Күйеуімнің туысқандары шаршатты

Күйеуімнің туысқандары шаршатты

«Алаш айнасы» сайтының «Отбасы – ошақ қасы» айдарынан түрлі тағдырларды оқып, мен де өз сырыммен бөлісуді жөн көрдім. Мына заманда мұң-қайғыңды да ашып біреуге айта алмайсың. Сондықтан сіздерге жазып отырмын. Атымның да аноним болғанын қалаймын. Айтайын дегенім, осы қазақтардың түбіне туыстары жететін шығар. Талай шаңырақ туыстары араласқаннан кейін, ажырасып кетіп жатыр. Талай шаңырақ туыстары өміріне араласқаннан кейін татулықтары бұзылып жатыр. Расында да солай. Тек біз мойындағымыз келмейді. Ешкім ешкімге асылмай, ауыртпалықтарын салмай, өздеріне ғана сенетін болса, талай шаңырақтың татулығы да сақталып, бақытты өмір сүрер еді. 

Менің де жолдасым 7 ағайынды. Өзіміздің үш баламыз бар. Бірақ жолдасым үйдегі балалардың мәселесінен гөрі туыстарының мәселесіне көбірек бас ауыртады. Қашан көрсең «бір ағам несиесін төлей алмай ішіп жүр, соның несиесін төлеп беруім керек. Қарындасымның үйінде көмір жоқ екен, үйден көмір қаптап апарып беруім керек, інім машинасын соғып алыпты, соған ақша жинап беруім керек. Інім үйінің телефонының қарызын төлей алмай өшіріп тастапты, төлей салайын» деп жүгіріп жүреді. Тіпті бауырларының балалары үйге келсе, қолдарына ақша үстатып жатады. Өз балаларына олай етпейді. Тіпті өз балалары сұраса кейде тауып бере алмай жатады. Ал бауырларының балаларына қашан да қалтасынан ақша табылады. Бауырлары кәмелет жасына жетпеген болса бір сәрі, бәрі үйлі баранды. Бірақ сонда да бізге иек артқандарын қоймайды. Ең болмаса сөйтіп жүрген еңбегін бірі елесе екен, жоқ біздің жасаған еңбегіміздің қайтарымы да жоқ.
Өткен жылы үлкен балам жол-көлік оқиғасына ұшырып, ауруханаға жатып қалды. Сонда жолдасымның бауырларының бірде біреуі ұлымның артынан ауруханаға кіріп шығуға жарамайды. Сонда олардың туыстығы қайда? Ал оның ағасы ауруханаға түсіп қалса, жолдасым қоярда қоймай мені қуғандай етіп ауруханаға тамақ апартқызады. Сол секілді оның бауырлары неге әйелдерін ауруханаға жібермейді. Шынын айту керек, қазір жөнсіз далақтап, жақсылық жасауға ұмтыла берсең, жұрт оныңды теріс түсініп алады. Тіпті «ақымақ» санайды. Осыны жолдасыма айтып түсіндіре алмадым. Қит етсе «сен мені туыстарыма қарсы қойма» деп шығады. Ал сол туыстарының туысқандығын өз басым байқай алмадым.
Шынын айту керек жолдасымның ақкөңілділігін пайдаланған туыстарының арқасында жолдасым екеуіміздің арамыз да суып барады. Қазір үндемеймін, білгенін істесін деймін. Бірақ туыстарында ұят жоқтығы жаныма батады.
Қазір біздің де балаларымыз өсіп қалды. «Осылардың болашағын ойлайық, кішкене жер алып, оқуларына ақша жинайық десем, мен «қара басын ойлайтын, тас бауыр, шық бермес шығайбай» атанам. Ал қай күні інісінің баласына велосипед алып келіпті. Қалтасында ақшасы болса бір жөн, «бала ғой ойнасын дедім, базардағы құрдасымнан қарызға алдым, біздің Даниярға шап шақ екен» деп тұр. Кейде тіпті менен тығып бауырларына ақша да беретінін естіп қалып жүрмін. Мен кішкене болса да осының ауырын жеңілдетейін деп тынбай жұмыс жасаймын, қосымша өзімнің мамандығыммен тапқан айлығымнан бөлек, жүгіріп жүріп, Қырғызстаннан релаизацияға зат әкеліп сатып, кішкене тұрмысымызды дұрыстайық деп ұмтылам, ал ол болса азаннан кешке дейін бауырларына қызмет жасап, солардың қамымен жүгіріп жүреді. Шынымды айтсам, шаршап та кеттім. Айналайын қазақтар несиең болса өзің жап, балаң болса жұрт үшін емес, өздерің үшін тудыңдар ғой, өздерің үйлендіріңдер, бірақ туған туыстың мойнына асылмаңдаршы.

Ләззат, Алматы облысы.

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста