Нағыз қазақ әйеліне еркектің қолы емес, БАСҚА ЖЕРІ көтеріліп тұруы керек - қазақ жігіті
Бірнеше күн бұрын біз Instagram парақшасына жалаңаш әйелінің суретін салған қазақ жігіті туралы жазған болатынбыз.
@mywifeinstockings деп аталатын аккаунт соңғы аптада отандық Instagram желісінде үлкен талқыға түсті. Оған себеп болған сол жерде ұдайы салынып отыратын жалаңаш қыздардың фотосуреттері.
Caravan.kz медиа-порталының тілшісі Қазнеттің соңғы кездердегі басты кейіпкерінен сұхбат алды. Айта кетейік, бұл жас жігіт үшін өміріндегі алғашқы сұхбаты екен.
- Сіздің парақшаңызға кіргендегі әр адамның ойына келетін сұрақтан бастағым келіп отыр. Бұның бәрі Сізге не үшін керек?
- Жай, ермек үшін істелген нәрсе. Шыны керек, бұл парақшаны Испанияда демалып жүргенде ашқан болатынбыз. Біз свингерлікпен (жыныстық партнермен алмасу - автор) айналысамыз. Өткен жылдың жазында Ла-Корунья қаласында жүргенде 3 жұппен кездестік. Кезекті кездесуден кейін біз үш жігіт болып Instagram желісінде парақшаны ашып, ол жерге әйелдеріміздің жалаңаш суреттерін салуға келістік.
- Оны 300 мың оқырманы бар танымал парақшаға қалай айналдырып жібердіңіз?
- Бұл енді біздің испаниялық достарымыздың еңбегі. Парақша @mywifeinstockings деп аталатындықтан, көбінесе ол жерде еуропалық оқырмандар отырады. Пікірлердің көбі ағылшын және испан тілдерінде жазылған. Ең бастысы, барлығы анонимді түрде жасалады. Біздің аты-жөнімізді, кім екенімізді ешкім білмейді. Фотосуреттерде әйелдеріміздің түрі көрінбей, тек денесі ғана салынады.
- Егер бұның бәрі құпия түрде болса, отандық әлеуметтік желі қолданушылары қазақ екендеріңізді қайдан білді?
- Менің ойымша, ақпаратты достарымыздың біреуі таратып жіберген сияқты. Себебі 1,5 жылдай тыныш қана парақшаны жүргізіп отырғанбыз. Бұл туралы тек жақын достарымыз ғана білген. Енді біз одан әрі абай боламыз. Осы қалпымызда белгісіз ұятсыз қазақтар болып қала берейік.
- Жұбайыңыз бұндай ұсынысқа бастапқыда қалай қарады?
- Ең қызығы, мұны жұбайым бастады. Ол төсекте өте тойымсыз, тартымды, әрі сексуалды. Әр қазаққа осындай әйел бұйыртсын. Парақшаның ішіндегі жағымсыз ойлар көбінесе көре алмаушылыққа келіп тіреледі. Еркектер сүйіктілерін қанағаттандырудан қалған, нағыз рахаттың дәмін көрмеген. Ал әйелдер жыныстық құмарлықтарын сыртқа шығармайды. Өйткені үйінде сұрапыл диктатор отыр. Ол оған қолын көтереді. Оның орнына нағыз қазақтың әйеліне қолы емес, басқа жері көтеріліп, қатып тұру керек.
- Сіз свингерлікпен қашаннан бері айналыса бастадыңыз? Қазақ жұптарымен төсектес болдыңыздар ма?
- Әрине, бірақ біз көрінгенмен кездеспейміз. Біз процесске кірісу алдында оларды жақсылап танып, сөйлесуіміз қажет. Бізде қазір тұрақты түрде кездесетін 2 қазақ жұбы бар. Олар бізге дейін қысылып, өзінің фантазияларын сыртқа шығара алмай жүрген. Ал қазір біз олармен толыққанды ләззат алудамыз.
- Сіздердің әлеуметтік желідегі парақшаңызға байланысты алда қандай жоспарларыңыз бар?
- Біз бұл істен пайда табуды жөн көрдік. Монетизацияландырып, жарнама істейміз. Бізге көптеген компаниялар ұсыныс жасап үлгерді. Оның ішінде қазақстандықтар да бар. Бірақ олардың кім екенін Сізге айта алмаймыз.
Одан бөлек, біз алдағы уақытта оқырмандарымыздың әдемі жұбайларының фотосуреттерін де салуды жоспарлап отырмыз. Бірақ, ең басты шарт – барлығы құпия түрде жасалатын болады.