Қымбатты қыз-келіншектер, амансыздар ма! Мен бүгін өзімнің көптен бері ойымда жүрген дүниені жазайын деп шештім. Кейінгі кезде қыз-келіншектердің жігіттерді дуалап өзіне қаратуы жиілеп кеткенін естіп жүрмін. Айтайын дегенім,ойды ой қозғайды дегендей, жақында бір келіншектің өзәін енесі дуалағаны туралы айтқанын естіп қалдым. Ондайға бұрын-соңды сенбеуші едім.Т ек өзім қызмет бабымен ақыл-есі кем жандардың емделу орталығына жұмысқа орналасқаннан бастап расында да дуалайтындардың көп екеніне көзім жетті.
Қысқартып айтсам, таяуда біздің орталықта бір жігіт емиделді. Өзі келбетті жан екен. Оны әйелі өзімнен басқа ешкімге қарамасын деп дуалаған екен. Дуаның күші соншалық, әлгі әйелдің күйеуі таңнан қара кешке дейін қашан шаршап құлағанша әйелінің атын айтып айғайлап, көз алдына келгенше қоймайтын болыпты. Соңында əйелі шаршап, күйеуінен өзі әрең қашып құтылыпты.
Сондықтан ешқашанда ешкімге жамандық жасап, жақсылыққа қарық боламын деп ойламаңыздар. Дуаны жасаған ада соңында өзі зардабын тартады. Адамдар асыққанмен, Алла асықпайды. Ертелі-кеш,алдыңнан болмаса ұрпағыңның алдынан шығары анық. Қадірлі қыз-келіншектер, өз жүрегімен сүймеген ер адамдарды оқытып ұстаймын деу өте қате пікір.Тыныштықта, алаңсыз өмір сүргілеріңіз келсе, ата-енеге адал болып, сүйген жарларыңызды дуа мен емес, адал ниет, жұмсақ алақан, мейірімді жүрекпен ұстауға тырысыңыздар.Себебі дуаны жасатқанда,жасалған адамның тартар азабы өте ауыр .Ал артық азаптың сіздерге қажеті қанша? Бір күн болса да,тыныш ұйықтап, алаңсыз өмір сүргенге не жетсін.
Аноним