Қызыма әке керек

Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар. Мен өз сырыммен бөліскім келеді. Түсінікті болуы үшін басынан бастайын. Мен жастай тұрмысқа шықтым кейін арамыз дұрыс болмай ажырастык. Мен өкінбеймін Аллам берген қызым бар. Ажырасқан күннен бастап жолдасым екеуміз мүлдем араласпадық. Содан бері алты жыл өтті. Қызым әкесіз өсіп келеді.

 
Ажырасқан соң екінші рет тұрмысқа шық деп жеңгелерім үгіттеді. Бірақ адам қызымды қалай қабылдайды, қызымның болашағы қалай болады деп тартыншақтап үйленуге сөз салған жігіттің бетін қайтардым. Ал қазіргі уақытты ата-анамнан бөлек тұрамын, ал қызым ата-анамның қолында, табиғи қыздары болып өсіп жатыр Алып кетейін қолыма алайын десем әкемнің көңілін қимаймын. 

Менің қызым да атасынсыз ұйықтамайды. Былтыр жазда қалаға қызымды алып келдім атамсыз ұйықтамаймын деп жылап атасына кетіп қалды. Сонда өзімді жалғыз сезіндім Жалғыздық қандай жаман еді. Содан бастап өз теңімді табуым керек деп ойладым.

Жақында бір жігітпен таныстым. Ол да ажырасып кеткен, екі баласы бар екен. Бірақ балаларымен араласып тұрады. Менің оған ешқандай қарсылығым жоқ,  дұрыс балаларына барғаны. Мені алаңдататыны басқа нәрсе Ол мінезі өте қиын Әңгімені соңына дейін тыңдамастан айқайлап шығады, сабырлы емес бірақ тез басылады. Бірақ ашуланған кезде ұрып жіберетін сияқты қорқам. Менің мінезім қырсық еді бір-ақ күнде басып тастады. Балаға жақын Енді маған ақыл айтыңыздаршы... Менің қызым ондай мінезді адамға бауыр баса ала ма, қалай ойлайсыздар. Қызымның болашағы үшін қатты қорқам.  Екінші рет қателеспеу үшін маған не істеу керек?

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста