Күйеуі құмар ойынға салынған келіншек жан айқайымен бөлісті

Күйеуі құмар ойынға салынған келіншек жан айқайымен бөлісті

Қайырлы күн. Есімім Сания  жасым  30-да, Қызылорда облысынан жазып тұрмын . Некем сәтсіз болғаннан кейін үйіме қайтып келдім. Алайда ағам мені сыйғызар емес. Басқа барар жерім, тұрақты жұмысым жоқ, тығырыққа тірелдім. Сіздердің тұрақта оқырмандарыңызбын. Мағанда жол сілтер бағдаршамым болады деген ниетпен KYN.KZ ақпарат агенттігінің «Үшбухат» айдарына хат жазуды жөн деп көрдім.

«Жақында күйеуіммен ажырастым, ортада бала жоқ. Өзімнің кетуіме тура келді, себебі тапқан ақшасын құмар ойындарына салады. Қарызы бастан асады. Үйдегі заттарды сатуды әдетке айналдырды.

Мені әйел ретінде ешқашан бағалаған емес. Бір еркек болып үйге қарап, менің көңілімді табуға ешқашан да тырысқанын көрмедім.

Өзім тазалықты жақсы көремін, уақытылы тамағын дайындап, тәтті-дәмдінің бәрін соның алдына тосамын. Кейінгі кезде тіпті қалаға кетіп, айлап жоғалып кетуді шығарды. Ата-енеме қызмет қылып, сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығып жүрдім. Бұның қадірін түсініп жатқан тірі жан жоқ. Ол аз дегендей енем маған «бала көтермейсің», деп бетіме басуды шығарды. Бұл айтылған сөздерде маған ауыр тиді. Күйеуімнің құмар ойынға салынғанын көріп, бәрінен үмітімді үзіп  ата-анама қайтып кеттім.

Қазір төркініме келдім, енді үйге сыйар емеспін. Ағам мінезі қатал адам. Жалдамалы жұмыстарды істеп күнімді көріп жүрмін. Үйге келсем болды құлағыма тыныштық жоқ. Анамда кішкене қолдаудың орнына мені кінәләп шыға келеді. Пәтер жалдап шығып кетейін десем, әкем рұқсатын бермеді.

Өмірден түңіліп кеттім. Жақындарым қателігімді бетіме баса береді. Қатты қиналып жүрмін.  Мен бұл хатты жасы үлкен ақыл тоқтатқан әпкелеріміздің оқитынын білемін. Сіздер маған қандай ақыл кеңес айтасыздар. Әрі қарай күресуге шамам жоқ. Не істесем болады?», — деп ойын аяқтапты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста