Күйеудің қызғаншақ болуы қаншалықты дұрыс?

Күйеудің қызғаншақ болуы қаншалықты дұрыс?

Сәлеметсіздер ме? Маған ақыл кеңестеріңіз керек болып тұр. Негатив пікір қалдыратындар оқымай-ақ қойсақ екен. Айтайын дегенім, менің күйеуім өте қызғаншақ. Тұрмысқа шыққаныма үш жылдан асты. Екі қызым бар. Жолдасымның қызғаншақтығы алғашқы кездері біліне бермейтін. Қазір уақыт өткен сайын жолдасымның қызғанщақтығы артып барады. Күйеуімнен алғашқы таяқты да орынсыз қызғаншақтығы салдарынан жедім.
Алғашқы кездері «сүйеді ғой, сосын қызғанады» деп өзімді жұбататынмын. Таяқ жесем де, орынсыз кінәлап жатса да, ойынға айналдырып жуып шаюға тырысатынмын. Алайда оны түсініп, қызғанышын басуға тырысқан жолдасым болмады. Өзім оқып, фармацевтің дипломын алғанмын. Алғашқы жылдары үсті үстіне бала туып, жұмыс істеуге мүмкіндігім болмаса да, қазір жұмыс ңстегім келеді. Алайда жолдасым «жұмыс дегенді аузыңа да алушы болма» деп қатаң ескертті. Дүкенге кетсем артымнан шығып қарап тұратын жоллдасымның оғайлықпен жұмыс істетпесін де білемін. Сонда дипломды не үшін алдым? Бәрібір отбасы болған соң жетіспейді, екеулеп жұмыс істеп, отбасымыздың аяққа тұрып кетуіне үлесімді қосқым келеді. Алайда жұмыс істететін түрі жоқ. Мектепті де алтын белгіге бітіргенмін. Ата-анам «енді біліміңді пайдалансай» дейді. Ал мен жолдасымнан асып кете алмай отырмын.
Азаннан кешке дейін телефонымды ақтарады. Біреу шатасып түсіп кетсе де, қайта қайта звандап, тергеп тексеріп айдаладағы біреумен боқтасып тынады. Жай әңгімеге шақырып та көрдім, азаннан кешке дейін үйден шықпай отырған маған «кім хабарласады?» деп сабырлыққа да шақырдым. Болмайды. Бұрынғы группаластарым, сыныптастарымнан ешкіммен арласпаймын. Өзімді күннен күнге қарайып бара жатқандай сезінемін. Телефонмен туысқандарыммен сөйлесіп жатсам, келіп артымнан тыңдап тұрады. Қазір менің де мінезім шығайын деген, айқайласып қала беремін. Кетіп қалайын десем «жақсы көрем еріксіз қызғанамын сосын» деп жылайды. Не істесем болады? Қатты шаршатып жіберді. Сол қызғанбасын деп барынша жинақы киінем, ешкіммен сөйлеспеймін. Дүкеннен келе жатқанда біреу жөн сұраса да үй жаққа алаңдап тұрамын. Көріп қоймады ма деп. Кеше қызғанғаны тіпті шектен шықты. Өзімнің туған қайным үйге келген, сөйтсе «сен соған күліп қарадың» дейді. Мен де шыдай алмай «адам емес екенсің» дедім. Енді осылай өзінің туған інісінен қызғануға бола ма? Ақыл беріңіздерші, мұндай адаммен бірге тұруға бола ма? Отбасымыздың болашағы бар ма?

Ажар, Қарағанды қаласы.
 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста