Мен күйеуіме арақты қалай қойғыздым?

Мен күйеуіме арақты қалай қойғыздым?

Құрметті «Алаш айнасы» интернет-газетінің ұжымы. Сіздердің сайттарыңыздағы «Отбасы – ошақ қасы» айдарына көптеген жанға үлгі болар деген ниетпен өз басымнан өткен мына бір жайтты жолдап отырмын. Егер көңілдеріңізден шығып жатса жарыққа шығарарсыздар.
Халыққа танымал өнер иесі әзілқой Тұрсынбек Қабатовтың «қазақтың әйелдері тұрмысқа шыққан соң күйеуіне бәрін қойғызып тастайды. Бірінші арақты қойдырады, одан кейін достарымен араластыруды қойдырады, одан соң туған-туыспен ара-қатынасты жақындатпай не алыстатпай ұстауды үйретеді. Осылайша олар бәрін қойдырады» дегені бар емес пе?! Ақиқатында бұл сөздің жаны бар. Расымен де біраз қазақ әйелдерінің тұрмысқа шыға салысымен ол көне ме, жоқ па cоған қарамастан-ақ күйеуінің кем-кетігін жонып, түзеп-күзеумен айналысып кететіні бар. Мұны мойындауымыз керек. Сөйтіп, Тұрсынбекше айтқанда мен де тұрмысқа шыға салысымен күйеуімнің басқасынан бұрын арағымен «алыса» бастадым. Әрине, еріккеннен емес, «отбасының берекесі кетпесін, күні ертең балаларым өскенде әкелерінің осы қасиетін бетіне шыжғырып баспасын» деген ойдан осындай қадамға бардым. Осылайша арақпен «айқасудың» өзіндік жобасын жасадым. Бұл жобамды өзгелер сабақ алсын деген оймен «Алаш айнасының» оқырмандарымен бөлісуді жөн көріп отырмын.
Әрине, бірінші мораль оқылды...
Алдымен не істедім дейсіздер ғой?! Алдымен, күйеуім үйге ішіп келген күні қабағымды шытып, ыдыс-аяғымды салдырлатып, ұрыс-керісті өзім бастайтын болдым. Арасында күйеуімнің «ақылсыз миын аршып» мораль оқи бастадым, ата-енемді шақырып отбасылық «жиналысқа» да салдырдым. Осылайша күйеуімді ықтырып, жөнге салармын деп ойладым. Бірақ бұдан қойылған арақ та жоқ, үйге енген береке де жоқ. Керісінше, бір күнгі ұрыс, отбасымыздан қырық күнгі ырысты кетіріп күйеуім екеуміздің арамыздан ала мысық жүгіріп өтіп, әрбір ұрыс-керістен жүйкеміз тоза бастады. Сонымен жиі «гастрольдететін» (күйеуім ішіп жүрген күндерді осылай атайтын едім) ерімді мораль оқу арқылы шөлмектен ажырата алмадым. Керісінше, оның үйге ішіп келуі жиілеп кетті. Сөйтіп, құрғақ моральдың өтпейтінін, мұнымен оны арақтан арашалай алмайтынымды аңғардым да келесі қадамға аяқ бастым.
Төркінге кетіп қалдым...
Келесі қадамым, барлығына қолды бірақ сілтеп, баламды құшақтап алып төркініме кетіп қалу болды. Өзіме керекті заттарымды жиып алып, күйеуімнің кезекті «гастрольден» келуін күтпестен төркініме тартып отырдым. Көңілім дел-сал. Жүрегім соншалықты езіліп, үйдің есігін сыртынан жауып жатып «бұл қадамға арақты қойдыру үшін барып жатырмын ғой» деп өзіме дем бердім. Байыбына барып ойланбастан қаланың шетіндегі әке-шешемнің үйін бетке алдым. Бірақ төркінге беймезгіл уақытта, оның үстіне шақыртусыз келгенімді әке-шешем жақтырмады. «Осыдан үйге жетсем бе, барлығын жасырмай айтып беремін, шыдамның да шегі бар» деген булыққан ойларымның барлығы әкемнің сұстанып бір қарағаннан-ақ басымнан бұл-бұл ұшты да кетті. Өзімнің балалығым өткен өз үйімде отырып «жат жұрттық екенімді» осы кезде сезіндім. Анамның дастарқанынан дәм таттым да үш сағатан соң қайта келген ізіммен, ешқандай шағым да айтпастан, ештеңе деп тіс жармастан өзім келін боп түскен үйге қайтып келдім. Сөйте тұрып, енді бұл босағаны қандайда бір себептермен тарс жауып кетпеуге уәде бердім. Бірақ күйеуімнің ішімдікке салынып кетпеуі үшін дабыл қағуым керектігін де жақсы түсіндім. Не істеу керек? Мораль оқу, отбасылық жиналыс ашу, төркінге кету, «ажырасамын» деп қорқыту өз қадірімді кетіргеннен басқа пайда бермеді. Енді қандай әрекет жасауым керек? Ойлана-ойлана «арақты қойдыратын емші-балгерлерді іздеп табуым керек» деп шештім.
Балгерлерді жағалай бастадым...
Ендігі күнім ғаламторды ашып қойып, арақты қойдыратын балгерлерді, емші-бақсыларды іздестірумен өтетін болды. Арнайы лицензиясы бар бақсы-балгер атаулының ішінен таңдап тұрып бір-екеуін ғана емес бірнешеуін алдым. Ерінбей-жалықпай әлгі балгерге хабарласа бастадым. Көптің ішінен ең таңдаулы деген бір-екеуін таңдап алдым. Ақысының тым жоғары екеніне де қарамадым. Бірінші таңдаған балгерімнің айтуы бойынша күйеуімнің фото-суретін және өзіммен қоса су, тұз, оның күнделікті тұтынатын заттарын қоса қолтықтап әлгі емшінің алдына бардым. Мұның арты неге апаратынын тіптен ойланғаным да жоқ. Тек бар ойым «ішімдікке жиі бой ұрып бара жатқан күйеуімді арақтан арашалап жүрмін» деген пайым болды. Сонымен әлгі балгерім күйеуімнің фото-суретін дұғалады. Мен апарған тұз бен суға дұға оқыды. «Тамақтарыңа қосыңдар, жолдарыңды аштыру керек, сендерге көз тиген» деп шығарып салды. Сонымен бір қабылдауына 5000 теңгелік ақы беріп, келесі екі күн қатарынан тағы келетін болып, көңілім жайланып үйге келдім. Күндегідей емес, бұл жолы еңсем көтеріңкі, оның арақпен қош айтысатынына сенімім ұлғайа түскен. Келдім де, әлгі балгерім оқып берген тұз бен суды молынан араластырып кешкі тамақ жасауға кірістім. Тамақты әдемілеп істеп қойып кешкісін емшінің айтуы бойынша «ұрттап» келген күйеуімнің алдына қойдым. Әсері қандай болатынын көзімнің астымен қарап аңдып қоямын. Былайынша былқ етер емес. Сол күні әсер еткен ештеңені көрмедім. Ертесіне әлгі емшіге қайта бардым. Тағы да кезекті оқыту, тазару, дұғалау. Қысқасы, бұл емшіге үш қайтара барып тапқаным 15 мың теңгенің басына су құйғаным болмаса анау айтқандай оңды әсерін бермеді. Бұдан кейін «гипноз» жасайтын емшілерді жағалай бастадым, олардың бір екеуіне қоярда-қоймай күйеуімнің өзін алып бардым. Мұндай қылығыма ызаланған ол ішуді одан әрі жиілетті. Қазір ойлап отырсам ең кемі төрт айдың ішінде қаладағы емші атаулының жиырмашақтысын аралаппын. Қаншама психологтардың алдын тоздырып, тіпті баз біреулердің ақылымен күйеуімді арнайы диспансерге апарып та емдетпек болдым. Мұндай әрекеттерден бар тапқаным, қолдағы қаржыны құрдымға кетіру ғана болды.
Сабырға келуді үйрендім...
Сөйтіп, емшілерден қайыр болмады. Психолгтардың пәлсапасы көмектеспеді. Осылайша өзімді іштей жеп жүргенімде бір құрбым қонаққа шақырды. Әншейінде үйден шығуым қиын мен осы жолы асығыстау жиналып, құрбымның үйіне бардым. Бара сала оның үйіндегі тоңазытқышта ілінген құран сөздері бірден назарымды алды. Құрбым қағазға шығарып, сыртын қаптап, тоңазытқышқа жағалай аяттарды іліп тастапты. Олардың ішінен «арақтың зияны жайлы айтылған аяттар» дегені көзіме оттай басылды. Ол құран сөздері былай түзіледі екен:
• Кез келген адамды ақылдан айырып, мас ететін ішімдік арақ болып табылады. Мұндай ішімдіктің бір жұтымы да – харам.
• Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) араққа байланысты он кісіге лағынет айтқан: «Арақты жасаушы, тапсырыс беруші, ішуші, тасушы, алдыртушы, құюшы, сатушы, арақты сыйға ұсынушы, арақтан түскен пайданы жеуші, арақты сатып алушы және сатып алдырушы ісі харам».

Міне, тап сол күні осы құран сөздерінің көшірмесін құрбымнан алып мен де үйімдегі тоңазытқышқа іліп қойдым. Бірінші апта оншалықты әсері болған жоқ. Екінші аптада күйеуім біртіндеп үйге ішпей келетін болды. Ақырындап жағдай оңала бастаған тәрізді. Өзім де біртіндеп сабырға келе бастадым. Сол сәттерде мен қандайда бір оңды нәтижеге жету үшін алдымен жүрекке сабыр мен иман ұялату керектігін толық сезіндім. Ең бастысы мен күйеуімді емес, бірінші кезекте өзімді өзгертуім қажеттігін түсіне бастадым. Алдымен өзгенің емес, өзімнің кем тұсымды жөнге салып сол арқылы қадірімді арттыру керектігін ұғындым. Сөйтіп, өзімді түзеуге де кірісіп кеттім.
Өзімді қалай өзгерттім?
Сонымен, өзімді қалай өзгерте бастадым дейсіздер ғой, мен алдымен тұрмыс тәсілімді өзгерттім. Мұны біз елей бермейтін ұсақ-түйектен бастадым. Бұрынғыдай жұмыстан кейін алқынып, баланы бала-бақшадан алуға асықпайтын болдым. «Менің уақытым болмай тұр, бүгін қызыңды үйге өзің алып қайтарсың» деген елеусіз өтініштер арқылы оның жауапкершілігін арттыра бастадым. Ақырындап жұмыстан үйге күйеуімнен кейін баруға яғни кешігіп баруға көштім. Мен жұмыстан кеш барған күні ол кешкі асты істеп қоятын болды. Бұл да мен үшін үлкен жетістік болып саналды. Коммуналдық төлем, тағы басқа ұсақ-түйек жұмыстарды атқаруды оған жүктедім. Осылайша барлығына бірдей өзім жүгіре бермейтін болдым. Бір жақсысы, өзімнің де мойынымнан біраз жүк артылып, оның да жауапкершілігі арта бастады. Бұдан соң шай үстінде немесе әңгіме-дүкен құрып отырып қалғанда оған арақтың кері әсері туралы мысалдарды жаймен көптеп айта бастадым. Ішкілікті қойып тым жақсы өмір бастап кеткен адамдар жайлы көп әңгімелейтін болдым. Біртіндеп екеуміздің арамызда түсінушілік орнай бастады. Осылайша мен өзімді өзгертудің 11 қадамын өз ойыммен былай жасап алдым:
1. Ұнамайтын дүниелерге көндіге бастадым.
2. Бос уақытымды төрт қабырғада өткізуден арылдым. Жалғыз қалсам ақшам жоқ болса да баламды ертіп алып дүкен аралаймын, телефон арқылы болсын құрбыларыммен әңгімелесемін, тіптен болмаса ғаламтордан отбасылық кеңестерді оқимын.
3. Үнемі асығып жүруді қойдым.
4. Қателесуден қорықпайтын болдым.
5. Өзімді басқалармен салыстырудан арылдым.
6. Өткенмен өмір сүруді тоқтаттым.
7. Тек болашақты ғана ойлау да дұрыс емес екенін білдім.
8. Іштей реніш-өкпе арқалап жүруден арылдым.
9. Жамандық ойлауды доғардым.
10. Үнемі мені ғана түсінсе деудің дұрыс еместігін аңғардым.
11. Үнемі қабақ шытып жүруді қойдым.

Міне, осы 11 қадамды біртіндеп күйеуімнің де санасына сіңіре бастадым. Осылайша өзгерістің бірден келмейтінін, әрбір қадамға біртіндеп бару қажеттігін ұғындым. Мұндай қағидаға жүгіну арқылы қазір біз өмірге тек қана позитивті көзбен қарауды үйрендік. Қиын сәтте ері мен зайыбы бір-бірін алып шығуы керектігін мен күйеуімді емес, алдымен өзімді өзгерту арқылы ұқтым. Ал «күйеуім айтқанымды тыңдамады, сөзімді ұқпады» деп бәріне қолымды бірақ сілтеп кетіп қалғанымда өзім жақсы жағына қарай өзгере алмайтын едім. Сол күйінше рухани өсусіз, керісінше, тоқырап таяздана беретін едім. Сондықтан кем-кетікті түзеуші құрбыларыма: «қасыңдағы адам түзелсін десең, алдымен өзіңді өзгертуің керек» дер едім. Өзің өзгерместен, өзің кем кетігіңді түземестен «сен түзелмедің, сен жаман әдетіңді қоймадың, сен ішуді доғармадың» деп қасыңдағы адамның құлақ етін жей берсең, одан ештеңе өнбейді екен.
Қазір біраз жылдың жүзі болды біздің үйде арақ атаулы мүлде тұрмайды. Тіпті қонақ шақырсақ та арақ-шарап қоюды ол жақтырмайды. Даңғұр-дұңғыр ішкілік қойылған жерде өзі де көп отыра алмайды. Күйеуім осылайша ішімдіктен бойын арылтқан. Балаларымыз да өсіп-жетіліп, туған-туысқа, дос-жаранға үлгілі отбасы болып отырмыз.

P.S. Менің бір түйгенім, адам маскүнем боламын, араққа тәуелді боламын деп ойламайды. Солай ойламаудың арты көптеген зиянын тигізеді. Гректер «арақ ішу – ақылдан алжасуға жаттығу» дейді. Ендеше, келешекте те сол ақылдан алжастыратын арам суға жолаудан сақтанайықшы осы. Ол үшін бірінші от анасы ретінде әйел заты өзімізді өзгертуге тырысып өмірге басқаша көзқараспен қарауды үйренсек болғаны, бұдан кейін отағасы қайда барар дейсің...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста