Ерлерге қандай әйелдер ұнайды?

Ерлерге қандай әйелдер ұнайды?

Әр ер адамның қалауы әртүрлі және ер адамдардың махаббаты әйелдердікіне қарағанда басқаша. Ерлердің махаббаты интимдік жақындық пен құрметке негізделеді. Көпшілік әйел ер адамның назарын аударту үшін сырт келбет шешуші рөл атқарады деп санайды. Шынымен де ерлер табиғатында әйелдің сырт келбетіне назар аудару бар. Бірақ ер адамды сұлу сырт келбетпен ұстап қалу мүмкін емес. Себебі ерлер мән беретін басқа да маңызды нәрселер бар және солар оның қамқор болуына ықпал етеді. Massaget.kz көпшілік ер адам бағалайтын әйел бойындағы негізгі қасиеттерді ұсынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Тәуелсіз тұлға. Әйел өз көзқарасы мен жоспарында теуәлсіздікті сақтаса, өздігінен шешім қабылдай алса, тұлға болып қалады. Өзін қалай бар солай көрсетуге қорықпайтын, өз жетістіктерімен мақтанатын әйелдер ерлерді магнит секілді тартады. Оның өз пікірі бар және оны еркін айта алады. Ол "басқалар мен жайлы не ойлайды" деп уайымдамайды. Ол ең алдымен өзін және өз сезімдерін құрметтейді. Мұндай әйел өз өмірін жақсы көреді.

 

Парасатты әйел. Парасатты әйелдер шынымен де ерлерге ұнайды. Ақылды әйел әрдайым даму үстінде болады, ол тоқтаусыз білім алады. Ер адам мұндай әйелмен үнемі қызық болатынын, қызығушылықтары әртүрлі болса да, әңгімелесуге ортақ тақырып табыланытына сенімді болады. Ер адам үшін қарым-қатынаста сүйіктісінің қолдауы, қиын кезде кеңес сұрай алу мүмкіндігінің болуы маңызды.

 

Өзіне күтім жасайтын әйел. Қалай десе де, сыртқы сұлулық үлкен рөл атқарады, себебі ол алғашқы болып көзге түседі және қызығушылық тудырады. Ер адамға әйелдің күтімді болуы маңызды. Ер адам ұсақ-түйектерге мән бермейді, ол әйелді толықтай қабылдайды. Мысалы: дене сымбаттылығы, киімі, шаші, иісі, мінез-құлқы.

 

Қуанышты әйел. Оптимизм адамдарды тартады. Мұндай әйел өз өміріне риза және өз-өзімен келісімде өмір сүреді. Сәйкесінше, бұл басқаларды тәнті етеді. Мұндай адаммен сөйлесу оңай. Ер адамдар әйелдің ішкі жағдайын бірден байқайды. Әр ұсақ-түйекке ашуланатын және шағымдана беретін әйел ер адамға ұнамайды. Әрине, арасында жылап, өз проблемаңды серігіңмен бөлісіп тұру керек. Бірақ егер әйел үнемі қанағатсыз болып жүрсе, ер адам "мен оны бақытты ете алмаймын, проблема менде" деп ойлауы мүмкін.

 

Әйел энергиясы. Сөзсіз, ер адамға әйелдің сырт келбеті және парасаттылығы ұнайды, бірақ оны тек әйелдің ішкі жағдайы ұстап қала алады. Ер адам әйелдің жанында санасыз түрде оның ішкі күйін сезеді. Олар әйелдік энергиясы бар, өзіне сенімді және өзіне тән харизмасы бар әйелге тартылады. Әйелдің энергиясы еркекті жаңа жетістіктерге жетелейді. Ер адам мұндай әйелмен байланысқан кезде өзін күшті, сенімді, қажет және ержүрек сезінеді. Егер сіздің әйелдігіңіз дамымаған болса, онда еркек жағымсыздық сезеді.

 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық психолог ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы отбасылық өмірге қалай әсер етуі мүмкін екенін айтып берген болатын.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста