Интимдік жаттығулардың төсек қатынасына әсері бары рас па?

Интимдік жаттығулардың төсек қатынасына әсері бары рас па?

Қасымдағы құрбы қыздарым түрлі интимдік жаттығуларға барып жатады. Олардың айтуынша жасайтын жаттығуларының ерлі-зайыптылардың төсек қатынасына әсірі күшті көрінеді. Шыны керек, мен анау мынауға, желілік маркетингке, біреудің бір нәрсені жер көкке сыйғызбай мақтағанына, онлайн жұмыстармен байып кететіндердің сөзіне оңайлықпен сенбей, тіпті тыңдамаймынмын. Алайда құрбыларымның аузынан суы құрып айтатын әңгімесі үш бала туып, кішкене «шашылып» қалған мен үшін қызықтау көрінді.

Осы орайда сұрайын дегенім интимдік жаттығулардың төсек қатынасына әсері бар ма? Ұят та болса ашып сұрайын, құрбыларым сол жаттығуларға барғалы «жолдасым асты үстіме түседі, көп сый жасайды, бұрын ондай ләззат алып көрмегем, интимдік жаттығулардан соң алатын ләззатың да ерекше» дейді. Жолдасыма айтып көрсем, көзі жанып кетті. Оны көріп тіпті аңсарым ауа түсті. Құрбыламның айтып жүргені рас па, әлде өздерін өздері сендіру ме?
Лиза, Алматы қаласы
Сіздің сауалыңызға бүгінде әлеуметтік желі арқылы осындай интимдік жаттығулардың онлайн курсын өтізетін Марал ханым жауап береді:
Қазіргі кезде екі əйелдің бірінің интимдік бұлшықеті əлсіз, себебі көп бала босанып, балаларының арасы жақын болуы немесе ауыр көтеруі олардың денсаулығына айтарлықтай әсерін тигізген. Шыны керек бұрын қыз келіншектеріміз оған көп назар аудармайтын, табиғи нәрсе ғой деп тіпті бас ауырмайтын. Қазір түрлі интимдік жаттығуларды үйрететін сексолог мамандар пайда болғалы, бұл нәрсе ашық айтылатын болып жүр.
Нəзік жанды болғандықтан ауыр көтергеннен кейде жатыры немесе қынап төмен түсуі мүмкін. Біреулерге қынап аузын жамбас бұлшық етін қыс десең қай жерін қысуды білмейді. Өйткені қынаптың бұлшық еттерін сезінбейді. Сондықтан əйел адамға кеңес беретінім өздеріңізді зерттеңіздер. Сіздің бұлшықетіңіз қазіргі кезде қандай жағдайда екенін былай тексерсеңіздер болады:
1) Екі саусақтарыңызды жуып, сəл еңкейіңкіреп саусақтарыңызды вагиналарыңызға салып көріңіздер. Салғанда қынаппен қысыңыздар саусақты, қысқанда не сездіңіздер, қысылды ма? Ештеңе сезбесеңіздер сіздің бұлшықеттеріңіз əлсіз деген сөз.
2) Тағы бір жолы таңертең кіші дəретке отырғанда, зəріңізді 3-ке бөліп жіберіңіз, тоқтатып ұстап қалғанда, 1-2 тамшы кетіп қалса тоқтамай, онда сіздің интимдік бұлшықетіңіз əлсіз.
Енді бұлшықетіңізді тексеріп, əлсіз екеніне көзіңізді жеткізсеңіз, жаттығуға көшейік.
Күні бойы кез-келген уақытта, тамақ істеп жүріп, үй жинап жүріп: Жамбас бұлшықетін қысып, кіндігімізге қарай жоғары тартамыз. Лифтпен жоғары көтерілген сияқты, 1-ші қабат, 2-ші қабат, 3-ші қабат, 4, 5, 6, 7, 8-ші қабаттарға көтерілгендей көтерілеміз. Бастапқыда 3-ші қабатқа дейін көтерілгендей тартасыз, кейіннен жоғарылай бересіз. Тартқан соң қайтадан төменгі қабатқа түскендей асықпай төмен жібереміз, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1 қабатқа дейін. Осылай күніне 300 рет жасаймыз. Əрине Вагитон системасымен айналысқандай болмайсыз, бірақ ештеңе істемегеннен жақсы. Бір айда нәтижесін көресіз. Ұмытпай күнделікті жаттығыңыздар ерінбей. Айдаладан сенбей сенбестік танытпай, іс жүзінде көріңіз. Қарапайым нәрсе толғақ кезінде қатты ауырлықтан қынаптың бұлшық еттері кейде жансызданып қалады. Онымен тұрақты айналысып жұмыс жүргізбесеңіз сол күйі жансызданып «қартая» береді. Ал жұмыс жасасаңыз ол төсек қатынасы кезінде жолдасыңызға да жағымды әсер қалдырады. Ерлі зайыптылар осындай қарапайым нәрсе арқылы түндерін қызықты қыла білсе, олардың екеуі де сырттан ештеңе іздемес еді. Сондықтан жалқаулық танытпай, өзіңізбен жұмыс жасаңыз!
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста