Əкемді қатты жақсы көруші едім...

Əкемді қатты жақсы көруші едім...

Сəлеметсіздірме. Мен сіздерден ақыл кеңес сұрайын деп едім. Шын ниетпен ақыл кеңес беріп жатсаңыздар, көп рахмет!

Анам мұғалім болып жұмыс жасайды. Сол жұмысымен оқу жылының алдында арнайы оқуға кетіп еді. Үйде ағам, інім, əкем және мен тұрып қалдық. Менің бөлмем анам мен папамның бөлмесінің жанында орналасқан.

Өткенде түнде ұйықтап жатып бірден оянып кеттім. Тұрсам папам біреумен сөйлесіп жатыр, үндемей естіп жаттым. Дауысын шығарып қойып сөйлесіп жатыр телефонмен. Ар жағында бір əйел сөйлеп жатыр бірдеңелерді айтып, папа да сөйлеп қояды жай даусын шығармай. Алғашында мамаммен сөйлесіп жатыр деп ойласам, мамамның даусы мүлдем ондай емес. Түнімен 4-5 ке дейін сөйлесті.

Ертеңіне ештеңе болмағандай бетімізге қарааап күліп жүр. Қатты жек көріп кеттім ше өзін. Ұялмай бізбен шай ішіп отыр. Жүрегім өртеніп жатыр не дерімді білмеймін. Кейде папаға қарап: «папа ұялмадыңыз ба əйеліңіз балаларыңыз тұрғанда. Немерелі болдыңыз ғой ұялсаңызшы ең болмаса келініңізден» деп айтып тастағым келеді.

Жасым 17 де биыл студентпін ертең кетем оқуға. Əкемді қатты жақсы көруші едім. Ол үшін дәмді тағамдар дайындап, аға інілерімнен қызғанып папаға беруші едім.

Папа бірақ айлығын мамаға əкеліп береді. Жұмысы 15 күн үйде, 15 күн қаладан басқа жерде жұмыста істейді. Ойлаймын сол жақта жүріп бір əйелді тауып алды ма деп. Күнде біреу звандаса сыртқа шығып тығылып сөйлеседі. Байқамай шығып қалсам, бірден басқа жаққа барып сөйлеседі. Маманы қатты аяп кеттім.

Не істеймін əпкелер мамаға айтайын ба? Оқуға да желанием болмай қалды. Жас жігіт болса екен түсінетін. Білем барлық еркекте болады ондай індет. Бірақ папам 50-де ғой жас дейтіндей де емес. Оның үстіне немересі де бар. Пападан көңілім қалып кетті. Тіпті қасында отырғым келмей қалды. Не дегенмен əкемғой. Қандай ақыл айтасыздар əпкелер.

Айнара, Талдықорған қаласы.
 
alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста