Енемді түбінде жеңемін

Мен ене мен келін арасындағы жағдайларды көп оқимын осы группадан.Оқып отырып өз өміріме шүкір деймін,кейде ұқсас жақтары да кездесіп жатады.Менде енеммен тұрамын.Қайным бар уйленбеген.Бірақ оған сөзім жоқ,маған бір ауыз сөз айтып көрмеген жеті жылда. Сыйлап,балаларыма қарап журеді. Куйеуім бір төбе алтын адам.Енді ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды демекші, мен де енем жайлы айтқым келіп отыр,жамандағаным емес.Басынан айтайын түсінікті болу үшін тыңдаңыздар.


Келін болып түскенімде асып-сасып жаман қысылдым,ешкім маған көмек беріп,ақыл айтпады.әйтеуір жүгіріп жүре бергенмін ғой сасқалақтап.Енем қарап отырғанда тесіп жібере жаздайтын,ештеңе істей алмай қалатынмын.Әрине, мені басында қатал ұстағысы келген шығар.Менің баламның артынан талай қыздар жүгірген,ешқайсысын менсінбеді, Анау қызын балаңа берем деді деп, мен баламды былай тәрбиеледім, мен өйттім, мен бүйттім, мен күйеуге шыққан кезімде еш боянбағанмын,өзім сұлу едім деп әдейі маған тиісіп айта беретін шәй ішіп отырып.Тамақ істейтін кезде етті сұрап алатынмын,әйтпесе ұрсады,бір мәрте сұрамай ет турап жатқанда ұрсып, куйеуіме айтып,куйеуім мені ұрған еді, тепкілеп емес.қолымда балам бар, ол шыңгырып жылап жатыр.Бірақ сол соңғы ұрғаны болды,одан кейін олай ұрған емес, ұруға да өзім апармадым.Бір ұрғызып үйретпе дейтін ,ұра беріп қол соған әдет болып қалады, Оған апарма,ақылды бол деп айтатын күйеуім.

Бауырсақ пісірейін деп қамыр ашытсам енем менің балдарым бауырсақ ұнатпайды өзің же,пісте майды құртып деп,тамақ істесең еттің күші ғой тәтті қылып тұрған, күріші әдемі ғой сосын тәтті болды, қамыр әдемі екен, ұн жақсы ғой деп әйтеуір сондай бірдеңелерді айтып, әйтеуір мені мойындамайды.

Мен де қатты көтеріліп кететінмін, егер мен жақтан әділетсіз жағдай орын алып жатса,олда екі бала туған соң басталды ғой,тілімде шықты, шықпасына қоймайды ғой.Бекерден бекер емес әрине. Айқайлап, ақталып жылайтынмын, куйеуіммен ұрсысып,енеме ақталып,жылап. Бәрібір тубінде сен жеңілесің,ақымақ сен болып қалады екенсің ғой әрі бетің ашылып кетеді.Сосын мен де енемнің саясатымен журейін дедім.Себебі енем тікелей өзіме ештеңе айтпайтын,айлығын алып отырады куйеуімнің, балаларымның жөргек пулын куйеуіме айтып алғызып отыратын, ал мен ақымақ енеме барып айтам бірдеңе болса,ондай емес былай ғой деп, күйіп-пісіп. Кім жаман? Мен жаман.

Енді енемнен көп тәрбие алғалы мен де сабырлы болып, кімге қалай сөйлеу керек, астарлап не жеткізу керек уйреніп жатырмын,негізінде бұл жақсы қасиет екен.Ашуланып тұрсаң да куліп астарлап жеткізіп айтасың айтатын сөзіңді.Содан кейін келіспеушілік те жоғалды,бәрі сыпайы турде.Енем баяғы әдеттерін қойған,мені танып білген соң,енді сол отбасыныің адамындай болып кеттім ғой, Қазір етті де маған тапсырып қойған,не істегім келсе істей беремін,май кетті, ұн кетті демейді.Енемнен көп тәрбие алғаным болашағым ушін керек деп ойлаймын.Ашуланып тұрса да адамды жәй сөзбен жеңіп әрі сол адамның көңілін де тауып кетеді. Мені түсінген шығарсыздар.

Өзімнің 6-7 жылдай отбасылық өмірден түсінгенім, келіндер төзімді болса, түбінде енені де, күйеуді де жеңеді. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста