Дуадан зорға құтылдық

ideas.harry2g.com

Менің жасым қазір 35-те. Өзімнің неге тұрмысқа шықпай, отырып қалған қыз атанғанымды кеш білдім. Бәрі де анамның абысынының көре алмауынан болған екен. Ол кісі – атамыздың екінші әйелі.
Біз отбасында жеті ағайындымыз. Анамның көп бала тауып, оларды өсіріп, жетілдіргенін көре алмаған. Анам жас күнінде бұған мән бермеген көрінеді. Бірақ біздің есейген шағымызда апамның жасаған бұл дуасы ағаларым мен әпкелеріме де кесірін тигізіп отыр. Үлкен ағам отбасын құруын құрғанымен екі ай өтпей-ақ ажырасып тынды. Ал екінші ағам әлі бойдақ. Әпкем болса, үш баласымен ажырасып, үйде отыр. Басқаларының да жағдайы мәз емес. Айта берсең әрқайсымыздың өз хикаямыз бір дастан болары сөзсіз. Мен тек өзіме қатыстысын айтқым келеді. Себебі қазіргі уақытта тұрмысқа шықпай оң босағада отырып қалған мен секілді қыздар көп. Соларға сабақ болсын әрі мұндай жағдайдан құтылудың да жолын айта кетпекпін.
Үлкен апамыздың бізге бұрын да талай дуа жасағанын білетін анам бірде үйге келіп: қызым, осы сен жақсы молдаға оқытылып көрші. Айсапардың жасаған дуасы саған да тиген болар. Содан да күйеуге шықпай қалған шығарсың», – деді. Не дерімді білмей, аузыма сөз түспей қалды. Анамның осы уақытқа дейін үнсіз келіп, енді осылай деуі мені таңқалдырды.
Содан күндер өте келе мен үлкен әпкеммен ақылдаса отырып, Алматы қаласындағы бір тәуіппен сөйлестім. Ол кісі маған: «Сендердің үйлеріңе тү-гелдей дуа жасалған. Сенің де тұрмысқа шықпай отырғаның содан. Басқаларға да айтарым сол. Сонымен бірге сендерді бауырларыңмен ит-мысықша ырылдасып, бір-бірімен тіл табыса алмай өтсін деп те сиқырлапты. Енді сен маған сол үйіңде асырап отырған мысықтың, иттің, есектің жүндерінен қырқып әкеліп бер», – деді.
Бұған сенер-сенбесімді білмей, мен үйге қайттым. Сосын ешкімге білдірмей, тәуіптің әлгі айтқандарын орындадым. Тіпті анама да ештеңе айтпадым. Тек дуаның күші қайтқанда ғана бәріне айтамын деп ойладым.
Әлгі айтылған хайуандардың жүндерін апарып бергенімде тәуіп: «Менің бұл дуаны қайтаруыма көп уақыт кетеді. Алматыда отырып, оқи беремін. Дуаны жоямын. Әлі тұрмысқа шығып, бақытты болып кетесің», – деген еді. Ал екі айдан кейін-ақ, тәуіптің оқығаны әсер етті ме, әйтеуір үйде бір күн бұрын ғана сап-сау жүрген итіміз аяқ астынан өліп қалды. Ауырмай-сырқамай бұған не болды деп үйдегілер шулап жүр. Бірақ мен сонда да ешкімге тіс жармадым. Тағы бірде мысығымыздың осылай өліп қалғанын естідім. Ішімнен қуанып жүрмін. Жасалған дуаны сол арқылы қайтарып жатыр ғой деп қоямын іштей. Ал енді есек қашан өледі екен деп күтіп жүргенімде ол арманым да орындалды. Осылайша біздің үй үлкен апамыздың жасаған дуасынан арылдым, қазіргі уақытта бәрі де бақытты.
Тек дуакеш адамдардың бұл дүниеде әлі де тірі жүргеніне зығырданым қайнайды. Қаншама отбасының шырқын бұзып, жастардың үйлі-баранды болуына кедергі келтіріп отыр.
Біз өзімізге жасалған дуаны қайтартқанымызға қуанамыз. Енді тұрмысқа шықсам болғаны.
Ә. Болатова.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста