Мені зорлаған жігіттің жолы болмады...
Осы хатты жариялап отырған себебім адамдар әр жасаған қателіктерінен сабақ алса екен деймін. Әр-бір қараңғы түнектің алдында шуақты күн шығары сөзсіз.
Егер адамның көз жасы жазықсыз болса Алла оны ешқашан жібермейді екен. Мен бала кезімнен оқуға қатты бейім болдым. Əке шешем дінге жақын, ата əжеміз намаз оқитын өте қазақи адамдар болды. Бізге берген тәрбиесі де өте керемет еді. Мен 6-шы кластан бастап мемлекеттік қыздар медресесінде қосымша ілім алдым. Оқу үлгерімім озат, жігіт деген мен үшін қызықтырмайтын əңгіме болған.
8-класта мені А есімді класттасым қатты жақсы көрді бірақ мен оған ешқашан келісім берген емеспін сөйтіп жүріп оқу бітірдік. Астана қаласына Еуразиялық ұлттық университетіне грантқа түстім.
2011-жылы 2-курста кластың балалары бас қосатын болып Өскеменге жиналатын болдық. Оқудан шаршап жүрген мен үшін достарымды көру қуаныш болды. Екінші семестрдің жартысын аяқтап Наурыз кезінде, демалыста Өскеменге бардым. Бəріміз жиналып бас қосып жырғап қалдық.
Ол кезде мен намазымды оқимын, орамалдамын. Ешбір жігітке қолымды беріп көрген емеспін. Бұрынғы мені жақсы көрген жігіт те болды. Кластың балалары квартира алып қойыпты. Сосын кешкісін сол жігітпен бізді қамап кетті. Сүйтсем олар бізді əдейі жүргізу үшін ұйымдастырған екен.
Пəленің көкесі енді басталды. Жігіт маған тисе бастады, сен мендік боласың сосын менен аса алмай қаласың деп, мені ешкім тиіспеген тəнімді зорлап тынды.
Менің күшім ештеңеге жетпеді. Кластың балаларына қатты ренжідім. Жігіттерден де əбден көңілім қалды. Жігерім құм болды. Астанаға сол күні такси тауып қайтып кеттім.
Өмірден түңіліп құр сүлдерім қалып, сол күннен бастап әр күнді жылаумен өткізетін болым. Арымның осылай тапталғаны мені намыстан өлтірді. Неге сол жаққа бардым? Аяғым ауыр болып қалса ше? Әке шешем білсе ше? Бармағанымда осылай болмас еді деген сұрақтар миымнан кетпейтін.
Бұл сырымды жақын достарыма айтуғада намысым жібермеді. Өкініш өзегімді өртейтін, мен үшін бұл үлкен сынақ болды, егер аяғым ауыр болса, әке шешем атына кір келтіргенше өліп қалғаным дұрыс деген ойға да бардым.
Бірақ Алладан қорықтым. Жігіт атаулыға жиіркеніп қарайтын болдым, мені мына түріммен кім алады? Ертең күні қыздығың жоқ деп бетіме басат деген оймен тұрмысқа өмір бойы шықпаспын деген ой келді.
Осы стресстен оқуымда нашарлап кетті, томаға тұйық ешкіммен араласпай жалғыз өзім жүретін болдым.
Сіздер сенбейтін шығарсыздар бірақ құдай көріп тұр 2011-ден 2014-жылға дейін осы стресстен арыла алмай жүрдім. Сол жылдары тіпті таң атқанша көрпенің астында жылайтынмын. Әр күнгі дұғамда Алладан кешірім сұрап, мен үшін осы бір істі қайырлы ет деп дұға қылатынмын. Бірақ Алла маған бұл қиыншылықты мың еселеп қайтарды, мені осы түнектен алып шыққан осы күнгі күйеуім. Ол бар сырымды ешкімге айтпаған мұңымды бәрін жеңуге көмектесті...
Менің сіздермен бөлісетін керемет тағы бір сырым Алланың құдреті шексіз екені мені қатты таң қалдырды. 2011-жылы мені қан жоса болып алынып қалған арым қайта қалпына келген екен. 2014-жылы тұрмыс құрған алғашқы неке түнім сәтті өтті. Қыздығым қалпына келген. Алла маған осылай адал екенімді дәлелдеді. Күйеуім екеміз қатты таң қалдық.
Күндер өте ана жігіт туралы таныстардан естідім, әлі күнге дейін қызы да жоқ, бір қыздың аяғын ауыр қылып тастап оны алмаймын деп, қыз ДНК сараптамасын жасатып сотқа берген екен. Менен кейін көрмеген қиындығы жоқ, кредит алған оны төлей алмаған. 2015-жылдың аяғында ол жігіт маған звондап жылады. Сені қатты ренжітттім, содан кейін жолым болған емес, маған кешірім берші! тек кешірім берсең болды, жасаған ісіме қатты өкінемін деп менен кешірім алды.
Менің түсінгенім жазықсыз болсаңыз оның артында еселенген жақсылық болады екен соған сеніңіздер. Алла бәрін көріп тұр. Жазықсыз жандар сіздер үшін құдайдан мыңдаған жақсылықтар болатынына мен сенем.
Аноним