Екі жігіттің қайсысын таңдарымды білмеймін
Менің есімім Ақнұр, жасым 23те, Ақтөбе қаласындағы мед.академияда 6-курс оқимын. Айтайын дегенім жігіт мəселесі. Мен екі таңдаудың арасында қалып тұрмын. Ата-анам, ағам-жеңгем, олардың балалары, інім мен сіңілім қала шетіндегі жер үйде тұрады, ал мен бөлек қала ортасынан пəтерге шыққан едім. Бірінші жігітім менің бастығым. Яғни бұрын 3-курста оқығанымда даяшы болып бір мейрамханаға орналасқан едім, содан оның бастығы (менің жігітім) мені ұнатып қызметімді көтерді. Кейін мен де оны қатты жақсы көріп қалдым. Біз бір-бірімізді сүйеміз, маған үйленуге сөз салды, оқуыңды бітірген соң бірден аламын деп отыр. Бірақ ол байдың ерке баласы болғандықтан анам бұл таңдауыма қарсы. Анам мен жеңгем "Мұндай балдар тек қызық үшін, ойын үшін жүріп, ертең алдап тастап кетеді",-деп қоймайды. Бірақ ол менмен 3 жыл бойы ойнамаған шығар.
Алдында ол жұмыстан кейін маған келіп, ұйықтап алайыншы деген, сосын оны өз бөлмеме жатқызып едім, ол ұйықтап жатқанда анам келіп қалып, оны көріп, шу шығарып, үйден шығарып жіберді. Оның үстіне мені өзінің жан құрбысының баласына алып бергісі келіп отыр. Ол баламен кішкентай кезімнен бері доспын, мені сырттай үнатады екен, мен оған бəрін айтып, бастартшы дедім. Ол "Анам мені тыңдамайды, өз таңдауынды жаса, мен саған кедергі болмайын",- дейді, əкем де "Кімді таңдасаң да сені қолдайтын боламын",-деп отыр. Алайда оны тыңдайтын анам жоқ, келесі аптада сырға салу деп белгілеп қойыпты.
Менің жігітім келіп, анам мен əкемнен қолымды сұрап, анамнан кешірім сұрады. Əкем батасын берді, анам мүлдем аузын ашпады. Енді маған жігітім алып қашып кетейін дейді, бірақ əкем қашып кетсен ешқашан бұл ісіңді кешіре алмаймын деп отыр. Енді нестерімді білмей қиналып отырмын. Күнде жылап шаршадым, не істейін? Маған сіздердің ақыл-кеңестеріңіз керек, өтінем маған бір жол көрсетіңіздерші. Анам үшін екінші жігітті таңдар едім себебі ол да өте жақсы жігіт, бірақ олмен мен ешқашан бақытты болмаймын, ал оны анам түсінер емес, мен өз өмірімді осылай құртқым келмейді. Оның үстіне жігітім маған "Егер мені таңдамасаң сенің таңдауыңды анаңа деген құрмет деп санаймын, бірақ сенің басқа бір үйге ұзатылып жатқанына қарап отыра алмаймын, ішімдікке салынып кетем, нашақор болам, бірақ сені жұмыстан шығармаймын, күнде қарап отыратын болам",-деп қуатын болып кетті. Бəрі жан жақтан маған ауыр жүк болғандай. Кейде тіпті асылып та қалғым келеді, бірақ мұның бəрі өткінші екенін де білемін. Осы мəселе бойынша көмектессеңіздер деймін.