Күйеуімнің туыстары ол жоқта маған күн бермейді
Амансыздар ма, құрметті қауым! Менің жасым 28-де. 18 жасымда тұрмысқа шыққанмын. Өкінішке орай, ол жерде 3 жылдан астам өмір сүрдім, дәм-тұзымыз жараспай, екеуіміз екі жаққа қарай кеттік. Арадан 7 жыл өткен соң тағы тұрмысқа шықтым. Қазіргі жолдасым жақсы.
Мендегі бар проблема оның туған-туысқандары. Бауырлары түріне қарап күліп, артынан жамандаудан шаршамайды. Ал енем болса жұртқа келін жұмыс істемейді деп мені жамандаудан жалықпайды. Қайын атам болса боқ ауыз сөздер айтып ашуыма тиеді. Қайынатамның боқ ауыз сөздерін айта алмаймын, бәрін айтады. Мамамды да боқтайды. Барлығының екі жүзділігінен шаршап кеттім. Күйеуім жұмыстан келсе барлығы басқа жаққа қарай өзгеріп кетеді. Қолымнан келгенше жұмыс та істеп жүрмін. Кеше қайын атам болса боқ ауыз сөздер айтып мазамды алды. Өзім болсам 2-шіме аяғым ауыр. Кетемін, бұл үйдің барлық адамдарынан шаршадым деп отырмын. Дұрыс істеп жатырмын ма, білмеймін, бірақ қатты шаршадым.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу