"Сен бедеусің, аурусың" деп бетіме басады: Намазхан күйеуім тағдырымды тәлей етіп жіберді
Той жасамаймын деді, жарайды тойға тірелген еш нәрсе жок қой деп келістім. Қысқасы мен онымен тек бір айымды бақытты өткіздім. Бір айдан соң қолын көтеруді шығарды. Өзі намазхан. Осы уақытқа дейін сәби сүйе алмай келеміз. Қаралмаған жерім қалмады, трубаларым жабық екен. Экоға келіспеді.
Бала бағып алуға да келіспеді. Бар айтатыны тоқал аламын дейді. Жарайды деп оған да келістім. Енді "сен кет қыздар келіспей жатыр" дейді. Ал мен үмітімді үзгім келмейді. Болып қалар деумен келемін. Жиі қол көтереді, үйде аптасына бір-ақ рет отырады.
Спа, монша, бильярд, карта айтатыны. Бір жазда үш ай бойы үйде қонбады. "Айгүл" деген қызбен кездесіп жүріпті. "Сен бедеусің, аурусың" деп бетіме басады. Онысымен қоймай аяусыз ұрады. Намазханға бұндай әрекет жат емес пе? Не істесем болады? Кеңес беріңіздерші.