Екінші әйелім біріншімінің тырнағына да татымады

Екінші әйелім біріншімінің тырнағына да татымады

Бүгінде екі жігіттің басы қосыла қалса, қыздар туралы, екінші әйел алу жайлы әңгіме қозғап жататыны өтірік емес. Бірақ мен өз басым бір ғана жарыңмен өмір бойы қол ұстасып өткенді дұрыс деп есептеймін. Мен бүгінгі өзімнің басымдағы жағдайды әңгімелегім келіп отыр, мүмкін біреуге болмаса біреуге ой салар.
Мен жетіскенімнен екінші әйел алған жоқпын, тіпті екінші рет үйлену ойыма да келмеген. Өйткені мен адал ақ некелі әйелімді қатты жақсы көрдім, екеуміз бір-бірімізді сүйдік. Біз студент кезімізде таныстық, мен оған бір көргеннен ғашық болдым. өйткені ол өзге қыздарға ұқсамайтын. Мінезі тұйық, бірақ өте мейірімді, сөйлегенде кез келген жанды өзіне баурап алады. Ол екінші курс оқып жүргенде мен оны алып қашпақ болдым, бірақ ол маған ата-анасының алдынан өтіп, үлкендердің батасын алып үйленейік деді. Сондықтан екінші курсты бітірген жылдың жазында ата дәстүр бойынша құда түсіп, той жасап, отбасын құрдық.
Отбасын құрған кезде екеуміз де жиырмаға енді толған едік, әйелім менің жастық жалынымның басылмай қыдырып, үйге тоқтамайтын кездерімде де маған ренжіп, мінез көрсеткен емес. Оның үстіне анам келінін өте жақсы көрді, оған білгенін үйретті. Жастай отбасын құрсақ та, біздің түртіспеуімізге ата-анамның да көмегі көп болды. Қол ұстасып жүріп екеуміз де оқу бітірдік. Үйлене салып баламыздың болмағанына да аса қынжылғанымыз жоқ, өйткені бар ойымыз оқуды бітіріп алу болды. Кейін қолымызға дипломымызды алып, мен жұмысқа орналастым, әйелім де мектепке мұғалім болып кірді. Енді екеуміз сәбиіміз қашан болар екен деп қатты күттік. Баламыздың болмай жүргеніне анам да алаңдай бастады. Бірақ үнемі, әлі-ақ болады деп бізді жұбатып отыратын. Уақыт деген зымырайды екен, арада 8 жылдың өте шыққанын байқамай қалыппыз. Кейіннен әйелімнің төркін жағы «егер екеуіңде бала болмайтын болса, ертерек ажырасыңдар, несіне жас өмірлеріңізді қор қыласыңдар» деген әңгіме айта бастады.
Кейінгі кезде әйелім жиі жылайтынды шығарды, өйткені қанша дәрігерлерге қаралсақ та, денсаулықтарыңда кінәрат жоқ, екеуіңде де бәрі жақсы деп қоя береді. Емшілерге де бардық, нәтиже болмады. Әйелімнің анасы қызына ажырасыңдар деумен болды. Мен ол кісінің осы сөзіне ашуланып қалатынмын, осындай кездерде әйелім мені сабырға шақырып, менен ешқайда кетпейтінін айтатын.

Сөйтіп жүргенде бірде мен ағайындардың тойына баратын болдым. Тойда біраз қызып та алдым. Сол күні өзім әйелімді де ертпей кетіп қалған едім. Өйткні тойға барсақ та, жұрттың сұрайтыны, баламыздың неге болмай жүргені, сұрамаса да бәрі басқаша көзбен қарайтындай. Әйелім сондай сөздерден қысылып, кейінгі кезде ешқайда шықпайтын да болған.
Той қызып жатқанда мен кездейсоқ бір қызбен таныстым, әлгі қызбен қайта-қайта биледік, дастарханда бірге отырдық. Өзі сондай сөзге бәле, тықылдаған пысық қыз екен. өзі бізге құдаша болып келеді екен. Әңгімеміз жарасып, бір-біріміздің нөмірімізді алмастық. Той біткен соң мен ол қызбен бірнеше рет кездестім, жай ғана кездесіп қоймай, жақындасып та үлгердік. Үйге барғанда әйелімнің бетіне қарай алмайтынмын. Ол да бірдеңені сезді ме, мені тіпті мазаламайтын, өз бетімен жүре берді.
Бірде әйелім маған: «Жаным, маған енді сенің жаныңда орын жоқ, осы уақытқа дейін арамызда жылу болғандықтан ешқайда кетпеймін деп жүруші едім. Енді байқаймын, арамыз суып барады. Мен қадірімнің барында өзім кетейін» деді. Осы кезде мен оған не дерімді де білмедім. Оны ешқайда жібермейін десем, расында да маған сол кезде бір-бірімізді қинап жүргендей болдық. Оның үстіне өзге біреумен кездесіп жүргендіктен оны тоқтатудың жөні де жоқ секілді болды. Сонымен біз ажырастық, көп ұзамай кездесіп жүрген қызымның аяғы ауыр екенін білдім. Ата-анам келіндерінің кетіп қалғанына қанша қынжылса да, көптен күткен немерелерінің болатынына қуанып, екінші рет үйленуіме рұқсат берді. Екінші келіншегім оңтүстік жақтың қызы енді, құдаларының айтуымен, барлық жөн-жоралығын жасап, қалың малын апарып, бірінші рет үйленіп жатқандай шашылып той жасадық. Көп ұзамай қызды болдым. Қуанышымда шек жоқ. Бірақ қуанышым ұзаққа созылмады, әйелім мінез көрсете бастады. Баланы менен де, анамнан да қызғанады, ұстатпайды, киіндіріп алып туыстарының үйіне, құрбыларына кетіп қалып, қас қарайғанда келеді, кейде тіпті түнеп қалады. Жас босанған соң оған қатты сөйлемеуге, бәрін түсіндіруге тырыстым. Барынша құрметтедім, бірақ оны бірінші әйелімдей жақсы көре алмадым. Ол да мені сүйеді деп айта алмаймын. Өйткені бір-бірімізге деген жылудың жоқтығын екеуміз де сеземіз. Асығыстық жасағанымды кеш түсіндім.
Анам үнемі маған келіншегіңді сыйла, балалы болған соң отбасын сақтауға тырысу керек деп айтып отыратын. Бірақ келіншегімнің анамды сыйламайтынына қынжылдым. Өйткені ол ата-енесімен тұрғысы келмейтінін айтып, бөлек шыққысы келетінін айта береді.
Қызым бір жасқа таяғанда бірінші әйелімнің тұрмысқа шыққанын естідім, қатты қиналдым, іштей мүжілдім, өйткені мен оны әлі де сүйеді екем, қимайды екем. Енді бірақ амал қанша? Неде болса алғашқы некемді сақтамағаныма өкіндім. Қызым екіге толар толмас келіншегім екінші қызымызды дүниеге әкелді. Енді қазір екі қыздың әкесімін, бірақ әттең, әйелім екеуміздің арамыз жақындасудың орнына күннен күнге бір-бірімізден суып барамыз. Бас кезінде үндемеуші едік бір-бірімізге, қазір дауыс көтеретін болдық, бетіміз ашыла бастады. Оған не істесем де жақпаймын, үнемі ақша жетпейді. Қанша тауып әкеп беріп жатсам да, бір қабағы ашылмайды. Емін-еркін өмір сүргім келеді дейді. Мен сонда үйдің кенжесі бола тұра ата-анамды тастап қалай бөлек шығамын? Мені еш түсінгісі келмейді.
Жақында бірінші әйелімнің ұлды болғанын естідім. Оған бақыт тілеуден басқа амалым бар ма? Оның да күйеуі қызғанып, әлек салатын көрінеді. Бірақ ол менен әлдеқайда бақыттырақ, өйткені менің бірінші келіншегім өте ақылды, сабырлы, сондықтан ол баласының әкесін әлі-ақ сабасына түсіретініне сенімдімін. Кейде бәрін тастап, ештеңеге қарамастан бірінші әйелімді үйге алып келгім келеді. Бірақ ешқашан олай болмайды ғой. әбден басым қатты. Ары қарай қалай өмір сүремін?
Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста