Күйеуіме ерегісем деп тура жолдан тайдым

Күйеуіме ерегісем деп тура жолдан тайдым

Өмірімде біреудің көңілдесі болам ау деген ой басыма да кіріп шықпаған еді. Алайда адам болашағын болжай алмайды екен. Екі жылдай болды әріптесіммен кездесіп тұрамыз. Басында жолдасыммен ерегісіп бастап едім, қазір бойым үйренісіп кеткен де секілді. Ораза айы болған соң ба әрнәрсені ойлап, ертеңімді ойлап, көп нәрсені уайымдаймын.
Көңілдес екеніңді құрбыңа да мойындай алмайды екенсің. Сондықтан атымды жасырып беріп отырмын. Айтайын дегенім күйеуді ешқашан ерегісіп жеңе алмайды екенсің. Сондықтан мүмкіндігінше, ерегісудің де, санасудың да қажеті жоқ екен. Жолдасым екеуіміз үйленгенімізге алты жылдан асқанда жолдасым біреуді тауып алды. Күні түні соның ізінде, ашықтан ашық жүріп тіпті үйге де қонуды қойды. Алғашында ұрыстым, кетем деп қорқыттым. Ағаларына да айттым. Ештеңе әсер етпеді. Талай түн түнімен жылап, өзімді қолдан қарттайттым. Уайым жеп қойды. Құрбыларым «сен де біреуді тауып ал, назар аударма» деуге көшті. Сол сөз әсер етті ме, айналама қарай бастадым. Көп таңдау да жасамадым, сондай әлсіз кеземді дө басты ма, көрші кабинетте отыратын, әріптесім бірге тамақтануға шақырып, бас қосулардан үйге жеткізіп тастап жүріп, бір күні көңілін білдірді. Қабыл алдым. Басында ойымды бөлу үшін, уақытша ғой деп өзімді жұбатқаныммен. Көп ұзамай бауыр бастым. «Ойнас оттан ыстық» деген рас екен. Тіпті кездесуге асығып тұратын болдым. Айтқандай күйеуім үйге қай уақытта келеді, қай уақытта кетеді, назар аудармайтын да болдым. Ең бастысы өз ұпайым түгел деп санадым. Қазір қызым екінші сыныпты бітірді. Ұлым төрттен асты. Қызыма қараған сайын, өз әрекетім есіме түсіп, ұялғандай боламын. Бақытта жанұяарды көргенде «неменеге ерегісіп, осы тірлікті бастап едім» деп ойлап қоямын. Бірақ бір бастаған соң қоя алмайды екенсің.
«Өзімше сен тапқан адамды мен таба алмайды дейсің бе, мен жерде жатыр ма екенмін» деп ерегісіп бастағаныммен, күйеуім бұл тірлігімнен хабарсыз. Оның өзінің қалай жүргені өзіне сезілмейді ғой. Біліп қалса шағымды қағарымды білемін. Сондықтан қойғым келеді. Алайда дәрменім жетер емес. Еркекпен ерегісіп опа таба алмайды екенсің.
Айна, Қаскелең қаласы 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста