Еркекті қалай еліктіруге болады? Сексологтан кеңес
Шыныменде, еркекті еліктірген жағымды әсер беретіні анық. Ол сізді қалағанын көріп, сіз үшін барлығын жасауға дайын екенін білу қандай керемет сезім. Ендеше,сіз қалаған уақытыңызда қалауыңызша ләззат алу үшін еліктіріп үйреніңіз.
Мирошниченко Лариса Владимировна, сексопотолог-псиxолог еліктірудің тәжірибеден өткен түрлі тәсілін ұсынады.
Сезім арқылы еліктіру
Оның көзіне жиі қараңыз.
Егер жолдасыңыз жыныстық қарым-қатынасты қаласа ол бірден аңғартады. Ал қыз баласы үшін оны айта салу оңай емес. Сондықтан, еріңіздің көзіне қарап,оны қалайтыныңызды ұғындырыңыз.
Оның өзін еркін сезінуіне көмектесіңіз!
Күйзеліс кезінде ол өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Оған сүйікті асын әзірлеп,массаж жасап беріңіз.
Ескі суреттеріңізді қараңыздар!
Бұрынғы жастықтың жалындаған шағындағы суреттер сол бір кездегі ыстық сезімдерді еске алдырады.
Маxаббат арқылы ынтықтырыңыз!
Қызыл киімдер киіңіз. Негізі зерттеулер бойынша, ер жігіттерді қызыл түсті киімдер еліктіреді.
Әтір қолданбаңыз!
Әркімнің өз исі болады, әркімдікі өзінше ерекше.Әтірге қарағанда еркектерге әйелдердің табиғи иістері барынша ұнайды.
Жақындай түсіңіз!
Ер мен әйел жақындасқанда окситоцин гормоны бөлінеді, яғни бұл "маxаббат гормоны".Құшақтап,сүйіп еліктіріңіз!
Оны қызықтыра біліңіз.
Жыныстық қатынаста ұяңдық пен ұялудың қажеті жоқ. Сондықтан, өз ойыңызды ашық айтудан қорықпаңыз. Сіздің қалағаныңыз, құштарлығыңыз ол үшін өте маңызды.