Қия басқан сіңлімді қайтем...

Біраздан бері «Алаш айнасы» сайтындағы «Отбасы – ошақ қасы» айдарына шығатын небір оқиғаларды үзбей оқып жүремін. Қанша адам болса, сонша тағдыр бар деген рас-ау. Мен бүгін өзімді іштей жегідей жеген сырымды көпшілікпен бөліспекпін.

 

Біз отбасында апалы-сіңлілі екі қызбыз. Мен үйдің үлкенімін, сіңілім өзімнен 1 жас кіші. Қазір менің жасым 25-те. Сіңілім екуміз бір үйдің баласы болсақ та, түр-келбетіміз де, мінезіміз де, жалпы болмысымыз да екі бөлек. Екеумізді әкем мен өгей шешеміз тәрбиеледі. Анамыздың өгей екенін біз бойжеткенде бірақ білдік. Аллаға шүкір, әкемнің жары бізге өгейлігін жасаған емес. Ал өз анамыз бізді біріміз 3-те, біріміз 2 жаста болған кезде әкеме тастап кете барған. Туған анамызбен де танысқанымызға көп болған жоқ. Әкем марқұм өмірден өткен соң, туған анамызбен таныстық, алайда біз оны ешқашан анамыз ретінде қабылдай алмаймыз. Тек бізді дүниеге әкелгені үшін де анда-санда қал-жағдай сұрасып тұрамыз. Бізді кіп-кішкентай кезімізде қиып тастап кеткен адамда бізге деген қайбір аналық махаббат болсын, әйтеуір ол да өзінше кей-кейде жанашырлық сыңай танытқансиды. Жә, негізінен менің айтайын дегенім анам жайлы емес, жалғыз сіңілім туралы. Соңымнан ерген сіңілімнің мінезі кішкентай кезінен өте қырсық болды, өз айтқанынан қайтпайтын. Әкем оны барынша тәрбиелеуге тырысты. Бірақ ол жасөспірім кезінде тіпті ешкімге бағынбай кетті. Ұрысқан адамға қарсыласады, өзіне қол жұмсамақ болып қорқытады. Ақыл айтқан, жанашырлық танытқан адамның сөзін құлағына да ілмейді. Әкем мен анам сіңілім үшін кімнен сөз естімеді, мектепте оқып жүрген кезінде талай рет оқудан шығып қалуға аз қалды. Оқушы кезінен үй қарасын көрмей қыдыратын, сол кезден-ақ ішімдіктің де, шылымның да дәмін татты. Әйтеуір әкемнің арқасында орта мектепті зорға бітіріп шықты.

 

Мек мектеп бітіргеннен кейін Алматы қаласына колледжге оқуға түстім. Үш жыл оқып, оқуымды бітірген жылы Алматы қаласының жігітене тұрмысқа шықтым. Мен тұрмысқа шыққаннан кейін көп ұзамай әкем жүрек талмасынан қайтыс болды. Арыстай әкемнен айрылғаным аздай, туған анамды ұзақ жылдардан кейін бірінші рет көруімнің өзі менің жүйке жүйеме үлкен салмақ болды. Бүлдіршін қыздарын тастап, өзге адамның етегінен ұстап кете барған адам сонша жылдан кейін түк болмағандай келіп тұрғанда ашудан жарылардай болдым. Қайта әкемнің туыстары сабырға шақырып, ақылдарын айтқан соң сабама түстім. Ал сіңілім бұл жағдайдан кейін мүлде шектен шықты. Ол әкем қайтыс болған соң менің үйіме келген болатын. Өйткені өгей анамызбен де сыйыспады, туған шешемізге тіпті айтпағаны жоқ. Мен сіңілімнің туған анамызға деген өкпе-ренішін түсінемін, бірақ ол әкемді де, мені де адам ғұрлы санамайтын.

 

Жаңадан келін болып түскен босағам менің басымдағы жағдайды толық білетін және түсіністікпен қарады. Тіпті сіңілімнің бізбен бірге тұруына да рұқсат берді. Тұңғыш балама аяғым ауыр болып жүргенде сіңілімнің істеген қылықтары мені әбден шаршатты. Күндіз-түні қыдырады, үй тірлігіне қолының ұшын да тигізбейді. Не оқымайды, не жұмыс істемейді. Әкемнің туыстарынан, менен ақша алады да, білгенін істейді. Сіңілім үшін күйеуім мен енемнен ұялсам да, оны түзелер, ойланар деп үміттендім. Егермен оны қуып жіберсем, қайда барып сыяды деп шыдауға тырыстым.

 

Тұңғыш баламды туғаннан енем бауырына басты. Көп ұзамай менің аяғым тағы ауырлады. Тұңғыш ұлдан кейін өмірге қыз бала әкелдім. Кішкентай қызыммен үйде отырамын, күйеуім болса бізді асырау үшін таңнан қара кешке дейін жұмыста. Ал сіңілім біздің оны үйімізге сыйғызып отырғанымызды, қандай қылық жасаса да, түсіністікпен қарағанымызды ұққысы келмеді. Күйеуім тапқан нанды қымсынбай жеп отырып, айналадағы жұрттың бәріне бізді жексұрын етіп көрсетіп, жамандайтынын да құлағым шалып жүрді. Кейде оған ақылымды айтып, ашық сөйлеспек болсам, «Ақылың өзіңе, мен не істесем де өзім білем, менің өміріме араласпа» дейді. Сонда ол менің үйімде тұрып жатып, мені де, менің отбасымды да сыйламайды. Мен оған талай рет «біз саған ұнамасақ, өзіңмен өзің тұр, бұл үйден кет» деп те айттым. Бірақ кетпеді.

 

Өзім кішкентай екі баламен, үйдің тірлігімен басым қатып жүрген күндердің бірінде көрші үйде тұратын енем маған: «Қарағым, сенің сіңіліңнің пошымына қарасам аяғы ауыр секілді. Егер оның бір адамы болса, тезірек отау құрып кеткені дұрыс, қашанғы сенің қолыңда тұрады. Әркімнің өзі отбасы бар. Еркектер деген шыдамсыздау келеді. Қайта сенің күйеуің сіңіліңе осы уақытқа дейін ауыз ашпай келді. Бірақ, айналайын, жағдай ушықпай тұрып, сіңілің өз жөнін тапқаны дұрыс» деді. Мен енемнен мынандай сөзді естігенде жылап жібердім. Ол кісіге алғыстан басқа айтарым жоқ. Бірақ сіңілім жүкті деген ой маған үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Кейінгі кезде сіңілім  қалың халат киіп алып, «толып кеттім» деп жүретін. Енемнің сөзінен кейін бірден кешке үйге келген сіңіліме қарасам, расында да аяғы ауыр секілді. Мен оған сұрақты төтесінен қойдым. «Сен екіқабатсың ба?» дедім. Ол бірден: «сен жынданайын дегенсің бе, қайдағы екіқабат, толып кеттім» деп мойындамады. Қанша бетбақтырмағанымен сіңілім жүкті екенін қашанғы жасырсын. Ақыры 7 айлық кезінде ол өзінің екіқабат екенін мойынады. Енді артқа шегінер жол жоқ. Ол баланы дүниеге әкелді. Одан баланың әкесі туралы сұрағанымызда ештеңе айтпады. Бала қырқынан шыққанша біздің үйде болды да, кейін жеке пәтер жалдап шықты. Ол пәтерді баланың әкесі төлейтінін айтты. Кейін білдік, баланың әкесі түрік жігіті екені. Оның Түркияда отбасы, бала-шағасы бар болып шықты. Әлгі жігіт сіңілім тұрып жатқан пәтердің бір жылдық ақысын бірақ төлеп өз еліне тайып тұрыпты. Сіңілімнің бөлек тұрлды деген аты болмаса, әкемнің бауыры мен мен оған тамақ, керек-жарағын тасып тұрдық. Пәтерінің жалға алған уақыты біткен соң ол тағы да менің үйіме көшіп келді. Қазір бізбен бірге тұрады. Баласы менің балаламмен ойнап, әлденеге таласып қалса, жыласа ол менің балаларымды ұрады, ойыншықтарын өз баласына жұлып әпереді. Бұны көрген күйеуім маған ашуланады. Енем де кейінгі кезде көп сөйлейтін болды. Әрине, мен оларды түсінемін. Сіңіліммен талай мәрте қатты ұрсысысып, үйден тіпті қудым да, бірақ ол кетпейді. Ол жақында бала-бақшаға жұмысқа тұрды. Алғашында баласын маған қалдырып жүрді. Кейіннен өзімен бірге балабақшаға апаратын болды. Қанша жұмыс істеп жүрсе де, ең болмаса тұрып жатқан үйіне бір нана ала келмейді. Айлық алған күні баласына қымбат киім алады да, айдың соңында жолына ақшаны бізден сұрап жүреді.

 

Өз туған сіңілім туралы осылай жазудың мен үшін қашалықты қиын екенін түсініңіздерші. Өз бауырын жамандауға қалай аузы барды екен деп сөкпеңіздер, өтінем. Сіңілімнің кесіренен шаңырағым шайқалудың аз алдында. Ақыл-кеңестеріңізді беріңіздерші.

 

 

 

Жадыра, Алматы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста