Мен оны соңғы демім қалғанша сүйіп өтем
Жаз айында тойымыз керемет өтті. Мен оқуымды бітіріп, ол жұмыс жасап жүрген уақыт еді. Қазір есіме алсам, өзімнің 4 жыл бұрын қандай бақытты болғанымды сезінемін. Үйінің жалғыз ғана ұлы еді. Жақсы жерден шыққан, ақылына көркі сай, жақсы жар, үлгілі əке болуға дайын ер азамат еді. Оны жан тəніммен сүйдім. Үйленгенімізге 5 ай болғанда одан "Қанша баланың əкесі болғаныңды қалайсың?",- деп сұрағанымда, ол үш баланың əкесі, 1 ғана əйелдің аяулы да асыл күйеуі болғысы келетінін айтты. 1 жылдан кейін Азамат ұлымыз дүние есігін ашты. Өсе-өсе оның қылығына тоймай, күн сайын еркелетіп, ана мен əке махаббатын, тəрбиесін жақсылап беруге тырыстық.
Күйеуімнің қандай керемет жан болғанына осы күнге дейін қатты таң қаламын. Мен өзім асып бара жатқан сұлулығымда, тартымдылығым да жоқ. Оның айтуы бойынша, ол менің тəрбием мен қарапайымдылығыма ғашық болған екен. "Болашақта өмірімнің соңына дейін қасымнан, қиын-қыстау кезеңдерде менімен барлық қиындыққа қарсы тұрып, жақсы жар, аяулы ана, үлгілі келін болып, балаларыма жақсы тəрбие беріп, отбасымның берекесін, бірлігін шайқалтпай, менің ата-анама жақсы келін, маған жар болуға дайынсың ба?",- деп ұсыныс жасағанда мен қуаныштан: "Иə, əрдайым сенің көңіліңнен шығуға, ата-енеме сүйікті келін, балаларыңа аяулы ана, саған жақсы жар болуға уəде беремін!",- деп өз келісімімді бергенім əлі күнге дейін есімде. Бұл кезде мен 20 жаста, Қуанышым 24 жаста болатын.
Ол жұмыстан үйге келгенде үйіміз əсем күйге бөленетін. Баласын бауырына басып, ата-анасын құшағына алып, мені қатты-қатты құшақтап үйге кіретіні есімде. Барлығымыз дастархан басында өзіміздің бақытты шақтарымызды, бір-бірімізге деген махаббатымыз бен сүйіспеншілігімізді білдіріп отыратын едік. Арадан уақыт зымырап өтіп, ұлымызда 3жасқа толды. Бейсенбі күні болатын, күйеуімнің жұмыстан келетін уақыты болды. Мен оны уайымдап, хабарласқан кезде ол көтерген жоқ. Содан бастап, жүрегім қатты соғып, аяқ-қолым дірілдеп, ішкі жан дүнием алай-дүлей болып, өзім бір жамандықты сезгендей, ұялы телефонымды алып, қайта соқтым. Екіншісіне де жауап бермеді. Ұлым əкесін, ата-енем ұлын жұмыстан күтіп отырған кезі еді. Содан мен ата-енемнің қасына барып:" Жүріңіздер, отырып тамақ ішіп алайық. Қуаныш сəл кешігіп жатқан сияқты. Азаматтың да тамақ ішетін уақыты болды",- дедім. Ата-енем маған қарап, бірдеңені жасырып не сезіп отырған түрлерімен:" Жарайды қызым, қалауың білсін",- деп шайға отырды. Ешқайсысымыздың көніл-күйіміз жоқ. Бір уақытта үйге қоңырау шалынды. Мен орнымнан бірден тұрып, қоңырауға жауап бердім. Қоңырау шалған оның досы:
-Кеш жарық! Қалайсыздар?
-Рахмет жақсы, өзіңіз?
-Ойдағыдай. Үйде бəрі дұрыс па?
-Рахмет, барлығы жақсы. Қуанышты күтіп отыр едік.
-Гүлнəр, сен өзіңді бас, ашуланба, менің сөзімді соңына дейін тыңда,- деп өтініш жасады. Мен келісімімді бердім.
-Қуаныш бүгін үйге келмейді.
-Ол қайда?
-Қазір ауруханада жатыр.
-Қалай? Қай аурухана?-деп, мекен-жайын алып, үй ішімізбен бардық.
Сөйтсе, ол көлік апатына ұшыраған екен. Миына қатты зақым келіпті. Күдіктілер табылған жоқ. Із-түссіз жоғалып кетті деседі, дəрігерлер. Оны көре де алған жоқпыз. Сол күні түнде ол бізді тастап кете барды.
Кеше ол жұмыстан келгенде сондай қуанышты еді. Екеуіміз ұйықтар алдын мені құшақтап, өзінің қасында жүрген жандарды, соның ішінде ата-анасын, ұлын, мені қалай жақсы көретінін айтып еді. Сол түні мен оған екінші рет əке болатынын айтқанмын. Бақыттан бал-бұл жайнап, ұлының бетінен сүйіп ұйықтаған болатынбыз. Егер де сол түні соңғы кездесуіміз болғанын білгенімде бəлкім оны жұмысқа жібермес пе едім...?! "Тірі жан тіршілігін жасайды", демекші бірнеше айдан кейін ұлым мен қызым дүниеге келді. Бұндай қуанышты сəтте тек қана бір адамның орны білінді. Ол əрине менің Қуанышым. Олар да жасқа толды. Күйеуімнің өзі қалағандай, оның 3 баласы бар. Ата-енем менің өз теңімді тауып, бақытты болғанымды қалады. Мен өзімнің уəдемде қалай болса да тұрамын деп:" Күйеуім қалағандай оған асыл жар, сіздерге жақсы келін, немерелеріңізге аяулы ана",- міндетін атқаруым тиіс,- деп айттым. Қазір жасым 35-те. Үлкенім 15-те. Қарап отырсам 3 балаларым да əкелеріне ұқсайды. Əлі күнге дейін ата-енеммен тұрамын. Оларды жақсы көремін. Кезінде ата-анам:" Қызым, қандай жағдай болмасын кеткен жеріңнен қайтып келмеуге тырыс",- деп жібергеп болатын. Қазір қуанамын, қайтып бармағаныма. Азамат аға ретінде інісі мен қарындасына ақыл айтып отырады. Күйеуіммен, ата-анаммен, ата-енеммен, балаларыммен мақтанамын, осы күніме шүкір деймін. Бақытты болыңыздар.
Аноним