Күн санап, сүйіктімді күтіп жүрмін...

Күн санап, сүйіктімді күтіп жүрмін...


Әңгімемді тіпті неден бастарымды да білмеймін. Жазбас бұрын көп ойландым. Өтінемін, ақылыма ақыл қоссаңыздар екен. Бүгінде ішкі сырымды кімге барып айтарымды білмей жүрген жайым бар. Жанымдағыларға аузымды бірдеңе деп ашуға қорқамын, себебі біреуі күле қараса енді біреуі не ойларын кім білсін?

Өмір жолдары әр түрлі, тағдырлары бұралаң жандарды көріп те, естіп те жүрміз. Ал бақытты адамдардың баянды өмірлеріне біріміз қызыға қарасақ, енді біріміз қызғана қараймыз. Меніңде өмірім кішігірім хикая десем де болады. Сол өмірімнен сіздерге баян етейін әрі қарай өздеріңіз таразылай жатарсыздар. Мен қарапайым отбасыда 2 ұл 3 қыздың ең кенжесі болып өстім. Жаратушым маған көрік-сымбатты аямай берген. Аяқ-қолым бүтін, ешкімнен кем емеспін. Бірақ жанымды жегідей жейтін бір қиындығым бар. Жо-жоқ отбасым аман, ошағым бүтін. Аллаға шүкір деймін, жетім емеспін. Өмірім қиындыққа толы демеймін, мүмкін мен нағыз қиындықты әлі көрмеген де болармын. Әке-шешем бойыма бар жақсы қасиеттерді үйіп-төгіп өсіруге тырысты. Мектеп бітірерден алдын көпшілігімізге таныс ҰБТ сынағы мені де қарсы алды. Оған жатпай-тұрмай дайындалып грант деген құрғырға әйтіп- бүйтіп жүріп қол жеткіздім. Сөйтіп өзім қалаған оқу орнындағы, жаным сүйген мамандықтан ойып тұрып орнымды алдым. Студенттік шақ шіркін керемет қой. Өмірімнің ең жарқын тұстарының бірі шығар. Универдің алғашқы табалдырығын аттаған шақта мен бір жігітпен таныстым. Сымбаты келіскен, ашық- жарқын жігіт көшеде кетіп бара жатқан жерімнен тоқтатып танысқысы келетінін айтты. Батылдығына таң қалдым. Алғашында назданып бас тартқаным бар. Бірақ сүйкімді жігіт бәрібір еріп жүріп танысып алды. Күндер жылжып айлар өте берді. Ол маған бара- бара жақын бола бастады. Дос болып жүріп жүрегін ұсынды. Ұнатып тұрып қалай бас тартайын? Әр ісімен тәрбиелі екенін көрсетіп, қыздың көңілін таба білетін. Осылай біздің бақытты күндеріміз басталыпта кетті. Бірақ махаббатта қызығы мен шыжығы бірге жүрмесе тағыда болмайды ғой. Жігіт жоғары қызметте болатын. Тағдырдың бізге дайындап қойған сыйы ма әлде жұрттың көреалмаушылығы болды ма білмеймін әйтеуір ол қамалып қалды. Бұл кезде мен 3ші курста оқып жүрген болатынмын. Жағымсыз хабарды естігенде төбемнен жәй түскендей, есім- кіресілі шығасылы болып не істерімді білмей қалдым. Тұла бойым бір ысып, бір тоңып өз құлағыма өзім сенбедім. Содан уақыт өте келе артынан кіруге мүмкіндік бар екен дегенді естей сала жүгіре жөнелдім. Алып- ұшып алдына бардым. Теміртор деген қазаққа жаққан ба? Айтар ауызға да, естіген құлаққа да жағымсыз әрі суық естіледі. Кірер есігінен бастап өзіңді жайсыз сезінесің, бәрінің көзінде мұң, өмірге деген өкпелері бар. Қараңғы дәлізбен жертөлеге түсірді. Бір бөлмеге отырғызып қойды. Жігітімді ұзақ уақыт көрмегенге әрі осындай жаман жерде жолығам деп ойламаған менде жүрегім тас төбеме шығып, сақшылардың біреулерге айқайлап жатқан дауыстарынан төбе шашым тік тұрып, құдды бір сол жерден мәңгіге шыға алмай қалатындай күйде отырдым. Ол келгенше жанымды шүберекке түйдім. Кіріп келгенде көзімнен жас тоқтаусыз кетті. Сол сәтте Аллаһқа оның осы дүниеде барына, амандығына шүкірлік еттім. Жаны қиналып тұрғанын, шарасыз күйде отырғанын өзі айтпаса да көзінен ұқтым. Мені құшағына қайта- қайта қысып, мені іздеп келгенің распа өтірікпе, өзіңді көріп тұрғаным өңімбе- түсімбе деп құшақтай берді. Көздері қызарып, даусы тұншыға шықты. Оған барынша қолдау көрсетіп, жұбатуға тырыстым. Солай жанында бірнеше сағат отырып қимай- қимай қоштастым. Жүріп жүргенімізге 2 жыл толғанда ол мені әке- шешесімен таныстырып, осы қызға үйленемін деп көрсеткен болатын. Бірақ әттеген- ай дейтінім осы жағдай орын алды. Басына осындай қиын жағдай түскенде мен тұра қашуға дәтім бармады. Ондайға тәрбиемде тұра келмейді. Оны жақсы көретінімді, күтетінімді қайта- қайта айттым. Содан бері артынан жиі барып хабар алып тұрдым. Оның мінезі өзгермеген, сол қалпы. Міне бүгінде дипломымды алдым, арадан тағыда 1 жыл 3 айға жуық уақыт өтті. Оны күтіп жүріп бір жігітке бұрылыпта қарамадым. "Жүрекке әмір жүрмейді" -деген осы шығар. Біріңіз мүмкін сөгерсіздер, біріңіз түсінерсіздер бірақ мен жүрегімді ақылыма бағындыра алмадым. Аллаһ қаласа 3 аптада шығыпта қалады деп отырғанбыз. Бірақ неге екені белгісіз 4 айға артқа шегеріпті. Күн санап жүрген бізге бұл 4 ай өте ауыр тиді десемде болады. Кеше осы үшін таңға дейін ұйықтай алмадым. Әке- шешем бұл жігіт жайында хабарсыз, мүлдем білмейді. "Ата- ананың разылығы Аллаһтың разылығы",- дейді ғой хадис шарифтерде. Егер естіп жатса олар қарсы болатынын білемін бірақ қолдан келер шара барма? Бауырларым мүмкін менен теріс айналар. Екі оттың ортасында қалғандаймын, бірақ осы жігіттен бас тартсам бүткіл бағымды тепкендей боламында тұрамын. Ақыл айтыңыздаршы не істесем екен? Мен шарасыз күйдемін. Етегім толып еңірегім келеді, бірақ мұңымды барып кімге шағайын?

Автордың есімі белгісіз

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста