Күйеуі қит етсе, «төркініне» қашады екен

Күйеуі қит етсе, «төркініне» қашады екен

Мөлдір есімді таныс келіншектің күйеуі үйлерінде азық-түлік таусыла бастағанда «төркініне» тайып тұрады екен. Мұны Мөлдірдің өз аузынан естігенде не дерімізді білмедік. Бұл қоғамда мұндай да еркектер бар екен. 

«Келін болып түскен жерім үлкен әулет. Ата-енем де жақсы кісілер көрінетін. Бар мәселе жолдасымда болып тұр.

Ол үш ұл, үш қыздың үлкені. Оған тұр­мыс­қа шығарда бір үйдің тұңғышы, арқа­ла­ған жүгі бар, соңынан ерген бауырларына бас-көз бола алатын, мені де жылатпайтын азамат деп етегінен ұстағанмын. Қайдан білейін оның жатыпішер жалқау, керітартпа екенін. 

Күйеуімнің бұл «қасиеті» біз үйленген соң көп өтпей-ақ байқала бастады. Ата-енем «әжесінің баласы» деп осы күнге дейін жұмсамайды. Ол да осыған әбден үйреніп алған, саусағын қимылдатқысы келмейді. Оған іні-қарындастарын жұмсай салу түк те емес. 

Апамыз үйленген соң есі кірер, ойланар деп үміттенген екен. Бар айтқаны болып, үйдегілерді айдауына салып үйренген ерім маған да өзінің міндеті саналатын істерді артып қойды. 

Ақ орамал жамылып, келін атанғаныма бір ай толғанда үйдегілер мені мектеп­ке лаборанттық жұмысқа орналастырды. Негізі мамандығым мұғалім еді. «Ауылдағы мектепте басқа бос орын болмағандықтан әзірше осы жұмысты істей тұр», – де­генді атам сыпайылап жеткізді. Ал күйеуім бір мекемеде күзетші. «Жоғарғы оқу орнынан заңгерлік диплом алып шыққан азаматтың қарауыл болып жүргені несі?» – деп анам таңқалған болатын. Сон­да: «Дұрыс қызмет бұйырмай жүрген шығар», – дегенмін ыңғайсызданып тұрсам да. 

Біздің танысуымыз да қызық болған. Бөлемнің туған күнінде жолдасымын деп танысқан реңді, ұзын бойлы жігіт отырыс­тағы барлық қызға ұнаған еді. Мені екі рет биге шақырып: «Сіз менің анама қатты ұқсайды екенсіз. Екеумізден тамаша жұп шығады. Сізге алдағы күндері үйленуге ұсыныс жасасам, қарсылық таныта қоймассыз?» – деп ойындағысын ірікпей айта салған еді. Осы сөзінен кейін «істің адамы» деген түсінік қалыптасты ма, әй­теуір екі айдың ішінде келісі­мімді бердім. 

Бірнеше рет кездестік, өзі туралы айтты. Салық мекемесінде, ауруханада жұмыс істепті. Еңбегін бағаламай, мардымсыз жалақы төлегендеріне ашуланып, өз еркі­мен шығып кетіпті. Қазіргі күзетшілігін уа­қытша деген. Одан бері неше жылдар өтті. Сол жұмыс, сол күйі. 

Отбасын құрғанымызға жыл толғанда ата-енеміз бөлек шығарды. «Өз-өздерімен болса, әрекетін жасап, аяққа тұрып кетер» деп ойласа керек. Бізге екі бөлмелі «времянка» салып, ішіне бірқатар дүние­лерді де жайғастырып берді. Күйеуімнің туыстары ауылдың бас жағында, біз тө­меніректе тұрамыз. 

Еншімізді алғалы оның айлығын көр­ме­дім. Қайта менің жалақымды санап алады. Анам: «Еркектің тапқаны берекелі бо­ла­ды, жұбайың ақшасыз жүрмесін», – дейтін. Сол себепті де тапқанымды оған ұс­таттым. Керегімді тауып беріп тұрса, одан артық не керек деген едім. Сөйтсем, бәрі мен ойлағандай болмады. «Анау керек», «мынаған жетпей жатыр» десең, ашуланып үйден шығып кетеді. Қайда кететіні белгісіз, үйге түн жарымында келеді де, жатып қалады. 

Аяғым ауырлағанда, жерік ас жемек түгілі, тойып та тамақ ішпедім. Жұмыста мектеп асханасынан қарызға түстеніп жүргенмін, айлық алғанда төлеймін ғой деп. Бұны білген жолдасым таяқтауға дейін барды. Содан кейін екінші қайта асханаға жоламадым. Туыстар қонаққа шақырса, күні бұрын барып жәрдемдесіп жү­ріп, қарын тойғызамын. Ашқарақтана асты ауызға бұралақтата тығып жатқанымды көргендерге аяғым ауырлағалы тәбетім­нің артып кеткенін айтамын. 

Бұл жағдайға қанша үндемей, төзуге тырысқаныммен тілім шыға бастады. Неше рет ұрыстық, талай көз жасқа да ерік бердім. Сонда екеуміздің жалақымыздың қайда кетіп жатқанын сұрасам: «Жинап жатырмын, үлкен үй саламын», – дейді. «Мұныңды маған неге айтпайсың?» – десем: «Әйел еркектің тірлігіне араласпай жайына жүруі керек», – деген жауап естимін. 

Үлкен сәбиімді босанып, жарытып емізе алмай, өзім де тым арықтап, кеткен соң енеме барлығын айтып берген болатынмын. «Бұл жетпегір қашан адам болады?! Бала-шағасын аш қалдырып, өзі не істеп жүр?!» – деп бұрқан-талқан ашулана бізбен бірге үйге келді. Жолай дүкенге соғып, азық-түлік алды. 

Ұлының келгенін тағатсыздана күткен енем ол үйге кіріп келгенде бар қаһарын төкті-ау. Он минут анасының сөзін тыңдауға шамасы жеткен ол ештеңе деместен шықты да кетті. Артынан апамыз ілесті. Екі сағаттан соң енем хабарласып, «Бәле­нің барлығы өзіңнен екен ғой! Балам осы күнге дейін дені дұрыс тамақ ішпепті. Үйдегі барды ірітіп-шірітіп келіпсің. Не киімі жуылмай, не таза үйде отырмаған еркек сені жөнге салмақ болыпты. Онысына неге тулайсың? Ақылға келудің орнына ұлымды жамандауың нағыз ақымақтық!» – деп айғайлап, тұтқаны тастай салды. Үлкен кісінің мені түсінгісі келмегені көңілімді қалдырды. Жолдасымның сөзінің жалған екенін қанша рет айтпақ та болдым, бірақ оны енемнің тыңдағысы келмеді. 

Содан бері екі қызымыз туылды. Бірақ әлі саламын деген үйі жоқ.Төркініме бұл халімді айтқан емеспін. Анам қиналып жүргенімді сезеді. Бірақ мен үндемеген соң ештеңе сұрамайды. Төркіндеп барып-қайт­қан сайын біраз ақша ұстатады. Сол ақ­шаға анау-мынау алып, бірнеше айға жет­кізуге тырысамын. Ажырасып кетейін десем, перзенттерімді ойлаймын. Әйтпесе аш қалмаймын ғой. Күнім бұдан әлдеқайда жақсы болар еді. 

Айлығым немесе қыздардың жәрдем­ақысы түсетін кезде бізбен тілдескенсіп, ақшаны санап алатын күйеуіме бірдеңе керек десем болды, «төркініне» тұра қашады. Мен ауыз ашсам, әкесінің үйіне тайып тұрады. Онысын әдетке айналдырғалы оның үйде болмағаны өзіме жақсы деймін. 

Осы жылдар ішінде үй шаруасына көмек беріп, шөп басын сындырмаған күйеуім қыздарына да алаңдамайды. Таңқалатыным, қара шаңырақтағы келіннен жолдасымның ұялмайтындығы. Абысын-ажын болып біздер ақырындап сөйлесе бастасақ, апамыз қасымызға келіп тұрып алады. Әйтеуір мені жаман атты етіп қойған. Не көздегені бар екен? 

Балаларымның қашқын әкесі келінінің тамағын ішіп, қалтасына ақшасын салып қашанға дейін жүрер екен? Менің де төзімім таусылуға жақын. Кейде отбасы бол­ған соң неше түрлі қиындықтар кезде­седі, мойымай, жеңіп, шаңырағымды сақтап қалайын деймін. Басымда шағын болса да үйім, бауырымда перзенттерім бар ғой. Бірақ менің сақтаймын деп жүргенім отбасы ма? Күйеуім не барда жоқ, не жоқта жоқ. Арамза, жатыпішер мұндай жаннан құтылғаным дұрыс па? Сен қандай ақыл берер едің?» – деген Мөлдірдің сауалына қалай жауап берерімді білмедім. 

Отбасын бағуға, өзімен өзі үй болуға талпынбайтын, жеңіл өмір үшін сәбилерін де елемейтін мұндай еркектен үміт күтуге бола ма? Құрметті оқырман, сіз Мөлдірге қандай кеңес берер едіңіз? 

Д. ӘБДІМАНАП.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста