Менің жасым 20-да. Өзімнің ауылымның, əке-шешемнің жолдастарының ұлымен жүремін. Жасы 22-де.Ол жігітті мен мектеп кезінен ұнататынмын.11 класста жүріп бастадық. Кейін ол қалаға оқуға кетті де, сөйлеспей қойдық.Ол кезде бала едік7 Кейін ол колледж бітіріп әскерге кеткенде оны басқа қыз шығарып салып ,басқа жігіттен аяғы ауыр болып соған тұрмысқа шығып кетті.
Әскерден келгеннен кейін ол жұмысқа орналасты. Мен де сол қаладағы универге заң факультетіне оқуға түстім.1 курс оқып жүргенде тағы алдыма келіп кездесуге ұсыныс жасады.Мен жақсы көргендіктен əрине, келістім. Жүре бастадық. Бірақ 1 айдан кейін-ақ ол маған мүлде көңіл бөлмей,əр қызбен бір сөйлесіп мені ренжіткен соң жүрмей қойдым. Осылай 3 ай сөйлеспей жүрдім онымен. Кейін 3 курс оқып жүргенде тағы келіп жылап, кешірім сұрап, жүруге көндірді.Мен оны қатты ұнатамын, жақсы көремін, жамандыққа қимаймын.Тағы жүре бастадық. Сөйтіп бұл жолы 4 ай жүрдік. Тек соңғы айларда ол басқа қыздармен сөйлесіп тағы бүлінді.Мен өте қызғаншақ адаммын.Көңілшектігім тағы бар,қызғанып жылап,бар ренішімді айтып,сол қыздарды ұнатсаң неге келесің маған, сені мен қинап жүрмін бе деп, тағы көңілім қалды. Өзімді оның алдында бейшарадай есептедім. Содан ұрысып қалдық.
Осы оқиғадан соң 1 айдан кейін маған вацаптан жазды: "Сен пəк емессің, жарайды,əйтеуір бірдеңе қылып шығарсың тұрмысқа, болашағың əлі алда" депті.
Бұны оқып жылап оның алдында қанша ақталдым. Жоқ,сенгісі жоқ, дəлəлде дейді. Мен оған бір аптадан кейін қалаға келетінімді айиып, сол кезде бірге гинекологқа барайық дедіим. ОЛ маған "өзіме дəлəлдейсің" дейді. Осы сөзі намысыма тиді, жүрегім зу ете түсті. Жыладым да сықтадым да осылай айтуына не себеп екенін түсінбей-ақ қойдым. Сен пəктігінді дəлəлдесең, сені аламын деді. Мен жылап тұрып айттым, саған тиетін ойым жоқ,өзің біл қалай ойласаң да дедім.Негізі оның мінезі жұмсақ, ақ көңіл жігіт еді. Бұлай қыз баланың көңіліне келетін сөз, өсекті жақтырмайтын. Қатты таңғалдым. Мен пəкпін, Аллаға шүкір. Онымен жургенде де 3-4 рет сүйіскеніміз болмаса, артық қылыққа барғанымыз жоқ.Енді жылап,көп қиналдым. Көңілім əбден қалды. Оны енді көргшім келмейтінін айттым. Бірақ ол жақында мені өзгелерден қызғанатынын айтып, менің намысыма тигені үшін кешірім сұрап тағы келді. Шынымды айтсам, не істерімді білмеймін. Оған бауыр басып қалғанмын, жақсы көремін, бірақ оның қылықтары жаныма типеді. Ол мені жақсы көрмейтін сияқты. Не істеуім керек, оны жайына қалдырғаным дұрыс шығар...
Аноним