Оңашада келінімнен таяқ жейтініме ұлым сенбейді

Оңашада келінімнен таяқ жейтініме ұлым сенбейді

Құрметті «Алаш айнасы» басылымы мен сіздердің «Отбасы – ошақ қасы» айдары арқылы оқырмандармен ой бөліссем деймін. Бүгін осы хатымды көршілерімнің қызы арқылы компьютерге түсіріп жіберіп отырмын. Себебі өзім компьютердің тілін енді-енді үйреніп жүрмін. 

Менің жасым 68-де. Екі жылда жетпіске тақаймын. Алматы облысы Іле ауданына қарасты ауылда тұрамын. 48 жыл бойы мектепте орыс тілі және орыс әдебиетінен сабақ бердім. Мамандығым ұстаздық болғаннан кейін қазірдің өзінде соңғы жаңалықтарды қалт жібермеуге тырысамын. Кейде аракідік келін мен ұл жұмыста болғанда ғаламтор қараймын. Көршімнің қыздары «Алаш айнасын» ашып берген сондағы «Отбасы – ошақ қасы» айдарын оқимын.
Мен 24 жасымда тұрмыс құрдым. Ауылда өсіп-өндік. Өзім Қарағандының тумасымын. Бір атадан жалғызбын. Ешкімім жоқ. Бір үйдің жалғыз баласы болдым. Жастығымда еркелеп өстім. Жоғары оқу орнын бітірдім. Сүйген адамыма тұрмысқа шықтым. Күйеуім Ауған соғысына қатысқан адам еді. Міндетін орындап аман-есен елге келді. Бірақ біраз жылдардан соң денсаулығы сыр беріп бауыр ауруынан қайтыс болды. Сөйтіп, мен 34 жасымда жесір қалдым. Күйеуімнен жалғыз тұяқ қалды. Осылайша, бір ұлыммен жалғыз қалдым. Осы жасқа келгенше сол ұлды жеткізуді ғана мақсат тұттым. Сол ұлдың қамы үшін барымды салдым. «Ешкімге телміртпеймін» деп екі-үш жерде жұмыс істейтін едім. Өзім армандағандай ұлым ержетті, азамат болды. Ел қатарлы жоғары білім бердім. Ұлымды қызметке тұрғызу үшін де біраз таныс-тамырды жағаладым. Қазір ұлымның жасы да қырыққа таяды. Үлкен қызметте салық комитетінде істейді.
Обалы нешік, мен ұлым отыздан аса бере «үйленемін» дегенде аттай тулап қуандым. Қаншама жыл бойы «ұлымның тойына» деп жиғанымды шаштым. Өзім неше жыл армандаған келінімді қолыма қондырып, шаңырағымызға әкелу үшін барлығын жасадым. Күйеуімнің араласпай кеткен туыстарына дейін қозғау салып, тойымызға ортақтастырып Алматының төрінде ұлан-асыр той жасадық. Келінім бастапқыда жайдары еді. Шамамен бір жылдай мінезін көрсетпеді. Мен ол аралықта зейнетке шықсам да жұмыс істеп «қажыр-қайратым бар кезінде қызметімді істей берейін» деп аса үйде де бола бермейтінмін. Сол аралықта келіннің тәрбиесіне мән бере алмадым-ау деймін. Қазір міне түскеніне он жылға таяп қалды жалғыз келінімнің түрлі мінездері шықты. Тіпті өз үйімнен өзімді қуып шығатын жағдайға жеттік.
Менің жасым қазір жетпіске таяп қалды ғой. Немерелерімді бағатын жасқа жеттім. Оның үстіне денсаулығым да сыр беріп қазір жиі-жиі ауырып қаламын. Өзім сексен мың теңгеден асырып зейнетақы аламын. Оны да алған күні бір демде келінімнің қолына саламын. Келін мен ұл жұмыста болғанда немерелерімді қарап қаламын. Өзім мұғалім болғандықтан олардың оқу-сызуына ерекше мән беремін. Екі немеремнің сабағын оқыту, мектепке апару, олардың жиналыстарына бару, үй тазарту, тамақ істеу тәрізді жұмыстар менің мойнымда. Бірақ осы жасқа келгенде осыншама істі тындырып отырсам да келініме бір жақпай қойдым. Келін ұлымның көзінше мүлдем басқа адам. Ол келгенде мені оның көзінше «апалап, мамалап» асты-үстіме түседі. Кейде оның бұл қылығына қарадай өзім ұяламын. Ал ұлым іс сапармен Астанаға яки болмаса басқа қалаларға кетсе маған маза жоқ. Тіпті келінім менімен жұлысуға дейін барады. Мен асханаға кіріп күйбеңдеп бірдеңе істеп жатсам «барыңызшы ана жаққа» деп кеудемнен итеріп тұрып шығарып жібереді. Бір күні өзіне айғайлап «біраз орнын білсін» дейін деп едім. Мені желкелеп тұрып үйден қуып шықты. Содан қас қарайғанда көршілерімнің үйіне кіріп жаным қалды. Келінімнің әбден беті ашылғандығы сонша қу қақпастан бастап небір ғайбат сөздерді маған айтудан тіпті именбейтін де болып алды. Кейде немерелеріме «барыңдар, ана қу қақпаспен далаға шығып келіңдер» деп те шыжғырып жатады. Ал енді оның бұл қылығын ұлыма айтсам, ұлым өзіме ұрсады. «Апа, сіздің де шығармайтыныңыз жоқ. Келініңіз ондай емес қой. Ол деген зиялы отбасынан шыққан. Мынаны құдаларыңыз естісе ұят болады» деп ол тіптен зығырданымды қайнатады. Міне, осы мамыр айында ұлым тағы іссапарға кеткен. «Отырсам опақ, тұрсам сопақ болып» тағы отырысым мынау. Кейде ойлап қоямын, қазір ғой мен өздігіммен жүріп-тұрып, өзіме-өзім қызмет жасай аламын. Ал ертең төсек тартып жатып қалсам күнім не болады? Мынау жалғыз келін ол кезде мені қоқысқа апарып лақтыра салатын шығар. «Әлде осы бастан қарттар үйін жағаласам ба екен» деп те ойланамын...

Мариям, Алматы облысы

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста