Күйеуім інісінен қызғанып ұрады
Мен 18 жасымда тұрмыс құрдым. Аллаға шүкір, 1 ұлым бар. Қазір 20-дамын. Айтайын дегенім, басым катып кетті. Куйеуімді қатты жақсы көретінмін. Бір жылдай ата-анасымен тұрып, кейн бөлек шықтық. Анасы көп боқтайды, аузына келгенін оттап отырады.
Күйеуім өзі әскери қызметте, жұмысы ауыр, рас. Мен оны әркашан күлімдеп қарсы алып, тамағын істеп отырамын. Өзім оқуымды осы жылы бітірдім. Яғни, өзім әншімін.
Сонғы кездері куйеуім көп ішетін болды, достарымен кетіп қалады, мен уйде отырамын, әрқашан айтқанынан шыкпаймын. Жүрегім бір нәрсені сездіртеді,біреуі бар сиякты! Өйткені маған қол көтере бастады, өзінің туған інісі бұның бәрін көрді. Ол мені інісінен беталды кызғанып ұрады. Акша табады, бірақ кредитіне кетеді немесе анасына береді. Енді айтарым, өзім оны өзгерте алам ба, не болмаса кетіп қалайын ба? Сенсеңіздер қатты шаршадым, рас кінәнің бәрін әйел адамнан көреді, бірақ айел адамның үйде отырганы жазығы ма?! Анам кет дейді, әлі жассың, жұмыс істе деп ақыл айтады. Күйеуім анамды да жақтырмайды, менімен өте дөрекі сөйлеседі. Қайтсем екен?
Аноним