Сүйген қызымды саунада жеңіл жүрісті бикештер арасынан кезіктірдім

Сүйген қызымды саунада жеңіл жүрісті бикештер арасынан кезіктірдім

Жасым 33-те. Ғылым кандидатымын. Енді PhD бойынша докторлық диссертация қорғауға дайындалып жүрмін. Жоғарғы оқу орындарының бірінде студенттерге дәріс берем. Мінезім жұмсақ, сондықтан да болар осы уақытқа дейін біреумен жаға жыртысып, төбелесіп те көрмеппін.

 

 Ол менің қорқақтығымнан емес, тек болмышы нәрсе үшін жұдырықтасқанды қаламаймын. Менің принцпім - мәселені білек күшімен шешпеу. Мүмкіндігінше ешкімді ренжітпеуге тырысам. Елдің көңіліне қараймын. Кешірімшілмін. Кек сақтамаймын. Сезімге де селқоспын. Осы уақытқа дейін еш бір қызға құлай ғашық болып көрмеппін.

 

Жастайымнан білімге құштар болдым. Мектепте оқып жүргенде де бос уақытым болса, кітап оқығанды ұнататынмын. Өзге балалар сияқты ойынға да сонша құмартпадым. Бозбала кезімде шын ғашық болып та көрмеппін. Бір сыныптас қыз ұнайтын (ол қызды сыныптастарымның бәрі де ұнататын). Өйткені ол өте көрікті болатын. Киген киімі, жүріс-тұрысы, бар қылығы өзіне жарасып тұратын. Негізі сыныптас қыздар маңайымда көп айналсоқтайтын. Бірақ жігіт деп емес, меннен есеп көшіріп, түсінбегендерін сұрау үшін ғана. Би билеуге де икемім жоқ. Сондықтан болар, алда-жалда сауық-кешке бара қалсам шетте сопайып жалғыз тұратынмын.

 

Институтта оқып жүргенде де солай болды. Бар уақытым оқуға кететін. Бос уақыт болса, кітапханаға барам. Институтты да, магистратураны да қызыл дипломмен бітірдім. Оқу деп жүріп, жігіт болып қызбен жүрмеппін де. Алғаш студент болған кездері «қыздарға барайық» деп жүр-жүрлейтін жігіттер кейін айтуды да қойды. Сондықтан болар көп дос та арттырмаппын. Бір ғана досым бар. Ол институтта бірге оқыған атыраулық Асхат деген жігіт. Мен оған сабақтан көп көмектесетінмін. Ол қазір білдей бизнесмен. Тұрмыс-жағдайы өте жақсы. Бір қыз, екі ұлы бар. Үйлену тойында да болғам. Кейін де екі-үш рет бардым. Әйелі де өте жақсы адам. Барғанда жаны қалмай күтеді. Әр барғанда, «сен сияқты білім қуып, отбасы құрмаған құрбым бар сонымен таныстырайын» дейді. Мен аса ыңғай таныта қоймаған соң одан әрі ол тақырыпты қаузамайды. Ал досым болса, «бұл жас студенттерге көз салып жүр, сенің кәрі қыз атанған құрбыңды қайтеді» деп қалжыңжайды. Бірақ күндердің-күнінде досымның айтқан қалжыңы шынға айналды.

 

Осыдан жарты жыл бұрын өзім сабақ беріп жүрген ақылы бөлімде 4 курста оқитын бір қызға көзім түсті. Сабақты жақсы оқиды әрі көрікті, сымбатты. Жарасымды киінеді. Өз-өзіне қарап жүреді. Жымиып күлгені өте сүйкімді. Жүріс-тұрысына, киген киіміне қарап, «шамасы бір байдың қызы болар» деп алғашында сөз айтуға жүрексіндім. Сосын, ата-анасы кім екенін білейін деп деканаттан барып үш студенттің құжатын сұрап алдым. Бір ұл, екі қыздың құжаттары қолыма тиді. Маған қажеті Айдананың құжаттары еді. Қалған екеуі «маскировка» үшін. Құжатындағы отбасы туралы анықтамаға қарасам, өзге аймақта аудан орталықтарының бірінде тұрады екен. Анасы және өзінен үш-төрт жас кіші інісі барын білдім (кейін білдім анасы мұғалім, інісі басқа қалада жоғарғы оқу орнында бірінші курста ақылы негізде оқиды екен). Құжаттан байқағаным әкесі жоқ. Қуанып кеттім. Әкесі жоғына емес, қарапайым отбасыдан шыққан қыз екеніне. Өйткені байдың қызы болса, маған қарай қоймас деген күдік болатын.

 

Қарапайым отбасыдан екенін білген соң батыл қимылға көштім. Зачет тапсыруға келген Айдананы кездесуге шақырдым. Ол келісті. Көзінен маған деген бір жылылықты сезгендеймін. Сол күні кешке кездесіп, киноға бардық. Кинодан шыққан соң ұзақ уақыт көшеде серуендеп жүрдік. Содан соң түнгі бірлер шамасында жалдамалы пәтеріне дейін шығарып салдым. Кеш өте көңілді өтті. Айдана қарапайым, ашық-жарқын, әңгімешіл екен. Қызықты анекдоттарды да көп біледі екен және күлкілі қылып айтады. Мен де шамам келгенше Айдананың әңгімесіне ортақтасуға тырыстым. Байқаймын, менің бойымда да өзгеріс пайда болған сияқты. Бұрын кісімен көп сөйлесе бермейтін мен осы жолы әңгімені жап-жақсы-ақ айттым. Үйге келген соң кірпік ілмей таң атырдым. Келесі күні жұмыста ұйқым да келген жоқ, шаршау да сезінбедім. Қайта күндегіден де сергек жүрген сияқтымын. Тіпті өзімді аяғым жерге тимей қалықтап жүргендей сезінем. Араға бір күн салып тағы кездестік. Ол күнді де тамаша өткіздік. Сол күні алғаш рет қыздың бетінен сүйдім. Айдана да қарсылық танытпады. «Келесі кездескенде ұнататынымды айтамын» деп шештім. Айдана зачеттерін тапсырып біткенше бір апта өтті. Зачеттер біткен күні кафеге барып атап өттік. Айналадағылар маған қызыға да қызғана қарайтын сияқты. Өзімді ең бақытты сезінген кезім осы болды. Сол күні көңілімді білдірдім. Айдана қабыл алды. Сол күні алғаш рет қыз бен жігіт болып сүйістік. Ұзақ сүйістік. Бақыттан басым айналды.

 

Сессия біткен соң Айдана ауылына кетті. Енді ол 20 күннен кейін келуі тиіс. Күнде бірнеше рет телефон арқылы сөйлесеміз. 20 жылдай өтпей қойған 20 күн де бітті-ау, әйтеуір. Айдана бір күн бұрын келді. Сол күні бірге қондық. Айдананы бұрынғыдан да жақсы көре бастадым. Ендігі өмірімді онсыз елесте алмаймын. Жиі кездесіп, кештерді бірге өткізетін болдық. Бақытты күндер осылай жалғасып жатты.

 

Бір күні Асхат досым жұмыс бабымен Алматыға келді. Хабарласып, қонақ үйге орналасқанын айты. Кешке оны-мұнымды алып қонақ үйге бардым. Барсам, бөлмеде өрімдей бір қыз отыр. Атыраудан бірге келген екен деп ойлағам. Сөйтсем ол шақыру бойынша келіп қызмет ететін қыз екен. Досымның айтуынша бір түнге 300 доллар алады. Жас қыз менен қымсынар емес. Қайта, «ертең сізге құрбымды ертіп келем» деп мәз мейрам. Үш-төрт сағат отырған соң мен жатақханаға қайттым. Досым ертеңінде кешке дейін шаруаларымен жүретінін, босаған соң хабарласатынын айтып, қызбен бірге қонақүйде қалды.

 

Ертеңінде Айдананы кездесуге шақырып ем, ол ренжімеуімді өтініп, уақыты болмай тұрғанын айтты. Кешке досым хабарласып саунаға тапсырыс беріп қойғанын айтып, сағат 9-да сонда келуімді өтінді. Бір шаруаларым кештеу бітіп, саунаға 10-ға қарай бардым. Саунаға бас сұққаннан қыздардың саңқылдаған дауыстары есітілді. Кірсем, досым екі қызбен отыр. Бірі кешегі қонақ үйдегі қыз. Екіншісі.... Өз көзіме өзім сенер емеспін, Айдана. Екеуміз де аруақ көрген кісідей тілден қалдық. Ана қыз мені мазақ етіп тұрғандай, «міне сізге құрбымды ертіп келдім» деп сақ-сақ күледі. Досым бірдеңені сезгендей, үнсіз Айдана екеумізге кезек-кезек қарайды. Одан әрі не болғанын білмеймін. Есімді жисам көшеде жүгіріп келем. Кеудеде өксік, көзде жас толы. Сол сәтте өзіме-өзім қол жұмсағым да келді.

 

Түнде Айдана бірнеше рет телефон соқты. Тұтқаны көтермедім. Реніштен емес. Ренжісіп қаламыз ба деген қорқыныштан. Сол сәтте Айдананы жан-тәніммен сүйетінімді, онсыз өмір сүре алмайтынымды, ол үшін өлуге дайын екенімді сездім. Бірақ...

 

Ертеңінде досым Атырауға қайтып бара жатқанын, мән-жайды ұққанын, түбегейлі шешім қабылдауға асықпауымды, менің қай шешімімді де құптайтынын айтып, қоштасты.

 

Сол күні кешке Айданамен кездестім. Ол осындай әрекетке барғанын інісі оқуға түскен соң ақшадан қысылған кезде құрбыларының үгіттеуіне ергенімен түсіндірді. Және менімен кездесіп жүрген алты айдан бері ондай жағымсыз әрекетке бармағанын айтты. Ал, кеше құрбысы өлердегі сөзін айтып, «соңғы рет» деп саунаға баруға көндіргенін, оған қалай келісім бергенін өзі де түсіне алмайтынын жеткізді. Кешірім сұрап, «енді ондай әрекетке бармаймын» деп анасының ақ сүтімен ант етті.

 

Қазір де Айданамен кездесіп жүрмін. Өткенді сызып тастап, түсіністікпен қарап, оны кешірдім. Өйткені мен оны шын сүйем. Оның да мені сүйетінін сезем. Бірақ екеуміздің арамызда бір кедергі пайда болған сияқты. Ол кедергіні қалай жоюға болады? Жоя аламын ба? Жоюым керек пе? Ақыл қосар досым да жоқ. Сіз қандай кеңес бересіз?

 

 

 

Автор: Ғани, Алматы қаласы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста