Сәлеметсіздер ме, құрмметті оқырман. Менің атым жасырын болсыншы. Мен өз басымнан өткен тағдырымды жазайын деп отырмын. Себебі мұны айтсам жеңілдеп қалатындаймын. Тұрмыстамын, 2 ұлым бар, шүкір.
Осыдан 5 жыл бұрын енем үйден қуып жіберіп, қалаға жұмысқа келдік. Ол кезде бір ұлым өз анамда болатын. Күйеуім өзімнен үлкен болғандықтан қызғанатын және ішетіні бар еді. Бір күні есін білмей ішіп келіп, мені ас үйге кіргізіп алды. Қарасам, қолында пышағы бар, сол жерде ол маған 10 жерден пышақ салды, өзінің асқазанына 3 жерден салып екеуміз екі жерде жатырмыз. Талып жатқанымда ұлым жылаған болып есімді жидым. Күйеуім дым қозғлаыссыз жатыр, мен еңбектеп далаға шыққанымды білем, ары қарай есімнен танып қалыппын. Есімді жисам ауруханадамын, окпеме пышақ тиген, 5 саусағымнын сіңірлері кесілге, біраз жеріме зиян келген. Бірақ Алланың құдіреті ме, күйеуім де, мен де аман қалып, жазылып шықтық. Ол кешірім сұраумен болды, есімді білмеймім дейді. Бірақ мен оны кешіре алмадым, тағы есін білмей келіп, өлтіріп қояр деп ойладым. Сонымен ажырастық. Арада 1 жыл өтті. Жалынып, жылап аяғыма жығылды. Сол 1 жыл ішінде тозып кеткен бала үшін кешірдім. Арада біраз уақыт өткен соң тағы 1 ұл таптым, қазір балам 1,5 жаста. Күйеуім өзгерлі деп айта алмаймын, сол баяғы тірлік, анда-санда ішеді бірақ қол көтермейді. Сонда да қорқам. Мен оны кешіргенмен, жүрегім кешірмеген сияқты,бойымда әлі қорқыныш бар. Біреуге өтірік, біреуге шын, бірақ менің тағдырым осындай, кейде өмірден түңілгендеймін...
Аноним