Жасым 23- те, бір қызым бар. Алматы қаласының тұрғынымын. Атым аноним болсыншы. Жолдасым екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз.
Бірақ, осы бақытты күндеріме қайынағам кедергі келтіріп, күйеуіммен арамызға суқтық сала ма деп қорқамын.
Өйткені үйленбеген қайынағам бар. Мен бұл үйге келгенде маған өте жақсы қарайтын, енем тиісіп сөйлесе, мені қорғап қалатын. "Ол сөйлей береді, мән берме" деп күліп айтып отыратын. Аға ретінде қатты сыйлайтынмын. Енді қазір сезімін білдіріп жүр.
"Мені неге ұнатпайсың? Күйеуің сияқты кәсіпкер емес, жай вахтадағы жұмысшы болғандықтан ба?"- дейді.
Қасында болмауға тырысамын, бірақ тамақ істесем де, ыдыс жусам да қасыма келіп отырып, сөйлей береді. Қайынағам інісі үйге келгенде жақындамайды, себебі одан қорқады. "Енем "менің бір баламның басын айналдырғаның жетпей ме, екіншісінде шаруаң болмасын" дейді. Мен қайынағама ешқандай үміт бермегенмін. Жолдасыма айтайын ба, әлде керек емес пе? Кеңес беріңдерші.Не істерімді білмей қалдым.