Күйеуімнің төсектегі тынымсыздығынан ажырасып тындық...

Күйеуімнің төсектегі тынымсыздығынан ажырасып тындық...

Батыс өңірдің қызымын. Алматыда тұрып жатқаныма 30 жылға жуықтады. Жастарға кеңес ретінде өз өмірімді болған күрделі кезеңді сөз еткім келеді.

 

Алланың берген 1 ұлы мен 1 қызы бар. Ұлым үйленіп, одан 4 немере көріп отырмын. Қызым да тұрмыста, бірақ әлі нәрестелі бола алмай жүр.

 

Қызыммен сырласып отырып сұрасам, күйеу балам төсекте аса белсенді емес көрінеді. Қызым оны қатты сүйеді. Бірақ, төсекте күйеуінен қанағаттанбайды екен. Бала көтере алмай жүргенім де сондықтан деп қауіптенеді өзі.

 

Ал менің қызыма айта алмайтын сырым бар. Мен де жас болдым, пединститутта оқыдым. Институт бітірер жылы Әлімғазы деген жігітпен көңіл жарастырып, екеуміз үйлендік. Жамбылдың жігіті еді. Екеуміз жас отбасының шаңырағын көтердік. Жұп-жуас жігіт ата-анасына да, айналасына да сыйлы екен. Бара сала мен мектепке, Әлімғазы колхоздың жұмысына тұрдық.

 

Алғашқы неке түнінен соң 2 күн орнымнан қозғала алмай ауырып жаттым. Енем мен қайын әпкелерім емдем, демдеп жатып әрең дегенде орнымнан тұрғызды. Содан кейін төсек қатынасы десе қорқатын болдым. Әлімғазым жуас болғанмен нағыз қара күштің иесі, төсек қатынасының төресі болып шықты. Бір түнде кемі 5-6 мәрте шабады. Оған көнбей ауырып қалдым деп теріс қарап жатып алсам таңертең қабағы қатуланып, жұмысқа ренжіп, көңілсіз аттанатын болды. Содан не керек, бірінші балама аяғым ауырлап, Әлімғазының азабынан сәл де болса құтылғандаймын. Бірақ соның өзінде жатар кезде бір мәрте, таңертең оянғанда бір мәрте шаппаса көңілі көншімейді.

 

Абысындарыммен сырласып, түнгі майдан жайлы сұрастырсам олардың күйеулері 2-3 күнде бір мәрте ғана болады екен. Тіпті күйеулеріне қанағаттанбайтынын, күнде-күнде болғысы келетіндіктерін де айтып қалады. Ал мен аза бойым қаза болып денем түршігеді соны ойласам.

 

Сонымен ұлымды жарық дүниеге әкелдім. Екі ай бойы күйеуімді жаныма жолатпадым. Күйеуім баладан бұрын маған емініп тұратын. Екі айдан соң қайта басталды баяғы әуен. Әбден шөліркеп қалған ба таңға дейін 7-8 мәрте жұлқылап шығады мені. Бұрынғы көрген күнім жұмақ па деп қалдым. Таңертең ұйқым қанбай, іш-құрылысым ауырып, аяқтарым сырқырап тұратын болды.

 

Сөйтіп жүріп екіншімді көтердім. Біріншісінде аяғандай болған күйеуім екінші баламды көтерген кезде де төсекте түрткілеуін қоймады. Перзентханаға түскенше артымнан келіп артыла беретін. Бірақ екінші сәбиімді босануым өте жеңіл болды. Дәрігерлер күйеуімнің "түнгі еңбегін" жақсы бағалап, күліп жатты.

 

Екі баладан соң мен біраз демалам деп шештім. Жұмысымды да дұрыстап, оның үстіне ата-енемізден енші алып бөлініп шығуымыз керек еді. Сонымен бұл ойымды Әлімғазы да қолдады. Бірақ нағыз азап енді басталды мен үшін. Күйеуім төсек қатынасының түр-түрін ойлап шығаратын болды. Оның бәрін кімнен, қайдан көріп үйреніп жүр, қазір ойласам басым жетпейді. Шынын айтсам сол кездері әрбір төсек қатынасының арасы ұзаса 40-45 минут қана болатын. Енді көзің іліне бергенде күйеудің тұла бойыңды сипалап, емініп өліп жатқаны. Әлімғазымен бұл тақырыпта талай сөйлестім, жуас күйеуім шыдай алмаймын болмасам дейді.

 

Күндерім күнде жылаумен өтетін болды. Денемдегі қорқыныш сезімі ауруға айналды. Кеш батпаса екен, Әлімғазы үйге келмей-ақ қойса екен деп тілейтінмін. Елдің күйеулері құсап ішіп кетіп, үйге қонбай қалатын да әдеті жоқ құрғырдың. Кеш батпай жатыр тракторын тарылдатып үйге қарай құстай ұшады. Келе салып мені құшады.

 

Бір күні үйге анам келгенде бар сырды жасырмай айтып, еңкілдеп жыладым келіп. Енді болмаса өлетін жағдайға жеткенімді айттым. Ертесі анам мені аудан орталығына апарып, дәрігерлерге тексертті. Жағдайымның қиын екенін, жатырда ісік пайда болғанын естіп, есеңгіреп қалдым. Сосын оларға да басымдағы жайтты жайып салдым.

 

Содан айнам құда мен құдағиын шақыртып, бәрін ортақ әңгімеге тартып, біздің шаңырақтағы түнгі құпиямызды айтты. Сөзінің соңында құда-құдағиынан рұқсат сұрап, менің ауруға шалдыққанымды, күйеу баласын жазғырмайтынын, ол да бір жаратылыстың ерекшелігі екенін айтып, мені өзімен бірге алып қайтты.

 

Екі баламды анам бағып-қағып өсіріп берді. Мен сол кеткеннен Алматыға келіп, Алматы ауыр машина жасау зауытында 20 жылға жуық жұмыс істедім. Қазір Құдайға шүкір, немерелерімнің ортасында отырмын.

 

Біз ажырасқан соң үш жылдан кейін күйеуім тағы бір мәрте үйленіпті. Екі яки үш қызы бар деп естідім ол әйелінен.

 

 

Бағила, Алматы

Аlashainasy.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста