Өзім сүйіп тиген күйеуім мені сыйламайды

Өзім сүйіп тиген күйеуім мені сыйламайды

 Қайырлы күн, құрметті оқырмандар! Мен мынандай жағдайға душар болып отырмын. Мен бір жігітпен 6 жыл жүрдім. Онф қатты жақсы көрдім. Ата-ана оны аса ұнатпаса да, өзім сүйгендіктен одан айырылғым келмеді. Осыдан бір жыл бұрын оған тұрмысқа шықтым, бала көтердім, оны әке еткім келді.

Жүкті екенімді білген кезде өте бақытты еді. жүктілігімнің 5 айға жетіп қалғанда тексеріс нәтижесі дұрыс болмай шықты. Дәрігерлер балама альформация Арнольда-Киари деген диагноз қойып, 20 апталығында баламды алдыртуга тура келді, генетиктер тууға рұқсат бермеді. Қатты қиналдым,  баламызды алдыртқан соң псиxика жағынан да бір фобия пайда болды. Куйеуіме айтсам сенбей күледі, ауруханадан шыққанда да келмеді. Өз әкем шығарып алды. Екі күннен соң күйеуім өзі келіп ауылына ата-енемнің жанына алып кетті. Өз анам мені ауылға жібергісі келмеді,  ол жақта қандай күтім болады деп күмәнданды. Мен бой бермей, күйеуіме қанша  ренжісем де онымен бірге еріп кеттім.

Енді міне, күні кеше майда-шүйде үшін ренжісіп,  ол мені ұрды. "Дұрыс әйел болмадың, дұрыс болсаң сау бала туып берер едің" дейді. Тағы әке-шешеме қыр көрсетіп жүрсің келгелі бері жақтырмай деп тиісті. Ал мен сол кісілердің көңілінен қалай шығам деп, отымен кіріп күлімен шығып келіндік міндетімді атқарып жүрсем, ол солай деді. Ең болмаса қырық күн күтіну керекпін, бірақ мұны түсінетін ол жоқ. Соған ашуланып дәрі де ішіп алдым, өзімнің ата-анам алып кетем деп отыр, не істерімді білмей отырмын. Маған қолдау көрсетудің  орнына осылай істеп, аузына келген боқтық сөздермен балағаттап, шешеме де тіл тигізді. Кет деп қуды түннің бір уағында, айдаладан ешқайда кете алмайтынымды біліп. Анам ол сені бағаламайды, сыйламайды десе де өзім сүйіп ешкімді тындамай шыққанмын күйеуге. Енді басым қатты . Сіздердің ақыл- кеңестеріңіз керек. Тек сөкпеңіздерші, онсыз да қиналып отырмын!

Аноним

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста