Өз ата-анама отырсам опақ, тұрсам сопақ болдым

Өз ата-анама отырсам опақ, тұрсам сопақ болдым

 Сәлем бердік, құрметті көпшілік. Менің сіздермен ақылдасар мәселем бар. Осында өмір көрген, тәжірибесі бар жандардан кеңес алғым келеді.
Шынына келсек мен ажырасқан, бір қыз, бір ұлым бар. Наурыз айында 2 жыл болады. Жолдасым ажыраса сала 3 айда үйленіп кеткен. Ажырасу себептерім де көп. Тіпті қызым менингит болғанда да еш көмек бермеген, мен екіншімді босанғанда жүйкем тозып сөйлей алмай ауруханада 2 ай жаттым. Содан ата-енем менен құтылу жолдарын қарастырып ақыры ажыратты.
Міне содан бері ата-анамның қолындамын. Өзім педагогикалық институтта офис менеджер және балабақшада ағылшын сабағын беремін. Ал балаларыма әкесі алиментін төлеп тұрады.
Менің айтқым келгені мен әбден шаршадым. Өзім 15 жасымнан тойға шығып биге қатысып ақша табатынмын. Бірақ ақшаны ешқашан өзім ұстаған емеспін. Анама бергем. Анам арасында киіндіріп тұратын. Мен өзім жалғыз перзентпін, әкем мен тұрмыс құрмай жатып табысты жақсы табатын. Мен тұрмысқа шыққан соң жағдайлары қиындап кредиттен қомақты ақша ақлған. Міне ажырасқалы сол кредитті төлеумен келем, анам да, әкем де жұмыссыз. Қалаға көшіп келгелі еш жолдары болмайды, енді болса Алматыға барамыз дейді, айналдырған Шымкентте әрең жүргенде Алматыда қалай күн көрмек. Ал менің магистратурам бар.  Үйде күнде жанжал, ұрыс-керіс, одан қалса анамның үлкен әпкесі бізбен тұрады, ол да менің бала-шағама қарасқаны міндет, қойған затымды немесе киетін киімімді таппай қалсам, шешемнен сұраймын. Сондағы бар жауабы "мен қайдан білейін, қарасай жөндеп",-деп жекуден басқа ештеңеде айтпайды. Мен басқалар сияқты жалғыз қыздарыңды үйтпедің, бүйтпедің демеймін, қыдырмадым, жүрмедім демеймін де, базардан ең қымбат етіп алған киімім 5000 тг.ге 1 көйлек. Жылына бір киінем. Бар ақшам ата-анамда. Тіпті түскі асым да тегін, үйден акетемін тамақты. Жанымдағылар секілді сок, пирог, шоколад жеу мен үшін арман, кейде студенттерім әкеп бергенде ғана жеп қалам немесе балдарыма әкелемін.
Менің айтқым келгені қайтып келген қыз шынындада жаман ба? Мен қолымдағы тиыныма дейін беріп отырмын. Күндіз түні тынбай жұмыс жасаймын, бірақ үйде  күліп қарсы алатын тек балаларым ғана, енді бетімді жуа бастағаннан тиісе бастайды шешемнің әпкесі. Ол сүлгі папаңдікі ол ауруғой, ол балдардікі микробыңды жұқтырасың, ал шешем тамақты жөндеп жеші аузыңды толтырмай, мына сөмкеңде 500 тг қайдан келген, мынау не блакнот, мына памаданы қайдан алдың, қалтаңдағы мынау не?Сөмкемді ақтарып, түгімді қалдырмайды, іліп қойған киімімді басқа жерге тығып, 2 күн кимеген етігім жертөледе жатады. Айта, айта шаршадым. Менің заттарыма тиіспеңіздер дегеннен айқай-шу. Тіпті телефоныма 5 минут қарай қалсам болды ұрыс, балдармен шулап жүгіріп ойнасам әкем бақырат шуламаңдар деп.
Мен әрі қарай қалай өмір сүремін? Мен де өзіме қарағым келеді. Тіпті басымды аптасына 1 рет әрең жуамын. Моншаны  2 аптада 1 рет жағамыз. Себебі жағдай жоқ. . Қанша рет айтқам ауылдағы үйді сатарда дереу қаладан 1 бөлмелі пәтел алыңыздар деп. Мақұл деді де оныда жоқ қылды.
Қазір де мамаммен ренжісіп қалдым. Ертеңге жұмысқа киетінімді дайындасам ақ кофтам жоқ. Өзім бөлмемде шифонерде жоқ, мам менің ақ кофтамды көрдіңізбе десем жекіп отыр жөндеп қарасай деп. Мам жәймен білмеймін, көргем жоқ десеңіз қайта көрем ғой іздеп десем одан бетер ашуланып кетті. Сөйтсем апам пысық әке шешем шифонеріне тығып тастаған. Жарайды, зат табылар. Бірақ ұрыс керісті қалай тиямын. Кейде 2 баламды алып өзім бөлек кетіп қалайын ба деге ой келеді? Себебі балдарым бетімен кетті, шектен шыққан бұзық, кейде қатты кетсе екеуін де көтендерінен салып қалсам болды үйіміз көшіп кетердей жанжал болады. Өз балдарымды не ойната алмаймын, не ұрыса алмайм, құдды бөтен үй сияқты. Үйге де келгім келмейді. Енді бар ойым пәтер жалдап кетсем бе? Өз ақшам өзіме жетеді ғой. Айына 100 000 тг кіріс табам. Оның бәрі кредитке кетіп жатыр. Кейде осы мені ақшама бола ажыратқандай сезінем. Ажыраспағанда не болар еді? Ең болмаса балабақшадағы ақшамды өзіме берсе болмай ма? Менде өз керегімді алғым келеді. Менде қолыма әдемі әшекейлер  алғым келеді.  Менде бір сәт өзім үшін өмір сүргім келеді. Қашанғы ата анам бетіне жәутеңдеп қараймын? 15 жасымнан бері осы проблемма. Кейде қасымдағы қыз келіншектерге қызығамын, өз ақшалары өздерінде, қалағанынша жүр. Мен бір көше кезіп, әр кіммен жүрмеймде. Құрбыларыммен әрең қыдырам. Олда ақша, құрбыларым өздері төлейді. Тіпті ұялғанда шықпаймында. Коллегамен отырыс болғанда да ақшаны ұрысып береді. Мен айта берсем көп. Ұзақ болса кешірім сұраймын. Айтыңыздаршы бұдан әрі қалай өмір сүрем. Кейде жоқ болып кеткім келеді, тек балаларыма бола тірі болып күресудемін, бар мақсатым сол институтта өсу, қалайда профессор, проректор болу себебі балдарым өскенше жан жақты жағдайымды жасап, балаларымды аман есен ер жеткізу. Бұл жұмысымды мамам жақтырмайды. Себебі сессия кезінде кеш қайтамын, әсіресе жазда. Басқалар сияқты үйде істей салатындай үйде интернет, компьютер жоқ. Балдарым 5,6 жасқа толғанда әр 3 ай демалыста мешітке апарып оқытып, иманды еткім келеді. Оны естіген анам ол пікірімді жақтырмайды. Намаз оқу десе шешем жаны шығып не ол жап жас болып дейді. Әкем үйде болса да апам ұялмай еркек алдында бата беріп отырады. Атам қазақта " 6 жасар ер бала тұрғанда, 60 жастағы кемпір бата бермеген",-деген жақсы сөзі бар. Бәрі бірінен бірі өтіп кеткен. Балдарымды бет алды еркелетіп жіберген. Қызым 4 те. Қанша айтам садикке берейік деп, тыңдамайды ақша жоқ деп, өз қатарынан қалып та жатыр. Сіздерден ақыл кеңес сұраймын. Көмектесіңіздерші.

Кәмшат, Шымкент 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста