Күйеуің алқаш болса, ажырас!
Сəлем қыз-келіншектер! Əйел адам отбасын сақтауға қаншама күш-жігерін жұмсап ,балалары үшін бəрін құрбан етеді. Ал еркектердің көбісі оны түсіне бермейді. Күйеуі алқаш болып оған шыдап жүрген қыз- келіншектерге айтарым, отбасыңызға шын жандарыңыз ашыса ажырасыңыздар.Балаларыңыздың болашағын ойлаңыздар.Себебі бұл жағдай өзіме өте таныс.
Менің де балалық шағым осы арақпен алысумен өтті.Əкеміз күнде арақ ішетін.Күнде еститініміз боқауыз сөз, одан қалса, анамызды көзімізше төпештеп ұратын. Өзімізде таяқ жейтінбіз арасында. Өсе келе əкеге деген, тіпті ер азаматқа деген сенімім мүлде жоғалды. Ішіп, қыдыруды да шығардым. Ата-анам одан бейхабар еді.Себебі олар өздерінше қырылысып менде еш шаруалары болған жоқ. Сабақты да дұрыстап оқи алмадым. Сөйтіп тəрбие көрмеген қатыгез адам болып өстім. Өйткені маған өмірдің еш мәні жоқтай бәрібір болып кетті.
Кейде ойлаймын, осы менің ата- анам маған қандай тəрбие берді. Əкем ішіп үйдің ойранын шығарғанда талай рет "мама ажырасшы, кетейікші" деп жылап, жалынатынмын. Бірақ анам ажыраспады. Балаларынан гөрі "АЖЫРАСҚАН" деген атқа ие болмау қымбатырақ болды-ау деймін.Егер сол кезде анам бізді ертіп ажырасып кеткенде тəрбием басқаша болар ма еді деп ойлаймын кейде.Анамның үмітін ақтар ма едім .Əкесіз-ақ бақытты болып6басқаша өмір сүрер ме едім.Сабағымды жақсы оқып жақсы бір маман болар ма едім. Қазір не мамандығым жоқ, не отбасым жоқ, өмірге өкпелі жандардың бірімін.
Аноним