Енем сығандарға құдайдай сеніп жүр
Сәлеметсіздер ме?! Өтініш көмектеріңізге, ақылдарыңызға мұқтажбын. Енем мен атам намаз оқитын адамдар...бірақ екі апта бұрын сол кісілердің үйіне келе жатқанымызда, алдымыздан екі сыған әйелдер шықты. Енемнің үйінен шықты деген болжам жасадым, дәл солай болды. Енем дуа дегенге сенеді қатты. Ол сыған кісілер моншаның алдын көрсетіп, дуа жасалған, жерге көмген деп жерді қаздырыпты. Қуыршақ, түйінделген жіп, дат басқан шеге, кұлпы шығыпты. Атам мен қайным қазып, өздері алған соң қатты сеніп отыр
Киімдерді үйдегі, ақша берген 51000, қайным телефонын берген. Қайным жасы 40-қа жақын, үйленбеген дуаланған соң үйлене алмай жүрсің, жұмысқа кіре алмай жүрсің, жолың болмайды деп өмірі туралы айтқан соң қатты сеніп отыр. Сығандардың көріпкел қасиеті бар ма, әлде бұл гипноз ба, жоқ өздері алдын ала жасағандары ма
Мен сенбей тұрмын. Өздеріңнің жақын әйел адамдарың жасаған деп айтқан
Енді атам мен енем туыстардан көріп отыр. Өтінемін, бастарыңыздан өткен осындай жағдай болса көмектесіңіздер.