Қайын атам дәретханадағы қағазды да кесіп, кішкенеден санап қояды

Қайын атам дәретханадағы қағазды да кесіп, кішкенеден санап қояды

 Шаршап кеттім бәрінен, өлгім келеді, жасым 23-те, тұрмыстамын бір қызым бар, екіншісіне аяғым ауыр. Бәрі менің мойныма отырып алған шаршап кеттім, адам деп санамайды ешқайсысы, мен бұл үйде малай сияқтымын жәй. Жарайды, үндемей істей берем ғой өз тірлігімді, тек тисе беріп сөйлей беріп езіп тастады мені. 

 
Әңгімем қайын атам туралы, сөздің ашығын айтқанда атам қатын болып туылмай қалған. Еркектің мұндай болғанын ұнатпайтын едім, өз басыма келді. Күйеуің осындай болса да ештеңе емес қой, ұрыссаң да, ойыңды айта аласың, ал қайын атама ештеңе дей алмаймын. Атам тамаққа қосатын май, картошкама дейін есептеп береді, асүйге, көрпе-төсекке, бәріне мұрнын сұға береді. Басқа іспен әуре болып жатсам тағы басқа шаруа айтып қақылдап басымда тұрады мың сөз айтып. "Ата, жұмысымды бітіріп алайын қазір істеймін" десем түсінбейді. 

Миым да ашып кетті, не істеп не қойғанымды білмеймін. Сағат сайын шай сұрай береді, түсте тамақ, кешке тағы тамақ, күнімен бір отырмаймын, өмірі қарны тоймайды.Таң ата сала біздің бөлмеге кіріп алады, күнімен шықпайды менің бөлмемнен, сол жерде жатады, сол жерде шай ішеді. Өзі үйіміз екі бөлмелі, менің бөлмемнің ғана есігі бар, ал екінші бөлме аяқ асты болып кеткен жата алмаймын, аяғым ауыр болған соң тез шаршаймын, аяқ созып жатқым келеді, ал атам боса менің бөлмеме таңертең кіріп түн болғанда бірақ шығады, екінші бөлмеге-ақ сәл жата қояйын десем қайным бар, оның алдында да жата алмаймын, өзімді емін-еркін сезіне де алмаймын. Атам да ұялмайды, келіннің бөлмесі-ау демейді. Белім қатты ауырады, қозғала алмай жүрмін. Бірінші қызымды қан қысымым 210-ға көтіріліп, мерзімінен ерте туып қойғам. Өзімнің әке-шешем жоқ, сұрауың жоқ адам болған жаман екен ғой, 
 
Бүгін атам менің өскен жерімді жамандап отыр, ол жақтың адамдары жаман болады екен ғой білмей қаппыз дейді. Шыдамай, жаман болып не істедім дедім. Сөйтсем адамды тыңдамайсың, басында бұл мінезіңді білгенде жолатпас едім деді. Менің тамағымды жейсіз, мен пісірген нанды жейсіз, іш киіміңізге дейін жуамын, сонда да жақпай қойдым, не істедім сонша, өлтіре салыңыздаршы, шаршадым десем жүгіріп келіп мені ұрайын деп жатыр.  Қайным ұстап қалды  қайта. Осыдан қолыңыз тисе милиция шақырамын деп айқаладым. Кет, құры жоғал, мен қаласам сені қазір-ақ жоқ қыламын, жаман ауылыңа кет деп боқтап біраз нәрсе айтып тастады.  Күйеуім жұмыста болатын, ол үйде болса да пайдасы жоқ, ешқашан мені қорғамайды, атасын тыңдайды. Күйеуіме бірдеңе десем, үндеме шыда дейді. Енем жақында қайтыс болды, атамның осындайлығынан-ақ өліп құтылды енем шыны керек, атам жаны ашымайтын енеме де, күнде жұмысқа қуа беретін, ауырдым десе емдетпейтін.

Ақыры енем инсульт болып 10 күннің ішінде өлді кетті, үйде топырлаған еркекпен өзім қалдым. Ақылдарыңызды айтыңыздаршы, не істесем болады, шынымды айтсам атамды өлтіріп тастағым келеді, брақ құдай өзі кешірсін деп өзімді басам, қайтсем осындайлығын қойдырамын атамның. Ең сорақысы, атам дәретханадағы қағазды да кесіп кішкенеден санап қояды, артық кетіп қалса оған да сөйлейді. Қызым ойыншық ойнап отырса оны да алып төбеге қойып қояды кір болады деп. Ойыншық қой, оны ойнамағанда істейді. Қызым да әбден жылауық боп кетті. Бұл кісіге ешкім шыдамас. 
 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста