Мен неге түрік жігітіне ғашық болдым?

Менің өткен өмірімнен хабардар бір құрбым хабарласып, "Алаш айнасы" порталында менің тағдырма ұқсас оқиғалардың жарық көріп жатқанын айтты. Шынымен де ұқсас тағдырлар. Альфия құрбым, сенің "Түрік жігіттері қазақ қыздарына неге құмар?" деген сұрағыңа жауапты менің басымнан өткен оқиғадан оқып табарсың деп ойлаймын!

Мен Қарағанды аймағында туып-өстім. Үш әпкем және інім бар. Мен әпкелерімнің таныстары арқылы түріктің "Туркуаз" фирмасының Қарағанды филиалына жұмысқа тұрдым. Бас есепшінің көмекшісі қызметін атқардым. Бір құрбымның тойында Әсет есімді жігітпен таныстым. Ол Шет ауданынан. Қарағандыда бір мекемеде күзетте жұмыс істейді екен. Басында жігіттің материалдық жағы қанағаттандырмаса да түріне қызықтым ба әйтеу қыз бен жігіт болып жүруге келісім бердім. Біраз уақыттан соң мен жалыға бастадым. Анда-мында баруды Әсеттің қалтасы көтермейді. Екі күн жұмыс істеп, бір күн дем алады. Телефонмен сөйлесу, смс хабарламалар да қызықсыз болып кетті. Сөйтіп жүргенде "Туркуаз" фирмасының Алматыдағы бас бөлімінен біздің филиалға Хакан есімді түрік жігіт келді. Міне, жігіт деп соны айт! Ақшасы да бар, түрі де әдемі, қызметі де жақсы. (Сол кездегі ойым). Альфияның әңгімесіндегі қыздардай мен де түрікшеге судаймын. Не құдіреті барын кім білсін, Қазақстанда жүрсе де жұмыста бүкіл орыс-қазақ түрікше сөйлейтін. Біздегі қыздардың барлығының көзі Хаканда. Бірақ, жігіттің өзіндік тәкаппарлығы ма жоқ әлде қыздарды түсіру әдісі ме кім білсін, Хакан сері біздерге мойын бұрған емес. Жұмыстан үйге асығатын мен соңғы кезде үйге асықпайтынды шығардым. Бір күні жұмыстан кейін ұжымда Сара есімді қыздың туған күнін атап өттік. Сату бөлімінде Айнұр есімді келіншек бізде лауазымды қызмет атқаратын Мұрат беймен көңілдес еді. Кеш соңында Айнұр мені жеке шақырып, отырыстан соң Мұрат бей, Айнур және Хакан үшеуінің бір клубқа баратындықтарын сол отырысқа мені шақыратындықтарын айтты. Сөз арасында менің Хаканға ұнайтындығымды да айтып салды.

Біраз көңіл көтеріп, билеп үйімізге таң ата қайттық. Мені Хакан үйіме дейін шығарып салды. Хакан сөйлеген сайын тоқтамай сөйлей берсе екен деймін. Мен үшін Хаканның бар әңгімесі қызық. Не деген ақылды, не деген оратор, білімді жігіт! Жай ғана қолымнан ұстап, кетер кезде ақырын ғана бетімнен сүйді. Не деген керемет, сыпайы жан еді! (сол кездегі ойым). Осы қылығынан кейін мені өзіне тіптен ынтықтыра түсті. Қызды сындыру тактикасы болар, басқа жігіттердей бірден жабыспайды, төсекке сүйремейді. Түскі асты бірге ішуден басқа бөтен әрекет жасаған емеспіз. Тіпті, сол Айнұр деген келіншекті онша жақтырмасам да түрік махаббатыма жақын болу үшін Айнұрмен де араласа бастадым. Біраз уақыттан кейін ораза уақыты келді. Бүкіл фирмадағы түріктер ораза ұстайды. Өмірі ораза ұстап көрмеген мен, бірден ораза ұстаймын деп шештім. Ондағы ойым - Хаканға жақын болу. Жұмыста ораза ұстайтындар ауызашарда жиі бас қосатын. Енді дегенім болып, мен де солармен жиі кездесетін болдым. Хакан Қазақстанға келгеніне төрт жыл болғанын айтты. Бұрын үйленбеген. Түркияның Кемер қаласында ата-анасы тұрады. Ауқатты отбасы. Қазақстан да ұнайды. Қыздары да ұнайды. Қазақтың қызына үйленуге өзі де ата-анасы да қарсы емес. Түркияда жағдайы жақсы болса да достарының шақыртуымен Қазақстанға келген-мыс.

Сонымен ораза да бітті. Әсет әкесі ауырып кезекті еңбек демалысын алып, ауылға кетті. Бір күні Хакан мені киноға шақырды. Сонымен кинодан соң түнгі қаланы араладық, небір гүл шоқтарын сыйлады. Сүйсіп те үлгердік. Кафелерге баруды жиілеттік. Мен көшеде Хаканмен жүруге ұялған емеспін. Ақымақ басым, өзімше осындай сұлу түрік жігіті қасымда деген іштей мақтаныш сезімі болды. Кейде тіпті кафелерде отырғанда, қазағымның жігіттері алайып жаман көзбен қарағанда, былқ етпей отыра беретін едім. Қайдан білейін, өзіміздің қазақ азаматтарына жетер жігіт жоқ екенін.

