Сезімге беріліп, алданғанымды кеш ұқтым...

Сезімге беріліп, алданғанымды кеш ұқтым...

Жасы 23-ке келседе, анасына деген балауса еркелігінен арылмаған Қалима теледидар қарап отырған анасының тізесіне басын қойып жатқан еді. Тыстан машина үні естілді. Қалима анасының ыстық құшағынан шыққысы келмей амалсыз орнынан тұрып, терезе пердесін ашып көреді.

 

-Апа біздікіне қонақтар келді-деді де, өз бөлмесіне кіріп кетті.

 

-Бұл қонақтар марқұм әкесі Смағұлдың ескі достары еді. Күләш оларды жақсы қарсы алды. Бақшадан шие, алма үзіп әкелінді, ет асылып, шәй берілді. Өткен-кеткенді әңгіме етісті. Сөз барысында Қалимаға құда түсе келгенін айтты.

 

Қонақтар кетісімен Күләш қызына бұл хабарды жеткізді. Қалима:"Ауылды жерге ерге шықпаймын. Оның үстіне оқуымды бітіруім керек" деп өзінің қарсылығын жасырған жоқ. Онсызда махаббатын кездестіре алмай зарығып жүрген Қалима біртүрлі құсаланып көзіне жас алды.

 

Қалима институтты бітіре салып, Шымкенттегі медколледжге "Анатомия" пәнінен мұғалім боп жұмысқа орналасты. Пәтер жалдап тұруды қалтасы көтермейтін болған соң, жатақханада тұруға мәжбүр болды. Қалима өзінің өмірдегі махаббатын күтіп әрбір атқан таңға жаутаңдап жүргенде, аяқ астынан бір жігітке ғашық болып қалғанын байқамай қалады. Оның сымбаттылығына ма, әлде байлығына қызықты ма әйтеуір не үшін ғашық болғанын өзі де білмеді. Арманымдағы асылым да, сағындырған махаббатым да осы деп таныды. Сөйтіп жүріп өз сезімінен өзі адасып жүрген қыз бір кеште Бейсеннің ынталығын қоштады.

 

Арада үш ай өтті. Қалима аяғы ауыр екенін білді. Сонымен бірге, Бейсеннің Алматыда әйелі және екі бірдей баласы бар екенін, мұнда жұмыс бабымен келгендігін естіді. Не үшін жұмыс бабы деп апталап жоғалуының себебі енді айқындалды. Амал не, енді Бейсеннің айтқанымен жүруге тура келді. "Балаңды алдыр, келесі жылы мен саған үйленемін"-деген сөзіне сенді де адам тәніне еңбеген нәрестеден құтылды. Ақыры Қалимаға бөлек пәтер алып берді. Сөйтіп жүріп, "Әйеліммен ажырасам"-деп Қалиманы жалған махаббат торына қамады.

 

Қайта айналып жаз келді. Бейсеннің қылығы сол қылық, бір апта Алматыда болса, бір апта осында тұрып жатты. Медколледж студенттері демалысқа шыққан шақта, Қалима жаңа оқу жылына студенттердің құжаттарын қабылдап, жұмыстан үйге кеш оралатын.

 

Қалиманың тағы да жүкті екенін білген Бейсен ат тонын ала қашты. Шағын бизнесін жапты да қайдасың Алматы деп тайып тұрды. Кешкісін үйіне келген Қалима Бейсеннің заттырының орнында жоқтығын көріп, сол сәтте өзінің шын алданғанына көзі жетті.

 

Өмірден алынған оқиға (vk.com)

Аlashainasy.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста