Дерттің күйеуімнен жұққанын білгенде қатты қиналдым: ВИЧ жұқтырған жүкті әйелдің тағдыры

Дерттің күйеуімнен жұққанын білгенде қатты қиналдым: ВИЧ жұқтырған жүкті әйелдің тағдыры

Оңтүстік Қазақстан облысында жылына ВИЧ инфекциясын жұқтырған ондаған әйел балалы болады. Дәрігерлер үш жылдан бері дертті аналар туған нәрестелердің ішінде «инфекция жұқтырғаны жоқ» екенін айтады.
43 жастағы шымкенттік Айдана Ермекбаева (аты-жөні өзгертілді – ред.) аяғы ауыр кезінде ВИЧ инфекциясын жұқтырғанын білген. 2004 жылы тұрмыс құрған келіншектің сөізнше, бір жылдан соң жүктілігіне 12 апта толғанда қан тапсырып, дені сау екенін білген. Екінші рет 28 апталығында тексеруден өткенде инфекция анықталып, қатты күйзеліске ұшыраған, деп хабарлайды Азаттық.

Алғаш ВИЧ жұқтырғаныңды естіген сәт – ең қиын кезең. Ешкімге айта алмайсың. Іштей тынасың. Қайдан шықты, кім жұқтырды? Күйеуімнен жұққаны анықталғанда тіптен қиналдым.

“Алғаш ВИЧ жұқтырғаныңды естіген сәт – ең қиын кезең. Ешкімге айта алмайсың. Іштей тынасың. Қайдан шықты, кім жұқтырды? Күйеуімнен жұққаны анықталғанда тіптен қиналдым. Күнде ұрыс-керіс, жатып алып жылаймын. Қабылдау қиын, әрине”, – дейді ол.

Айдана Ермекбаева СПИД орталығына тіркелген соң дәрілерлер баланы инфекциядан сақтау үшін арнайы дәрі ішуді ұсынғанын айтады. Оның сөзінше, дәрігерлер терапияны бастамаса, балаға қауіп бар екенін ескерткен. Жүктілігіне 30 апта толғанда дәрі іше бастаған. Алғашқы екі апта қиналып, басым айналып, әлсірегенін айтады.

“Ең бастысы баламды ойладым. Күндіз-түні сау бала туылса екен деп тіледім. Босану жоспарлы түрде өтті. Дәрігерлер кесарь отасын жасауды ұсынды. Егер бала табиғи жолмен туса, су жұтып қойған жағдайда инфекция жұғып кетуі мүмкін екен. 38 апталығында баланы ота жасап алды. Туғаннан балаға арнайы шырын берді. Емізуге тыйым салды. ВИЧ жұқтырудың үшінші жолы – емізу ғой. Тәуекелге бармадым”, – дейді жас ана.

 

Айдана жас балаға ВИЧ инфекциясы жұққан-жұқпағанын білу үшін үш рет: бір жарым айда, үш жарым айда және бір жарым жаста анализ алынатынын айтады.

“Әр анализ алғанда жанымызды шүберекке түйіп отырдық. Тамақ батпайды. Үш анализі де таза шыққан кезде қуандық. Тіркеуден шығарғанда той істеп жібердік, – дейді ол көзіне жас алып.

Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығының бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Машировтың Азаттыққа айтуынша, 2015 жылы облыста ВИЧ инфекциясын жұқтырған 68 әйелдің 26-сы бұрын жұқтырып, кейін жүкті болса, қалғанының дерті жүктілік кезінде анықталған. 2016 жылы 63 әйелдің 31-інде жүктіліктен бұрын инфекция анықталған. Биылғы 10 айда мұндай инфекциялы 45 әйел жүкті болса, 18-і бұрыннан есепке тұрғандар.

“Облыста 2015 жылдан бері ВИЧ анасынан баласына жұққан жоқ. Жүктілік кезінде анықталып, арнайы ем қабылдап, туғаннан соң емізбей өсірген балалардан анықталмады. Бұл балаларды біз бір жарым жасқа дейін бақылаймыз. Бүгінгі күнге дейінгі тексерулерде анықталмады”, – дейді бас дәрігердің орынбасары.

Облыста жыл сайын жүкті болатын әйелдердің саны 75 мыңға жуықтайды. Олар міндетті түрде тексеруден өтеді. Кейбір әйелдер жүктілік кезінде ауырмай, баласын босанып, емізіп жүрген уақытта күйеуінен ВИЧ инфекциясын жұқтырып алып, емшек сүті арқылы баласын дертті етіп алады. Мұндай жергілікті дәрігерлер «семейный очаг» деп атайтын жағдай жылына екі-үш мәрте қайталанып тұрады.

Орталықтың инфекционист-дәрігері Эльвира Иманғалиеваның сөзінше, ВИЧ жұқтырған әйелдің баласына инфекция жұққан-жұқпағанын тек қан анализі көрсетеді. Әйелдердің көпшілігі дерті жария болып кетеді деп дәрігерге көрінуден қорқады. Сол себепті ВИЧ жұқтырып, бала туып жатқан әйелдер саны көбейген. Олардың ішінде жасанды түсік жасататындар да бар.

“Егер ВИЧ жұқтырған жүкті әйелдер көп болса, инфекция бақылаудан шықты деген сөз. Әсіресе, жастар арасында жиі кездеседі. Олардың ВИЧ жұқтырғанын емханада бір-ақ білеміз”, – дейді дәрігер.

Эльвира Иманғалиева ВИЧ жұқтырған әйелдер тиісті дәрі-дәрмектерді тәртіппен ішетін болса, балаларының 98 пайызы инфекцияға бой алдырмайтынын айтады.

“Бала туғаннан бастап екі сағаттың ішінде арнайы шырын беріп үлгерсек, балаға инфекция түскен күннің өзінде баланы сақтап қала аламыз. [ВИЧ жұқтырған] әйелдің бала емізуіне болмайды. ВИЧ емделмейді. Сондықтан барынша балаға жұқтырмаудың амалын жасаған маңызды”, – дейді ол.

СПИД орталығының психологы Рая Мамедова жүктілік кезінде ВИЧ жұқтырғанын естіген әйелдер түрлі күйге ұшырайтынын айтады.

ВИЧ – адам иммунитеті тапшылығы вирусы. Жыныстық жолмен, қан арқылы және анадан балаға жұғады. Кейінгі екі жылда Қазақстан ВИЧ бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде алғашқы орындағы елдер қатарына кірген.

Қазақстанда ВИЧ 1987 жылы тіркелген. 2015 жылғы мәліметтер бойынша, бұл елде ВИЧ жұқтырған 26 690 адам бар. Ал анадан балаға ВИЧ жұқтыру көрсеткіші 2007 жылғы 8,4 пайыздан 2015 жылы 1,9 пайызға төмендеген. ВИЧ жұқтырған адамның өмірін дәрігерлер ондаған жылдарға ұзарта алады. Ол асқынғанда СПИД-ке айналады.

“Осыдан 10 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, адамдардың еті үйрене бастаған. Көпшілік статусын естігенде байсалды қабылдайды.Көзқарас өзгерді. Бірақ қорқыныш бар. «ВИЧ жұқтырған әйелге бала табуға болмайды» деген сөзді айтуға ешкімнің құқығы жоқ. Тәуекелге бармай дәрігердің кеңесін тыңдау керек. Соңғы уақытта ВИЧ-пен жүріп, екінші, үшінші баласын босануға ниет еткендер көбейді”, – дейді ол.

Ал Айдана Ермекбаева күйеуімен бірге арнайы терапия жасатып жүр. Мезгілімен тамақтануға, иммунитетін әлсіретпеуге тырысады. Көңіл-күйлерін барынша көтеріңкі ұстағылары келеді. Қазір мектеп жасына ілінген қыздары кішкентай кезінде ауырып қалса, зәрелері ұшып қорыққандарын айтады. Қан нәтижесі дұрыс болып шыққан кезде ғана үрейлері басылған. Ол күйеуінен ВИЧ инфекциясын қайдан жұқтырғанын сұрамаған.

«Қателескен шығар» деген ой әлі күнге келеді. Отбасы болған соң, қиындықтың бәрі өткінші екен. Төркініме қайтып барсам, оған қоса ВИЧ жұқтырғанымды әке-шешем білсе, қарабет боламын деп отбасымды сақтап қалуға тырыстым. Бастысы – баламның толық отбасында өсуін қаладым. Басыңа салса, бәріне көнеді, көндігеді екенсің. Күйеуім екеуміз сөйлестік, тынышталдық. Қызым қазір 12 жаста. Есті, ерте есейді. Мектепті бітіріп, оң-солын таныған соң бар шындықты айтамыз деп отырмыз, – дейді Айдана. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста