Намаз оқимын дегендерге күдікпен де қарайтын болдым

Намаз оқимын дегендерге күдікпен де қарайтын болдым

Қазір бес уақыт намазға жығылғандардың саны күн санап артып келе жатыр ғой. Бұған қуанбасақ ренжімейміз әрине. Алайда намазға жығылғанның жөні осы екен деп, бір жағынан күнәға белшеден батуға бола ма? Соңғы кездері ортамыздан көп байқап жүрмін. Тіпті осындайларды жиі көрген сайын имандылыққа бет бұруға да ойланып қалады екенсің. 

Көршім бар, үш-төрт жас айырмашылығы болса да араласып тұратынбыз. Алайда біреуден бірдеңені жырып кету, базарға барса «көрсетпей қалап алудың» шебері еді. Неше рет «мынауың не» десем әзілге айналдыра салатын. Жақын күндері намаз оқып бастапты. Естігенде қуанып қалдым. Бұрынғы сұғанақтығын қоя ма деген ойым ғой. Алайда бір күні тағы бір көршімнің гаражына бірге бара қалдық. Гараж иесінің көзін ала бере сөреде тұрған көліктің бөлшегін жымқырып жатқанын көріп «қойсай еу» десем, «маған осы керек болып жүр еді, құдай да көріп тұр ғой мұқтаждықтан алып жатқанымды, кешіреді» дейді. Соңғы кездері қоғамымызда осындай өзінен өзі бәтуә шығарып, ол ісін Аллаға мақұлдатып, намаз оқыған соң өзін басқалардан жоғары қойып жүретіндердің ісі шаршатты. Тағы бір келіншекті танимын. Намаз оқиды. Жесір келіншек еді. Отбасылы біреумен кездесіп жүргеніне бірнеше жыл болды. Онысын жасырмайды да. Некемізді мешітте қидырып алдық дейді. Құдай-ау бұл айналып келгенде көз бояушылық емес пе?! Егер жұрттың бәрі «некемізді мешітте қидырып алғанбыз» деп, отбасылы ер адамдармен жүре берсе не болады?! Соңғы кездері осындайларды жиі көріп, шынымды айтсам намаз оқудан да түңіліп кеттім. Осындай өз бетімен бәтуә шығарғыштар дәстүрлі дінімізді кірлетіп те болды.
Өткенде Алматы қаласының орталығындағы бір мешітке кірсем, уағыз айтып жатыр екен. «Намаз оқымайтындар харам» деп жатыр. Сонда ата-анасы намаз оқымаса, бұл баланы қарсы қою емес пе ата анаға?! Сондай-ақ «әйел адам күйеуінің разылығы болмаса, өмірден өткен әкесін жерлеуге де бармау керек» деп жатыр. Әйел адам үшін ең алдымен күйеуінің разылығы бірінші орында тұру керек деп. «Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояды» деп осылай етуге бола ма? Сонда туған әкесін жерлеуге бармайтын қыздың адамгершілігі қайда? Күйеуінің разылығын алу керек деп, туған ата-ананы ысырып қоюға бола ма? Бұларды естіп алған, діни сауаты аз адамдар ертең ойына келгенін істемей ме? Біз білетін дінде ең алдымен адамның адамгершілігі, адалдығы таразыға салынатын еді. Соңғы кездері намаз оқып, имандылыққа бет бұрдым дегендердің әрекеті исламнан түңілдіріп барады. Сондықтан соңғы кездері шынымды айтсам намаз оқимын дегендерге күдікпен де қарайтын болғанмын. Менің ұғымымда күнә істеп алып, сонысы үшін намаз оқитындар емес, рухани тазарған, пенделіктен ада адамдар ислам дініне бет бұруы керек секілді еді.
Ненің не екенін білмесең, діни сауатыңды арттыруға тырыспасаң, бәлкім намаз оқымай-ақ тыныш жүру керек пе?! Әсіредіншілдер, білгенін істеп, артынан кешірім сұрағансып, намазын оқып жүре беретін болса асыл діннен не қалады?! Әлде менікі дұрыс емес пе?

Асан АЙТҚАЛИЕВ, Ақтау қаласы

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста