр болып, қазір олардың қыздары бар. Қайсар қызы үшін ғана сол әйелге барып тұрады. Анам мен өлмей ол әйелге үйленбейсің деп отыр. Оның бұл былығын ешкімге айтпап едім. Осы бетпақ әйелдің кесірінен Қайсар үйлене алмай отыр. Қызын сылтауратып, кездескен қыздардың бәріне звандап, шошытып жібереді. Інімнің өмірі қор болып кетті» деп жеңгем інісіне деген ашуын айтып салды.

Үш айлық іссапарымның уақыты да аяқталып қалды. Алматыға қайтатын уақытым да жақындады. Бар ойым Қайсармен сөйлесіп жасаған әрекетін түсіндіруін өтінбек болдым. Бірақ, ол ойымнан еш нәрсе шықпады. Себебі, ол номерін ауыстырып тастапты. Жеңгемнің де үйіне ат басын бұрмайтын болды. Сөйтіп, жүргенде аяғымның ауыр екенін білдім. Бұл жаңалықты естіп біресе қуандым, біресе өкініп жыладым. Қайсар естісе не дер екен деген ойда жүрдім. Мазам болмай жұмыстан сұранып үйге ерте келдім. Үйде жалғыз өзім. Көзім ілініп кеткен екен есіктің қоңырауы соғылды. Ашсам Қайсар тұр.
Аман-саулық сұрағандай болды да «Гүлдана үйде емес па?» деп сұрады. Мен жоқ деп едім, ол бұрылып кетпекші болды. Оған үйге кіруін өтіндім. Екеуміздің баламыз болатын айттым. Қайсардың өңі бұзылып кетті. «Ертең екеуміз дәрігерге бірге барып, жасанды түсік жасатып баланы алдырып тастайық. Біз бәрібір бірге бола алмаймыз. Туысқандардың бәрі де қарсы болады. Менің бұл әрекетімді ешкім де кешірмейді. Екеуміз де жас бала емеспіз. Ақыл тотқан адамдармыз. Бәрі де екеуміздің келісуімізбен болды. Ренжіме екеуміздің кездесуіміз қателік болды» деп сайрап тұр.
Оны естіп қатты ашуландым. Өзімнің ойланбай жасаған әрекетіме қатты өкіндім. Өкініштен өзегім өртене жаздап Алматыға қайттым. Қайсардың сөзіне еріп баламды тірідей өлтіре алмадым. Құрсағымдағы сәбиді дүниеге алып келуге бел байладым. Бірақ, ауылдағы ата-анамды ойласым жүрегім қарсы айрылады. Оларға қалай қараймын?! Не айтамын?! Баламның әкесін сұраса не деймін?! Ессіз ғашықтықтың ақыры орны толмас өкінішке алып келіп соқты.
Ішімдегі дертті жеңгеме де, ата-анама да айта алмаймын. Қайсар маған үйленбеймін деп шешсе, туыстарды салып абыройымды айрандай еткенен ешқандай да пайда болмас. Ата-анамды ұятқа қалдырып, туыстардың алдында қара бет болудан қорқамын. Сол себепті де бұл сырды ешкімге де айта алмай жүрмін. «Алаш айнасының» тұрақты оқырмандары ойланбай опық жеген мен секілді бейбақ қыздарыңызға айтар ақылдарыңыз болса аямаңыздаршы. Ата-анама, жеңгеме құдабаламнан аяғым ауыр екенін айтуым керек па?! Әлде бұл сырды өле-өлгенше ішімде сақтап өтейін бе?!

Гүлмира, Алматы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста