Қызым менің тағдырымды қайталамаса екен...
Амансыздар ма, құрметті оқырман, қыз-келіншектер, аналар, әпке-жеңгелер. Өмірде не блмайды, әсіресе қыз баланың басында. Қыз баланы тәрбиелеу өте қиын екенін өзім ана болғанда сезініп отырмын. Өйткені өзіміз де бала болдық, жас болдық, қателікті де жібердік.
Менде бір балаға алданып, 9 сыныпта төсек қатынасында болдым. Мойындаймын, өз қателігім. Бірақ сүйсең қарсы келе алмайды екенсің. Содан біраз айғай-шу болып, жеті-сегіз жылдан соң анам біліп қойып, сол жігітке тұрмысқа шығасың, үйленесіңдер деген шарт қойды...
Әрине, мен ол кезде жігітіммен кедесіп жүрдім, бірақ оның маған үйленем деген ойы да болмапты, пайдаланып жүр екен. Мен оған "істегеніңді мойныңмен көтер, ең болмаса үйленіп, ажырасайық дедім.
Бірақ уақыт келіспей жүрді, бірақ әйтеуір үйленуге келісім берді. Содан үйлендік, менің аяғым ауыр болып қалды.
Бірақ ол үйленгеннен кейін алғашқы жылдары маған өте салқын қарайтын, төсекте де суық болды. Ұл тудым, жұмысым болды. Күйбең тіршілікпен үйдің отымен кіріп, күлімен шығып жүре бердім. Содан қыз көтердім, ол маған қыз тума деді. Бірақ мен сонда да тудым.
Қазір екі баламыз бар, арамыз жақсы. Алақанында аялап ұстап отыр. Мен отбасылық өмірдің қиындығына төзгендіктен, ештеңеге қарамастан күйеуімді, енемді құрметтегендіктен де, отбасымды сақтап қалдым деп ойлаймын.
Қазір мен өз қызыма жақсы тәрбие беруге тырысамын, менің тағдырысды қайталамас үшін жанымды, барымды саламын. Бүгінде ұлым мен қызыма ештеңені жасырмай ашық сөйлесуге тырысамын. Балаларды тәрбиелеу қандай қиын, олармен кішкентайынан үлкен адамдарша сөйлескенім дұрыс па?
Қазір ата-енеммен тұрып жатырмын. Енем науқас адам. Өзім шомылдырып, киіндіріп, кішкене бала секілді қараймын. Бірақ кейде енемнің де, күйеуімнің де мені жылатқандары есіме түседі. бірақ "таспен атқанды аспен ат" деген ғой бабаларымыз. Менің түсінгенім қыз-келіншектерге темірдей төзім керек.
Аноним