Ерлі-зайыптылар төсек қатынасында ләззат алу үшін не істеу керек
Жыныс тәрбиесімен етене таныс, осы саланы біршама жылдан бері зерттеп келе жатқан мамандардың айтуынша, жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар бір-бірімен жақындасқанда ұялуы, қымсынуы өздері қалағандай ләззат әкелмейді…
Жас отау иесі өзінің жарының нені қалайтынын, нені ұнататынын және сүйгенінің денесіндегі ләззат беретін, құмарлығын оятатын жерлерін алдын-ала біліп алғаны жөн. Оны сұрап арқылы емес, оңаша қалған сәттерде аймала сүю арқылы, құлағының артынан сүйіп, мойнынан ақырын иіскей сүйіп, ернінен ақырын сүю керек. Денесін ауыртпай, ақырын сипалауы қажет. Ең сезімтал жерлерінен сипалау керек, екі анары, бөксе тұсын. Әйел адамның клиторы олардың ерекше жаратылған жыныстық сезімнің көзі. Нәзік жандылардың ләззәт сезімін тудыру үшін клитордың атқаратын физиологиялық рөлі ерекше. Өзі сүйіп қосылған жары жылы сөздерімен еркелете жоғарыда айтып өткен жерлерін сипаласа әйел заты қозып, ерекше бір рахат сезімге бөленеді. Төсек қатынасында өте сезімтал болу керек. Сипалап жатқанда ері әйелінің қай әрекетінен рахат сезінетін қылығы мен қимылы арқылы сезіп біле алады. Бір-бірінің нені қалайтындарын сезу екі жаққа да ортақ.
Сүйіп қосылған сүйікті жарының жыныс құмарлығын ояту, қоздыру, төсек қатынасына даярлау үшін бір -бірін сыйлап, жылы сөйлеп, сүйісеншіліктерін көрсету маңызды рөл атқарады. Еріне әйелінің наздана еркелей жасаған қылығы мен жұпар иісі жеткілікті қоздыру үшін, ал әйел затын қоздыру үшін жоғарыда айты өткендей еріне біраз еңбектену керек. Аймалап сипалау арқылы, жылы сөздерін айта отырып қана әйелін қоздыра алады. Өзінің ғана қамын ойламай, әйелінде төсек ләзатына бөлеймін деген отағасы міндетті түрде сүйгенің төсек қатынасына даярлауы қажет.
Жігіттер тәжірбиесіздіктерін бірден өзінің жыныс мүшесі тұрғандықтан бас салып әйеліге кіргізуге тырысуы арқылы көрсетіп қояды. Олар үшін ең маңызды нәрсе өздерінің жыныс мүшелерінің тұруы деп ойлайды. Бұл әрекет дұрыс емес, сіз әйелді оятып, оны құмарынан шығармасаңыз әйел сізбен екінші рет болғысы келмей қалады. Ол құмарынан шықпағаннан соң да басқа ер адам іздеп, сізді алмастыратын адам іздей бастайды. Осы жағдайды болдырмау үшін, оны оятып құмарын қандыра біліңіз. Әйел адам құлағымен сүйеді, сол үшін әр сәт сайын сүйетініңіз бен әдемілігін айтып отырыңыз. Денесін сипалап денесіндегі ерекше сезімді оята білсеңіз, ол сіздің бар қалауыңызды жасайды.
Әйел адамдырдың көбі де ер адам жыныс мүшесі тұрып, ары қарай бар әрекетті жігіт істеуі керек деп ойлап отырады. Бұл да әйелдер тарапынан дұрыс емес. Себебі бізде қыздардың көбі төсек қатынасындағы сауаттылық олардың «бұзылғандығын» көрсетеді деп ойлайды. Сондықтан білсе де үндемей жатуға тырысады, еркегіне не қызықты не өзінің қалауы болмағанынан еркектің де әйелдің де көңілі суии бастайды. Олар шеттен қызық іздеп, басқаларға көңілін аудара бастайды.
Сондықтан да екі жаққа да ашып сөйлесіп үйрену керек, себебі төсек қатынасы ол бір ғана адамның ісі емес. Ол екі адамға да тән қуат, құмарлық. Секс және оның позалары жайлы жұбайыңызбен бірге талқылап, арнайы фильмдер мен оқулықтарды бірге қарауға тырысыңыздар. Көрген, оқыған нәрселеріңізді өзара талқылаңыздар, жасап көріңіздер. Қай позада өздеріңізге не ұнағанын ашып айтуға тырысыңыздар. Сол арқылы тәжірибе жинауға болады, өздеріңізден кеткен қателерді түсініп «мына жерде мынаны дұрыс жасамадық» деп ашып айтуға тырысыңыз. Көп қоладанатын позаларыңыз қандай ойланып көріңізші? Миссионерлік пе? Басқа позаларды неге байқап көрмеске?