Ол маған үйленетінін айтып, жақындасуымызды өтінді...
Менің жасым 19-да. Өзімнен кейін екі інім бар. Аллаға шүкір отбасымыз да, жағдайымыз да жақсы. Айтайын дегенім, мені мұңға салған махаббатым жайлы. Мен бір жігітпен бір жылдай жүрдім. Ол 1991 жылғы еді. Біз бір-бірімізді қатты жақсы көрдік. Жиі кездесіп, қыдыратынбыз. Ол маған үйленетінін айтып, жақындасуымызды өтінді, бірақ мен үзілді кесілді бас тарттым. Оны қатты жақсы көріп тұрсам да, нәпсіге берілмеуге тырыстым.
Ол жалпы жақсы жігіт болатын. Екеуміз 1 жылдай жүрдік. Бірақ... Кейін мен оның əйелі мен егіз баласы бар екенін естідім. Сол кезде өте ауыр жағдайда болдым. Санамда жауабы жоқ мың сұрақ болды. Оны қатты жақсы көрсем де одан бас тартуыма тура келді. Бар шындықты айтқанымда ол "Иә, мен үйленгенмін балаларымда бар. Бірақ мен сені жақсы көремін, сенімен болғым келеді. Мен ажырасам. Əйелімнен жалықтым. Күнде бір алманы жегеннен адамда жалығады ғой. Сен əдемі,тартымды қызсың. Əйелімнен 1000 есе əдемісің" деп әңгіме айтты. Мен оның осы сөздерінен кейін тіпті көңілім қалды. өйткені оның бар ойы менімен тек жақсы уақыт өткізу екенін түсіндім.
Мен одан аулақ болуға тырыстым. Номерімді ауыстырдым, бірақ одан ештеңе шықпады, есігімнің алдына келіп тұрып алатын. Сөйтіп өз үйімнен өзім қашып тəтемнің үйіне қонып жүрдім. Киім немесе сабақтарымды аларда бөле сіңілімді жұмсайтынмын алып келші деп. Осылайша онымен кездесуден қашып жүріп құтылдым.
Жақсы көрдім, шыны керек ұмыта алмадым. Мүмкін əйелінен ажырасып мені алар деген ойда маза бермейтін. Бірақ мен екі баласын ойладым. Біреудің обалына қалғым келмеді. Алладан мені жаман ойға салып теріс жолға түспеуіме көмек сұрадым. Басқа жігіт табылар. Маңдайыма жазылған бір адам бар шығар.
Тағы да айтарым мен қазір медицина бойынша білім алудамын. Соңғы курсым алда мемелкеттік емтихандар. Қатты қорқып, қобалжып жүрмін. 1 айдан кейін басталады. 5 сабақтан тапсырамыз. Қатты қорқамын қалай болар екен деп. Оған қосымша сертификат, тест дегендер де бар. Оқып дайындаламын ғой, бірақ сонда да тапсыра алмай қалатын сияқтымын. Анамды ойлаймын ол кісі маған үміт артып отыр жəне де тапсыра алмай қалсам қиналып уайымдайтыны анық.
Емтихандарымды жақсы тапсыру үшін маған ойымды жинақтап, жүрегімді жаралаған жанды ұмытуым керек.
Аноним