Сонымен біз қыз бен жігіттей жүре бастадық. Тіптен ашық десе де болады. Әріптестеріміздің барлығы да сезді. Сезді емес-ау білді. Хакан Алматыға арасында іс сапармен кеткенде "ашкым" деп қайта-қайта звондап, жағдайымды біліп тұрды ("ашкым" қазір ең жек көретін сөзім). Алматыдан келгенде небір базарлықты үйіп тастады. Тіпті махаббатым маған айфон телефон да сатып әперді. Не деген қолы ашық, сүйіктісінен ақша аямайтын жігіт! (сол кездегі ойым). Бір күні бір мереке қарсаңында Хакан маған Астанаға қыдырып қайтуға ұсыныс жасады. Романтикаға толы күндер басталды. Менің айтқан сөзім Хакан үшін заң еді. Маған әдемі киімдер әперді. Қаланың ен көрікті жерлерін түгел араладық. Сол түні мен алғашқы рет ер адаммен төсектес болдым. Пәктігімді түріктің азаматына сыйладым. Қойшы, өмірге ризамын. Тіпті, Хаканға алғашқы түнімді сыйлағаныма мәзбін. "Өмір бойы аялап өтем" деп жігітім барлық уәдені үйіп жатыр. Тіпті өзі жуындырып, тамақты аузыма салып, денеме массаж жасап есі шығып жүр. Не деген романтик, не деген әйел жанын түсініп, аялайтын еркек! (сол кездегі ойым).

Енді менің үйде қонбауым жиіледі. Ол төсекте де маған ұнау үшін, барлық амалдарды жасайтын еді. Тіпті түнімен ұйқы бермейтін кездері де болды. Сол кезде ойлайтын едім, қыздар арасында "түрік жігіттері төсек махаббатында жынды" деген сөз бар, расымен солай екен ғой деп. Мен оған ғашық болдым. Түріне, ісіне, қылығына, мені қыдыртқанына, ақшасына, төсек ләззатына. Хаканнан басқа жігітке еш мән берген емеспін, тіпті Әсетті ұмыттым. Аптаның соңғы күні болатын. Жұмыстан үйге келіп, тез-тез жуынып, киіне бастадым. Есіктің қоңырауы шырылдады. Ашсам, Әсет тұр. Мені көріп бас салып, жағдайымды сұрап, "сұлуланып кетіпсің" деп қояды. Үйде ешкім жоқ болғандықтан, ерніме жабысты. Көзім қарауытып, біреу мені зорлағалы тұрғандай, бар күшімді жинап Әсетті итеріп жібердім. Тіпті Әсеттен жиіркендім десем де болады. Оған бар шындықты айттым.

Осылайша Әсеттен құтылып, махаббатқа толы күндер өтіп жатты. Бір күні менің аяғым ауыр екенін білдім. Күйеуге шығып, өмірім 180 градусқа өзгереді. Күйеуім Хакандай өзі бай өзі әдемі жігіт. Мені өліп сүйеді. Одан артық не керек деп ойладым. Қазір ол емес массажды мен жасап, махаббатымды мен жуындыратын болғанмын. Оның қолынан келетіні, маған түрікше махаббатқа толы жылы сөздер айту, өзінше еркелету. Мен оған өзімнің аяғым ауыр екенін жеткіздім. Жігітім қатты қуанбаса да түрінен еш қарсылық байқатпады. Ол енді мені ақырындап дайындай бастаған сияқты. Алматыға көшеміз, сол жерден үй аламыз. Бірақ оған қаражат керек. Ол үшін біраз жұмыс істеу керек. Дәл қазіргі уақытта бала керек емес. Мен сүйіктіме артық проблема жасағым келмей, түсік жасатуға келісім бердім. Сөйтіп, мен алғашқы түсігімді жасаттым. Хакан қайтадан Алматыға жұмысқа ауысатын болды. "Әзірше келіп-кетіп тұрасың, жақсы ваканция болғанда ауыстырып аламын" деді. Бір рет Алматыға өзім барып келдім. Бірақ, Хакан маған бұрынғыдай сыйлықтар әперген жоқ, ұшаққа да билетті өзім алдым. Ең үлкен сыйлығы - телефоныма мың бірлік салып берді.

Алматыдан келгеннен соң бір ай өтпестен өзімнің тағы да аяғым ауыр екенін білдім. Енді Хаканға айтайын десем, ол Түрияға демалысқа кеткен. Не істерімді білмеймін. Бір ай уақыт өтті, телефоны сөндірулі. Ақымақ басым, оның аты-жөнін де дұрыс білмейді екем. Бар білетінім есімі - Хакан. Енді Айнұрға жабыстым. Ол өте ақылды қу келіншек болатын. Оған бар жағдайды айттым. Ол маған көмектесуге уәде берді. Ақырындап Мұрат бейден Хакан туралы мәлімет сұрай бастады. Мұрат бей де қу ғой, өз ұлтын сатсын ба? Мардымды ештеме біле алмадық, тек бір сөзінде ата-анасының Кемерде емес, бір ауылда тұратынын айтыпты. Мен Айнұрмен ақылдаса отырып, Түркияға сүйіктімді іздеп баруға шешім шығардым. Бірақ қайда, кімге? Чеховтың «Ванька» әңгімесіндегі Ванька Жуковтың атамның ауылына жазған хатындағыдай ма? Ақыры, кадрлар бөлімінің бастығы Зина тәтейге бар жайды айттып, сыйлығын әперіп көндірдік. Ол кісі Алматы арқылы маған Хаканның мекенжайын тауып берді. Енді тек Түркияға бару. Өмірі Қазақстаннан шетелге шығып көрмеген мен қалай барамын?

Күндер өтіп жатты. Үйге үлкен әпкем келді. Менің түрімді көріп, шошып кетті. Бар жағдайды бірден білді. Арасында ұрысып, арасында өзіне қол салып қоя ма деп мені жұбатып, әпкелерім жастары келіп қалған ата-анамды уайымдап, менің проблемамды шешуге кірісті. Біз ұшаққа отырып Кемерге ұштық. Түрікшеге мен судай болғандықтан, қонақ үйге тез орналастық. Алған мекенжай бойынша Хаканның үйін де таптық. Есікті ашқан түрік әйелі "сендер кімсіңдер?" дегендей ештемені ұқпай бізге қарап қояды. Жүрегім бір жамандықты сезді. Үй иесі әйел Хаканның әйелі екен. Өзі суреттегендей керемет өмірді көріп тұрған жоқпын. Қарапайым тұрмыс. Хаканға әйелі хабарласып, біздің келгенімізді айтты. Жарты сағаттан соң менің "сүйіктім" келді. Жарқырап Қазақстанда киініп жүретін Хакан жоқ. Жұпыны ма әлде маған солай көрінді ме біртүрлі. Хаканға аяғым ауыр екенін түгел айтып жатырмын. Сондағы менің «сүйітімнің» айтқаны:

- Мен ешкімге уәде берген жоқпын. Мен уақытша Қазақстанға барғанмын. Қазақтың қыздары өздері түрік жігіттеріне жабысады. Менің отбасым бар. Қыздарыңызға дұрыс тәрбие бермеген өздеріңізден көріңіздер! Қазақтың қыздары көп қой түріктен бала тапқан. Баланы дүниеге әкелемін десең өз еркің. Мен еш жауапкершілікті мойныма алмаймын. Қазақстанға жол түсіп жатса барып тұрармын. Менің екі отбасын асырайтын жағдайым да жоқ!, - деді. Біз ештеме деместен шығып кеттік. Әпкем ақылды еді. Ол түрікше білмейді, қазақша бірдеме айтқан болды. Мен әйелін көргеннен кейін бе әлде шок алдым ба, сөйлей алмадым. Тек жылай бердім. Көз алдыма Әсеттің менің үйімнен шығып бара жатқаны, елестеді. Әсеттің сол кездегі жан-дүние жарылысы маған сезілгендей. Салымыз суға кетіп, Қарағандыға қайтып келдік. Хакан отбасына қалай ақталды хабарсызбын және де білгім де келмейді.

Мен екінші рет түсік жасаттым. Жұмыстан да шығып кеттім. Түрік ағайындардың түрін көрмек тұрмақ, аттарын да естігім келмейді. Қазір екі жыл болды қарапайым қазақ азаматына тұрмысқа шықтым. Ол менің өткен өмірімнен хабарсыз. Сол үшін де атымды өзгертіп жазып отырмын. Әлі баламыз жоқ. Бірақ, мен өзімді қазақ азаматымның сүйгеніне ризамын.

Естуімше, Әсет үйлі-баранды ауылында тұрады, жеке кәсіпкер. Өткен өмірім есіме түссе ішім қан жылайды. Мен сияқты қыздар түріктердің арбауына түсіп, алданып қалмаса екен деймін. "Романтика" деген түріктердің жәй әншейін уақытшалық қызды қолына түсіру әдіс, айла-тәсіл қаруы ғана. Өмірді ақшамен бағалап, өзімді аялап тұрған қазағымның асыл азаматынан теріс айналғаныма да ұяламын. Ұлтымның намысын қорлап, намыстан романтиканы жоғары қойған мен сияқты қыздар да осы менің жазбамнан соң ойланар! Айтпақшы, түріктердің сонымен қатар бай-бақуаттының рөлін сомдайтын әртістік қабілеттері де бар сияқты. Бай деп жүрген "сүйіктім" қарапайым өмір сүріп жүрген орташа ғана қызметі бар еркек екен, кейін білдім...

Автор: Жадыра Асаубаева, Қарағанды
alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста